"Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 420-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 желтоқсанда № 33732 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының қағидаларында:

      234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "234. Сатушы – жер қойнауын пайдалануға (көмір бөлінісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші.";

      237, 238, 239, 240, 241 және 242-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін биржалық сауда-саттыққа қатысушылар биржалық сауда-саттықты өткізгенге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын тауар биржасына қызмет көрсететін клирингтік орталықтың шотына биржалық қамтамасыз етуді енгізеді.

      Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміленің үш пайызынан аспайды.

      Биржалық қамтамасыз етуді қайтаруды клирингтік ұйым сауда-саттыққа қатысушы ақша қаражатын қайтаруға өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      238. Көмір тауар биржасы арқылы келесі сауда құралдарын қамтитын тиісті ерекшеліктер бойынша өткізіледі:

      көмірдің түрі және оның сапалық сипаттамалары;

      көмір жеткізудің орны, мерзімі, тәсілі және өзге де шарттары;

      төлем шарттары;

      лот мөлшері;

      жеткізу аймағы;

      Көмір тауар биржасы арқылы осы әкімшілік аумақ шегінде тіркелген және жеке пайдалану үшін халыққа көмір сататын көмір сатып алушылар қатысатын тиісті өңірдің тиісті ерекшеліктеріне сәйкес өткізіледі.

      239. Сатушы көмір өнеркәсібі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) биржалық тауарлардың тізбесінде белгіленген жалпы жылдық көлемнен келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа жеткізуге жоспарланатын коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізуді ай сайын бөлуді ұсынады.

      Көмір өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган коммуналдық-тұрмыстық көмірді ай сайын бөлуде көзделген сатушының деректері негізінде әрбір өңір бөлінісінде халықтың коммуналдық-тұрмыстық көмірді тұтыну көлемі бойынша жергілікті атқарушы органдардың деректерін ескере отырып ақпарат қалыптастырады.

      Көмір өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қалыптастырылған ақпараты (бұдан әрі – қалыптастырылған ақпарат) осы органның интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ олар кейіннен интернет-ресурстарда орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

      Сатушылар келесі тәртіппен қалыптастырылған ақпарат негізінде тауар биржасы арқылы коммуналдық-тұрмыстық көмірді өткізуді қамтамасыз етеді:

      Көлемнің 50% осы Қағидалардың 244-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іске асырылады;

      Көлемнің 50% осы Қағидалардың 244-тармағының 3) тармақшасына сәйкес іске асырылады.

      240. Сауда-саттықты ұйымдастырушы көмір биржалық сауда-саттығын өткізу кестесін олар басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      241. Сатушылар қалыптастырылған ақпаратқа сәйкес сауда-саттықта белгіленген шарттарда биржалық тауарды нақты тиеп-жөнелтумен бес жұмыс күні ішінде тауар биржасы арқылы көмірді біркелкі қояды.

      242. Егер осы Қағидалардың 241-тармағында көзделген кезеңнің соңында көмір тиісті өңірге өткізуге қойылса, бірақ өткізілмеген жағдайда, мұндай көлем қосымша сауда сессиясында қойылады.

      Бұл ретте, жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасының аумағы айқындалады.";

      244-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "244. Тауарды биржалық сату мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) тауарды тиеп-жөнелту маусымдық кезеңде (шілде-желтоқсанды қоса алғанда) тиеп-жөнелтумен жүзеге асырылатын сауда-саттық споты;

      2) тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілетін айдан кейінгі үшінші айда жүзеге асырылатын сауда-саттық споты;

      3) биржалық тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айдан бастап тиеп-жөнелту басталған жылдың желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылатын күнтізбелік алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге ай сайынғы ақы төлеу және жеткізу шартымен биржалық мәміле.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады