Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 33714 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 85 Қаулыға қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидаларын және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидаларында және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ең төмен баға – бұдан төмен болғанда лот сатылмайтын баға;

      2) бастапқы баға әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, бағалаушы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес айқындаған лоттың (мүліктің) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

      3) болжанбаған шығыстар – тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығындар;

      4) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары қатарынан құрылатын орган;

      5) кредиторлар санаты - талаптары біртектес сипатта болатын және Сақтандыру қызметі туралы заңның 72-бабында көзделген белгілі бір кезек шегінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

      6) кредиторлар талаптарының тізілімі - Сақтандыру қызметі туралы заңның 70-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, кредиторлардың тарату комиссиялары растаған талаптарын, сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі - Қор) таратылатын жағдайда жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Сақтандыру қызметі туралы заңның 54-1-бабында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген тәртіп пен жағдайларда басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның талаптары көрсетілетін құжат;

      7) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар және қатаң есепті бланктер, қымбат металлдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан, қымбат металлдардан жасалған монеталар және бағалы заттар;

      8) лот - аукционға шығарылатын, сату үшін бөлінбейтін бірліктерге бөлінген мүлік;

      9) мерзімді баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерден туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      11) өткізу бағасы – лоттың сауда-саттық нәтижесінде белгіленген соңғы бағасы, ал мүлік сауда-саттықты өткізусіз өткізілген жағдайда – мүліктің кредиторлар комитеті не Қағидаларға сәйкес тарату комиссиясының төрағасы белгілеген соңғы бағасы;

      12) өткізу объектісі – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бірлік ретінде шығарылатын мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырландырылған өзге мүлкі;

      13) сатушы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;

      14) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;

      15) сауда-саттық жеңімпазы – сауда-саттықта лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;

      16) сауда-саттыққа қатысушы – сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтініш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      17) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасаған және сауда-саттықтың нәтижелеріне мүдделі емес жеке не заңды тұлға;

      18) сауда-саттықтың ағылшын әдісі – лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшін барынша жоғары баға ұсынған қатысушылардың бірі қалған сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдісі;

      19) сауда-саттықтың голланд әдісі – лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша қатысушылардың бірі лотты жарияланған бағамен сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендетіле беретін сауда-саттық әдісі;

      20) тарату комиссиясы - сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсімдерін жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын орган;

      21) тарату комиссиясының шығыстары – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу процесіндегі тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрі – тарату шығыстары);

      22) тарату, конкурстық масса – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері;

      23) тарату массасын мақсатсыз жұмсау – уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

      24) тарату шығыстарының бекітілген сметасы – тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиісті уақыт кезеңіне арналған смета;

      25) тарату шығыстарының сметасы – тарату комиссиясының белгілі бір уақыт кезеңіне болжанған шығындарын көрсететін, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған кезде – уәкілетті органмен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бекітетін құжат;

      26) тарату өндірісі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

      27) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – заңды күшіне енген сот шешіміне байланысты мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

      28) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі – құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгізілген мүліктік қажеттілік пен құқықтар жиынтығы;

      29) уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күнінен бастап уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган;

      30) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тағайындалған күнінен бастап тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар жүргізеді:

      1) тағайындалған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініштер беру тәртібін, мерзімдерін және филиал желісі болған кезде – олар (мекенжайлар) бойынша кредиторлар өз талаптарын қоятын филиалдың мекенжайларын міндетті түрде көрсетумен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды;

      2) тағайындалған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар құжаттарды ұсынады;

      3) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ "Қазақстанның қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (бұдан әрі - орталық депозитарий) акционерлік қоғамдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін иеліктен шығару бойынша мәмілені тіркеуге тыйым салу, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кепіл ұстаушы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын (бұдан әрі – Корпорация) және мемлекеттік кірістер органдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратылғаны туралы хабардар етеді;

      5) орталық депозитарийден сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімін сұратады;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығын және (немесе) уақытша әкімшілігін тарату комиссиясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату өндірісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып таныстырады;

      7) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтылымды, бланкілер және барлық басқа да құжаттарды дереу талап етеді;

      8) қабылдау-өткізу актілері бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасына дереу түгендеу жүргізеді, Қағидалардың 53-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына есепке жазады;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарын салыстырып тексеру жүргізеді, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажет болған жағдайда шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;

      11) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес номиналды ұстауға берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын, сондай-ақ номиналды ұстаушының клиенттік шоттарындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі ақшаны салыстырып тексеру жүргізеді.

      Тарату комиссиясы тарату өндірісі кезеңінде бағалы қағаздарды (ақшаны) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бір ұйымда жинақтайды және (немесе) ақшаны таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазады;

      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы хабарландыруды және тарату комиссиясының орналасқан жері мен байланыс деректері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тарату комиссиясын уәкілетті органның тағайындауы туралы бұйрықты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көру үшін қоложетімді болатын кеңсесінде, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелерін түгендеуді жүзеге асырады;

      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

      15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін анықтайды;

      16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтеріне Қағидаларда көзделген тәртіпте иелік етеді;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтылымының және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

      19) толық материалдық жауапты адамдардың, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және өзге де есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне кіруге рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды;

      20) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен құжаттарын заңнамада белгіленген тәртіпте қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды;

      21) автоматтандырылған есепке алу жүйесінің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа (резервтік көшірмелер) көшіре отырып, тарату комиссиясы құрылған күні қолда бар электрондық түрдегі бас бухгалтерлік кітапты басып шығарады. Бұл ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      22) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайларын анықтайды және талдамалық есептің деректерімен салыстырып тексереді;

      23) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талаптарының заңдылығын айқындайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

      24) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, сондай-ақ өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды;

      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісінің барысы туралы жылдың қорытындысы бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмейтін мерзімде жариялайды;

      27) уәкілетті органның талабы бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;

      28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздары шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;

      29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;

      30) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін Қағидалардың 10-тарауында белгіленген тәртіпте құжаттарды архивке сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.".

      2. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уақытша әкімшілік мынадай іс-қимылдарды орындайды:

      1) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;

      2) тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері мен мөр бедерлері бар жаңа құжаттарды банктерге және банктің корреспонденттік шоттары бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады;

      банктік шоттардағы (оның ішінде шетелдік банктердегі) қалдықтарды ұйымның бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады және салыстыру қорытындысы бойынша акт жасайды;

      мүлікті және олармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" (бұдан әрі – орталық депозитарий), "Қазақстан қор биржасы" және кредиттік бюроларға уәкілетті органның ұйымды лицензиядан айыру және ұйым мүлкінің сақталуын және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер өтетін уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдері жайында хабарлайды;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және мемлекеттік кірістер органдарына ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы хабарлайды;

      3) ұйымның акционерлеріне, кредиторларына және дебиторларына уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдерін ұйымның интернет-ресурсында уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап Астана қаласының уақытымен сағат 10:00-ден кешіктірмей хабарландыру жариялау арқылы жібереді;

      4) банктің мүлкін сәйкестендіру үшін мамандарды және (немесе) сарапшыларды тарта отырып активтерге, міндеттемелерге (баланстағы және баланстан тыс), ұйымның құжаттарына түгендеу жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіп бойынша мүлік пен құжаттарды қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізеді;

      5) толық материалдық жауапкершілігі бар, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізетін адамдардың және автоматтандырылған ақпараттық жүйеге рұқсаты бар адамдардың ұйымның қаржылық және өзге де есептілігін жасау бойынша аясын анықтайды;

      6) ұйымның активтерін анықтайды;

      7) ұйымның мүлкіне ауыртпалық қойған органдарға орындалған міндеттемелер бойынша ауыртпалықты алып тастау туралы өтінішхат береді;

      8) қолма-қол ақшаны ұйымның банктік шотына одан әрі есепке алу үшін қолма-қол ақшаның инкассациясын ұйымдастырады;

      9) уақытша әкімшілік жұмыс істеген кезеңде қызметкерлермен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттігі жоқ болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлермен еңбек шарттарын тоқтатады;

      10) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды тартады;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарттарын бұзады;

      12) егер олардың іс-әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) ұйымға зиян келтірілген болса, ұйымның атынан соттарға шағым түсіреді, оның ішінде ұйымның органдары мүшелерін, бас бухгалтерін және өзге тұлғаларын жауапкершілікке тартады;

      13) өз функцияларын жүзеге асыру барысында үшінші тұлғалардың қылмыстық белгісі бар іс-әрекет жасағаны анықталса, құқық қорғау органдарына және уәкілетті органға ақпарат жібереді;

      14) ұйымның мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу аяқталған соң уақытша әкімшілік тарату комиссиясына уақытша әкімшіліктің жұмысты орындау туралы есебін бекітуге уәкілетті органға ұсынады;

      15) мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша сыйақы есептеуді тоқтатады және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мерзімі өткен банктік қарыздар бойынша провизиялар құрады;

      16) Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін кредиторлармен және дебиторлармен жұмыс жүргізеді;

      17) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымда көзделген барлық қосымша төлемдер мен жеңілдіктердің күшін жояды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгi мынадай іс-әрекеттер жасайды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Қор туралы заң) сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;

      2) Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген мерзімдерде және тәртіппен Қор туралы заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) береді;

      3) Қор туралы заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша Қордың кепілдік төлемдерді жүзеге асыратыны туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерінің бланкілерін және сақтандыру агенттеріндегі қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;

      5) орналастырылған сақтандыру резервтері мен кiрiстерiнiң қайтарылуын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақылары мен өзге де кірістерде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерін, дебиторлық берешегін, айыпақы, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келіп түсетін барлық қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның есепке жазылуын бақылайды.".

      3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысына нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22217 болып тіркелген мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру қызметі туралы" және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары мен шарттарында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қаржылық қадағалау органы, шет мемлекеттердің өзге де құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостилдеуге жатады (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда).

      Шет тілінде ұсынылатын құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариат куәландырады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларында, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының шет тілде берілетін құжаттары қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылған түрде уәкілетті органға беріледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      5-қосымша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      8-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
5-қосымша

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін.
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру.
Аурырған жағдайдан сақтандыру.
Автомобиль көлігін сақтандыру.
Теміржол көлігін сақтандыру.
Әуе көлігін сақтандыру.
Су көлігін сақтандыру.
Жүктерді сақтандыру.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3), 4), 5), 6), 6-1) және 7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті нұқсан келуден сақтандыру.
Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру.
Ипотекалық сақтандыру.
Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығынын сақтандыру.
Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру.
Титулдық сақтандыру.
Сот шығыстарынан сақтандыру.
Ғарыш объектілерін сақтандыру.
Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру.
Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін.
"Жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқа алу үшін.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалы үшін көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) лицензия қайта ресімделген кезде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасы берілген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлер бойынша:
1) Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру, Аурырған жағдайдан сақтандыру, Автомобиль көлігін сақтандыру, Теміржол көлігін сақтандыру, Әуе көлігін сақтандыру, Су көлігін сақтандыру, Жүктерді сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3), 4), 5), 6), 6-1) және 7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті нұқсан келуден сақтандыру, Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру, Ипотекалық сақтандыру, Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 18) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығынын сақтандыру, Өзге де қаржы шығындарын сақтандыру, Титулдық сақтандыру, Сот шығыстарын сақтандыру, Ғарыш объектілерін сақтандыру, Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, "Жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін – қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
3) Телнұсқа алу үшін – қолданыстағы лицензияның телнұсқасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін – 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткішті (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);
2) "жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін – 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішті;
3) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасының бейерзидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. "Жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасының бейерзидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен қайта сақтандыру қызметін жүзее асыру жөніндегі бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заыңының 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттар;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін лицензиядан алып тастау туралы шешімінің көшірмесі.
Уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру не Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде тек өтініш беру және лицензияны қайтару (егер лицензия қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда) талап етіледі.
5. Телнұсқа алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейін алты ай бұрын белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) басшы қызметкерді (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалы үшін) келіспеу;
5) заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған;
6) лицензиялық алым төленбеген;
7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 12-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру бойынша талапты орындамау;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау жөніндегі органы берген мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның болмауы;
9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының кемінде екі резидент басшы қызметкерлерінің болуы тұрғысынан "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көрсетілген талапты сақтамау;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбы ескеріле отырып пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz. порталында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға
6-қосымша

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін.
Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін.
"Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру.
Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқаны алу үшін.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www. egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
1) Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін, сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, "Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін, Аннуитеттік сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
3) Телнұсқаны алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық түрде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (сақтандырудың әрбір сыныбы үшін жеке);
2) "өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру үшін - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;
3) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия бергені үшін алынатын алым мөлшерлемесінің 10 (он) пайызы.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1. Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түріндегі өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органымен бекітілген бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. "Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен немесе Қазақстан Республикасының бейерзидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органымен бекітілген бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелін осы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабында көзделген тәртіппен берілгенін растайтын құжаттар;
4) лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімінің көшірмесі.
Уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру не Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде тек өтініш және лицензияны қайтару (егер лицензия қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда) талап етіледі.
5. Телнұсқа алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар қызметін көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа міндеттемелерді сақтамау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) тағайындауға (сайлауға) ұсынылған кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін);
5) заңды тұлғалардың берілген санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 12-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы;
9) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұйғарымының негізінде көрсетілетін қызметті алушы - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz. порталда орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алуы шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
3-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға 7-қосымша

"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жеке сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру.
Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру.
Туристі міндетті сақтандыру.
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру.
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру.
Мiндетті экологиялық сақтандыру.
Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін.
Міндетті сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін.
Міндетті сақтандырудың түрлері бойынша қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқа алу үшін.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлер үшін:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған) /"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
1) Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру, Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру, Туристі міндетті сақтандыру, Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру, Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, Мiндетті экологиялық сақтандыру, Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін, Міндетті сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, Міндетті сақтандырудың түрлері бойынша қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін - қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қолданыстағы лицензиядан алып тастау үшін таңдап алынған (таңдалған) сыныпты қоспағанда, бұрын берілген сыныптар бойынша лицензия алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (әрбір сақтандыру сыныбы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылған филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптарының шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
2. Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген, сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен қол қойған бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі.
3. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылғанда және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайда, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттар;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері жалпы жиналысының сақтандырудың жекелеген сыныптарынан және (немесе) қызмет түрінен шығару туралы шешімінің көшірмесін.
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру не лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдаған кезде, тек өтінішті ұсыну және лицензияны қайтару (егер лицензия қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда) талап етіледі.
4. Телнұсқаны алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттардың сервисінен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамау;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта ашылатын филиалы үшін);
5) заңды тұлғалардың аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы;
9) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу шеңберінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін
лицензиялау қағидаларына,
сондай-ақ құжаттардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға 8-қосымша

"Қайта сақтандыру қызметіне немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қайта сақтандыру қызметіне немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін.
Телнұсқа алу үшін.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) лицензия беру кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – көрсетілген қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
порталға өтініш білдірген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; порталға өтініш білдірген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда);
3) лицензияның телнұсқасын берген кезде - порталға өтініш білдірген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
1) Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қайта ресімделген лицензияны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
3) Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Лицензиялық алым мөлшерлемесі:
1) сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру үшін - 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (сақтандырудың әр сыныбы үшін бөлек);
2) лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны бергені үшін алынатын алым мөлшерлемесінен 10 (он) пайыз.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электронды құжаттың нысанында өтініш;
2) Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген, сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен қол қойған бизнес-жоспардың электрондық көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжаттың нысанында өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелерін.
3. Телнұсқа (егер бұған дейін берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) алу үшін:
1) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттардың сервисінен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта ашылатын филиалы үшін);
5) заңды тұлғалардың аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6) лицензиялық алымның төленбеуі;
7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы;
9) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша;
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпараттық жүйенің операторын хабардар етеді.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу шеңберінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жиынтығын көрсету көзделетін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады