Елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 503-2647 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 1364-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 26) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 503-2647 қаулысына
қосымша

Елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының астанасында автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) астананың көлік органы – елорда аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган;

      2) багаж – автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;

      3) борт журналы – нысан бойынша нөмірленген және тігілген, тасымалдаушының мөрімен бекітілген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткені туралы белгілер қойылады;

      4) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;

      5) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;

      6) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);

      7) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;

      8) маршрут схемасы – аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;

      9) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

      3. Ұйымдастыру сипатына қарай жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.

      4. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар, шағын автобустар) алдын ала айқындалады.

      5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы автокөлік құралына жол парағын ресімдеп, жүргiзушiнің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ автокөлік құралының техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтерді енгізеді.

      6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында қолданылатын автобустар мен шағын автобустар автокөлік құралының ағымдағы орналасқан жері туралы нақты уақыт режимінде ақпарат бере отырып, спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықталады.

      7. Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау біржолғы сипаты бар тасымалдау, тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау болып бөлінеді.

      8. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі.

      9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаған кезде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін және кемінде екі жолаушы есігі бар автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады.

      10. Астананың тұрақты қалалық маршруттарында қызмет көрсету мерзімі 14 жылдан аспайтын автобустар пайдаланылады.

      11. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарының салонында мыналарды:

      1) тасымалдаушының толық атауын;

      2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ "Астана қаласының ПД" ММ әкімшілік полиция басқармасы (бұдан әрі – әкімшілік полиция басқармасы) байланыс телефондарының нөмірлерін;

      3) маршрут сызбасының көшірмесі мен қозғалыс кестесін;

      4) маршрут бойынша жол жүруге және багажды алып жүруге белгіленген тарифті;

      5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе багажды алып жүргені үшін белгіленген айыппұлдың мөлшерін;

      6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттерін;

      7) тыйымдар туралы ақпарат бар және арнайы орындар белгіленген пиктограммаларды қамтитын ақпараттық табло орналастырылады.

      Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары аялдамаларды жариялайтын автоматтандырылған дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталады.

      Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған автобустардың қозғалыс кестесі "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) (бұдан әрі – автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары) 2-1 қосымшаға сәйкес қалыптасады.

      12. Жолаушылар мен багаждың тұрақты қалалық маршруттардағы автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустар салонының оң жағында жолаушы есіктерінің бірінің жанында маршруттың нөмірі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша сипаттамасы (маршрут өтетін аралық және соңғы аялдамалардың, қоғамдық маңызы бар орындардың) бар трафарет орнатылады.

      13. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдау кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, бұл автобустардың алдында және артында "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгілері мен сары түсті жарқырауық шамдар орнатылады. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға жасы кемінде жиырма бестегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жүргізушіге рұқсат етіледі.

      14. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың тұсында олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақташа орнатылады.

      15. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының салондарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салынады.

2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу, жабу және өзгерту тәртібі

      16. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты қалалық маршруттарын ашу, жабу және өзгерту мәселелері бойынша мүдделі жеке және заңды тұлғалар елорданың көлік органына кеңсесіне немесе қолжетiмдi ақпараттық жүйелер арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті ұсыныстарын жібереді.

      17. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты маршруттарын ашу жөніндегі мәселелерді шешу үшін мүдделі жеке және заңды тұлғалар маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесін әзірлейді және оларды астананың көлік органына жібереді.

      18. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау, егер:

      1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті белгілі бір маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе;

      2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келсе, ұйымдастырылады.

      19. Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісін қалыптастырған кезде мынадай қағидаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      әрбір маршрут бойынша халықтың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру;

      белгіленген нормалар бойынша автобустар, шағын автобустар сыйымдылығын ұтымды пайдалану;

      жүру жолында жолаушыларға қажетті жағдайлар жасау;

      жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфрақұрылымның басқа да объектілерін сақтау;

      автобустарды пайдалану нормативтері мен ережесін, жол қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

      сапардағы жолаушылардың уақыт шығынын барынша азайту;

      барлық түйіндес маршруттар бойынша автобустар қозғалысының кезеңділігі;

      жүргізушілердің еңбек режимі мен жағдайын сақтау.

      20. Ашылатын, сондай-ақ қолданыстағы елорданың жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттары автомобиль жолы инфрақұрылымының техникалық жай-күйі мен ұстау деңгейі тасымалдау қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында тексерілуі тиіс.

      Маршруттарды тексеруді құрамын астананың көлік органы бекітетін комиссия өткізеді.

      21. Әрбір тексеру мен қозғалыс кестелерін келісудің нәтижелері қолданыстағы және болжамды жолаушылар ағынын ескере отырып, қозғалыстың белгілі бір кестелері бойынша маршруттарды ашу мүмкіндігі, одан әрі пайдаланудың немесе жабудың орындылығы туралы қорытындысы берілетін актімен ресімделеді.

      22. Тексерудің актілері маршруттарды ашу, өзгерту немесе пайдалануды жалғастыру, тасымалдардың қауіпсіздігін арттыру, анықталған кемшіліктердің жойылуын бақылауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қолдану мәселесін шешу үшін астананың көлік органына тапсырылады.

      23. Астананың көлік органы аялдау пункттерін орнатуды, ауыстыруды және ұстауды іске асырады.

      Көлік жүйелерінің алуан түрлері үшін ғимараттарда және құрылыстарда құрамдастырылған аялдау пункттерін ұйымдастыруға жол беріледі.

3-тарау. Автобустар қозғалысына диспетчерлік жетекшілік

      24. Елді мекендерді астанамен қосатын тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық, қала маңындағы маршруттарға диспетчерлік жетекшілікті автовокзалдың немесе автостанцияның диспетчерлік қызметі ғана жүзеге асырады.

      25. Астанада автовокзалдың, автостанциялардың және тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері мынадай функцияларды:

      1) маршруттағы, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа да жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқау беруді;

      2) жүргізушілерде нақты маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (куәлігінің немесе рұқсатының, маршруттар схемасының, жол қағазының) болуын бақылауды;

      3) кондукторда маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (біржолғы билеттердің) болуын бақылауды;

      4) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

4-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және оларды өткізу тәртібі

      26. Маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурста (бұдан әрі – конкурс) жеңген тасымалдаушылар, олардың және астананың көлік органы арасында жасалатын жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру шарттарының негізінде жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырады.

      27. Конкурсқа меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде автобустарға, шағын автобустарға иелік етуші, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдауды ұйымдастыруға және автобустарға, шағын автобустарға "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуге қабілетті, жеке және заңды тұлғалар қатысады.

      28. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының маршруттары тасымалдаушылардың арасында конкурс негізінде бөлінеді. Конкурсқа жекелеген маршрут та, бірнеше маршрут та бір лотпен шығарылады. Лоттарды қалыптастыру кезінде олардың маңыздылығы мен рентабельділігі ескеріледі. Лотқа рентабельділерімен қатар, рентабельді еместері де, бірақ бір лотқа екеуден аспайтын маршруттар енгізіледі.

      29. Астананың көлік органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      30. Нақты маршрутқа (лот маршруттарына) қызмет көрсету құқығына конкурстың жеңімпазы болып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді және осы маршрутта (лот маршруттарында) тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, көлік талаптарына сәйкес келетін әрі тасымалдаудың неғұрлым жақсы жағдайларын ұсынған және тиісті бағалау шкаласы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес есептелген баллдардың неғұрлым көп санын алған қатысушы танылады.

      31. Астана әкімдігі жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша конкурсқа қатысушылар ұсынған тарифтен төменірек әрі тиісті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген), Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне сәйкес анықталған тарифтер белгілейді.

      Астана әкімдігі белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тасымалдардың шығындарын жаппаған жағдайда, астана әкімдігі тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) жергілікті бюджет қаражатының есебінен өтейді.

      32. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша жол жүру тарифтері өзгерген жағдайда, астана әкімдігі аталған өзгерістер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тарифтер бойынша тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейінгі он күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.

      33. Конкурстың ұзақтығы, оны жариялаған күннен бастап және конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнмен аяқталып, кемінде 30 және ең көп дегенде 60 күнтізбелік күнді қамтиды.

      34. Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және конкурстың жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы астана әкімінің өкімімен белгіленетін конкурстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.

      35. Комиссияға:

      1) астананың көлік органының;

      2) көліктік бақылау органының;

      3) әкімшілік полиция басқармасының;

      4) жолаушыларды автобуспен тасымалдаушылар қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкілдері кіреді.

      Комиссияның құрамына астананың көлік органына тиісті өтінім берілген жағдайда, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізіледі.

      36. Комиссия құрамында конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз комиссия жұмысын ұйымдастыру қызметі жүктелетін комиссия хатшысы көзделеді.

      37. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады және кемінде бес адамды құрайды.

      38. Конкурсты өткізу алдында астананың көлік органы комиссиямен келісілген лоттарды қалыптастырады және конкурстық құжаттаманың жиынтығын дайындайды.

      Бұл ретте қалыптастырылатын лоттарды келісу жөнінде шешім қабылдауды отырыс хаттамасында шешімді бекіте отырып, комиссия жүзеге асырады.

      39. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы өзіне:

      1) конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ оларға қоса берілетін маршруттардың схемалары мен қозғалыстар кестелерін, жылжымалы құрамды жаңарту қажеттілігінің кестесі, экологиялық талаптар, жүргізушілер (кондукторлар) мен диспетчерлердің арнайы киім-кешегі мен киім нысанының қажеттілігін;

      2) конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багаждың тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстар толтырылатын нысандарын (бұдан әрі - конкурстық ұсыныстар) комиссия мүшелері санына тең мөлшерде;

      3) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартының жобасын;

      4) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларға 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсқа қатысушы туралы ақпараты;

      5) бағалау шкаласын;

      6) конкурстық ұсыныстарды беру үшін бір үлкен конвертті (егер конкурсқа бір лоттан артық шығарылса, онда әрбір лотқа жеке конверттер болады) қамтиды.

      40. Конкурстық ұсыныстар, комиссия конкурстың қорытындысы бойынша қатысушыларды бағалауды жүргізетін мынадай өлшемдердің жинағын өзіне қамтиды:

      1) ұсынылып отырған жылжымалы құрам (автобустардың, шағын автобустардың түрі, санаты мен саны, пайдалану мерзімі, паспорттық сыйымдылығы);

      2) көлік құралдарының тиесілігі;

      3) жылжымалы құрамды сақтауға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның болуы (меншікті немесе шарт бойынша пайдаланылатын);

      4) үміткердің басшылық буынының қалалық маршруттардағы жұмыс тәжірибесі;

      5) жүргізуші персоналының жолаушылар тасымалы саласындағы жұмыс тәжірибесі;

      6) желіден шығып қалған жылжымалы бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі;

      7) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қосымша ұсыныстар.

      41. Конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір маршруттан артық, осы маршрут кіретін лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін қайталап көрсетуге жол берілмейді.

      Осы маршрут қамтылған лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін конкурстық ұсыныстарда қатысушылар жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір маршруттан артық көрсету фактілері анықталған жағдайда, неғұрлым кештеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып саналады.

      42. Қатысушы конкурстық ұсыныстар бойынша толық және сенімді ақпаратты ұсынады.

      43. Астананың көлік органы конкурс өткізілгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстың өткізілетін күнін, орнын және уақытын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттарды, өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімдерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

      44. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

      45. Комиссия төрағасы конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің шынайылығын орнына барып тексеруді (бұдан әрі - тексеру) ұйымдастыру үшін комиссия құрамына кірмейтін астана көлік органының, көліктік бақылау және жол полициясы органдарының өкілдерінен конкурс алдындағы комиссия құрады.

      Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешімді уақтылы қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтайды.

      46. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттаманың жиынтығына жазбаша түрде өтінім береді және оның құнын төлейді. Конкурстық құжаттама жиынтығының құны, конкурс өткізуге байланысты шығындардың калькуляциясына сәйкес болуы тиіс, бірақ конкурс өткізу туралы хабарландыру шығатын күнге бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінен аспауы тиіс.

      47. Осы Қағидалардың 40-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, конкурсқа қатысушылар үшін дайындалған конкурстық құжаттаманың жиынтығы астананың көлік органының мөрімен куәландырылуы тиіс.

      48. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін бес жұмыс күні бұрын аяқталады.

      49. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін комиссияға тиісті лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру қажет, оған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін конвертке салынған мынадай құжаттар:

      1) қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісі;

      2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      3) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері;

      4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің және ағымдағы кезеңде жарамды диагностикалық техникалық қарап-тексеру карталарының көшiрмелерi;

      5) конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандар санына тең санда қатысушының қолымен толтырылған әрі оның мөрімен куәландырылған конкурстық ұсыныстар қоса беріледі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

      Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетулерсіз және шимайсыз ресімделеді.

      50. Комиссияның хатшысы мерзімінде берілген өтінімдерді қабылдайды және қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) беріледі, содан кейін конкурстық ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерді бұзып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарамайды.

      51. Өтінімдерді қабылдау осы Қағидалардың 49-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргізіледі.

      52. Қабылданған өтінімдермен қатар конкурс алдындағы комиссия тексеру жүргізу кестесін жасайды және 3 күннен кешіктірмей әрбір қатысушыны тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Қатысушы тексеру өткізілетін күні конкурс алдындағы комиссияға барлық қажетті материалдарды ұсынады және оларды талап етілетін объектілермен таныстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      53. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері ұсынылған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің шынайылығын, конкурстық қосымшаларда көрсетілген автокөлік құралдарының сыныптарының, модельдері мен тіркеу нөмірлерінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарда көрсетілген өндірістік-техникалық базада жылжымалы құрамды сақтау, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндігін тексереді.

      Конкурс алдындағы комиссия тексеру қорытындылары бойынша қатысушы туралы ақпарат толтырылған бланкіде конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) қоса береді.

      Уақытты оңтайландыру үшін конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы пікірлер білдіру мақсатында тексеру объектілері және түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге жол беріледі.

      Көрсетілген құжаттар қатысушы ұсынған өтініммен және құжаттармен бірге тиісті конвертте мөрмен бастырылады.

      54. Конкурс өткізілетін күні комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттар бар конверттерді кезекпен ашады және конкурстық ұсыныстарды қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес қарайды.

      Комиссия мүшелері бағалау шкаласына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды жеке қояды.

      55. Конкурстық ұсынымдарда көрсетілген автобустардың, шағын автобустардың (резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып) сыныбы, жолаушылар сыйымдылығы және саны осы Қағидалардың талаптарын және маршруттардың негізгі сипаттамаларын қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ конкурсты өткізу туралы хабарландыруға сәйкес келетін конкурсты ұйымдастырушылар айқындаған қосымша талаптарды орындауға сілтемелер конкурстық ұсыныстарда көрсетілмеген жағдайда, өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарауға қабылдамайды.

      56. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттарымен бірге барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейін комиссия мүшелері тиісті қатысушылар бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды баллдарын қосады және жалпы жиынтық баллды анықтайды, ол хаттамада тіркеледі.

      57. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижесі бойынша комиссия мүшелері барынша жоғары жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның ішінде анықтамасын қарайды.

      Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиісті лот бойынша конкурстың жеңімпазы деп танылады.

      Конкурс алдындағы комиссия теріс қорытынды жасаған жағдайда, комиссия мүшелері жоғарылығы бойынша келесі жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын осылайша қарауға көшеді.

      58. Егер қандай да бір лот бойынша бір де бір қатысушы тіркелмесе, астананың көлік органы осы лот бойынша негізгі талаптарды өзгертеді немесе басқа лот қалыптастырады және оны келесі конкурсқа шығарады.

      Егер лот бойынша екі конкурсқа екі рет бір қатысушы өтінім берген жағдайда, сол қатысушыны конкурстық комиссия комиссия мүшелерінің жалпы санынан жартысынан кем емес дауыс беруі жолымен лот бойынша осы қатысушыны жеңімпаз деп анықтайды.

      59. Өткізілген конкурстың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қояды және комиссия төрағасы бекітеді. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндайды және оны хаттамаға қоса береді.

      Егер оның отырысына мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, комиссияның шешімі заңды деп танылады.

      60. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өздері ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижесін барлық қатысушыларға жазбаша түрде жібереді.

      61. Конкурс нәтижесіне сот тәртібімен шағым беріледі.

      62. Конкурс нәтижелерін сот жарамсыз деп таныған жағдайда, қайталама конкурс алдыңғы конкурс нәтижесінің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

      Бұл ретте алдыңғы конкурстың қатысушыларына конкурстық құжаттама тегін беріледі.

      63. Хаттаманың негiзiнде астананың көлік органы күнтiзбелiк 10 күннен кешiктiрмей Конкурстың жеңiмпазымен жолаушылар мен багаждың тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартын (бұдан әрі – шарт) жасасады. Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады.

      64. Шарт жасасқан конкурс жеңімпазына шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне маршрутта жұмыс істеу құқығын растайтын жолаушылар мен багаждың тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) 5 жұмыс күннен кешіктірмей беріледі. Көрсетілген тасымалдарды куәліксіз жүзеге асыруға жол берілмейді.

      65. Куәлікті астананың көлік органы типографиялық тәсілмен дайындайды, оның кемінде 4 қорғаныш дәрежесі бар және қатаң есептілік бланкісі болып табылады және онда мынадай ақпарат:

      тасымалдаушының атауы;

      маршруттың нөмірі;

      берілген күні;

      қолданылу мерзімі;

      астана көлік органы лауазымды тұлғасының қолы және мөріне арналған орын қамтылуы тиіс.

      66. Конкурстық ұсыныстарда конкурс жеңімпазы ұсынған маршрутта пайдалануға арналған автобустар (шағын автобустар) көрсетілген, оның ішінде резервтік жылжымалы құрам көрсетілген куәліктер тасымалдаушыға, маршрутта пайдаланылатын автокөлік құралдарының тиісті санына сәйкес мөлшерде беріледі және тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілерінде болуы тиіс.

      67. Маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.

      68. Шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, астананың көлік органы тасымалдаушыдан куәлікті қайтарып алады және осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін маршруттарға жаңа конкурс жариялайды.

      69. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен шарт бұзылған жағдайда, ол бұл туралы астананың көлік органын 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.

5-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау

      70. Жолаушылар мен багаждың тұрақты қалалық автомобиль тасымалы астананың көлік органы бекіткен маршрут желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлігін дамытудың бекітілген кешенді схемасы және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар ағынын талдаудың негізінде қалыптастырылады.

      Бұл ретте қала маңындағы маршруттың қала ішіндегі қозғалыс схемасы мейлінше қысқа болуы тиіс.

      71. Халықаралық, облысаралық қалааралық, облысішілік қалааралық және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) астанамен жалғастыратын, астана ішінде жүретін тұрақты маршруттардың қозғалысы астананың көлік органы бекіткен астананың карта-схемасы бойынша жүзеге асырылады.

      72. Автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдау маршруттық желісі белгілі бір маршруттарды қайталау, сондай-ақ бір маршрут басқасының елу пайыздан астам аялдама пункттерін қайталауын болдырмайтындай етіп қалыптастырылуы тиіс.

      73. Автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдау маршрутында шағын автобустарды пайдалануды айқындау жолаушылар ағынының төмен болуымен негізделеді, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттық желісі ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиіс.

      74. Автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердің бірінде қызмет көрсетіледі:

      1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетілген, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метрге дейін болатын барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі маршруттар;

      2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен маршруттың схемасында көрсетілген, олардың арасындағы қашықтық 800-ден 3000 метрге дейін болатын барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел маршруттар.

      75. Халыққа қызмет көрсету ерекшелігіне сәйкес астанада жолаушылар мен багаждың тұрақты қалалық автомобиль тасымалдары мынадай сипатта болады:

      1) тәуліктің бүкіл белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;

      2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын қосымша (демалыс, мерекелік күндер немесе "қауырт" сағаттар);

      3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын маусымдық (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде);

      4) уақытша, қысқа уақытта қолданылатын уақытша (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған кезде).

      76. Жолаушылар мен багаждың тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының маршруттарында жол жүру және багаж алып жүру төлемін жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) немесе жол ақысын төлеудің бірыңғай электронды жүйесі арқылы отыру кезінде береді.

      Автобустың салонында өлшемі 60x40x20 см және салмағы 20 кг дейінгі бір орындық қол жүгін, сондай-ақ қаптамасы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етіледі (автобустарда ғана).

      77. Тұрақты қалалық маршруттарда айлық жолақы билеттері және төлемақының тікелей байланыссыз электронды карталарын сату жолақы билеттерін тарату пункттерінде жүргізіледі. Жеңілдікті жолақы билеттерін беру жергілікті халықты әлеуметтік қорғау органдарында жүзеге асырылады.

      78. Байланыссыз электронды карта арқылы жол жүруіне ақы төлеу фактісі тиісті сәйкестендіру нөміріндегі байланыссыз электронды картаның электронды шотында тіркеледі.

      79. Байланыссыз электронды карталарды пайдалану тәртібі қолданылатын жүйелердің технологиясымен регламенттеледі, бірақ қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

      80. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеттерінің қолданылуы белгіленген нормадан асатын багажды және қол жүгін алып жүруге қолданылмайды.

      81. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеті бар жолаушы оны кондукторға (жүргізушіге) автобусқа, шағын автобусқа мінген кезде көрсетеді.

      82. Егер жолаушы жеңілдікті жол жүру билетін пайдаланса, онда ол сондай-ақ оның жеңілдікке құқығын растайтын құжатты да ұсынады.

6-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау

      83. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібереді.

      84. Таксимен тасымалдаушылар:

      осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін техникалық жарамды такси автомобильдермен тасымалдауды жүзеге асырады;

      қызметін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады;

      "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жолаушылар алдында тасымалдаушылардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасады;

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) (бұдан әрі – Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидалары) сәйкес жоспарлы-алдын ала техникалық қызмет көрсету, жылжымалы құрамды жөндеу және рейс алдындағы бақылаудан өткізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді (мұндай база немесе оның жекелеген компоненттері болмаған жағдайда тасымалдаушылар осы қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат құжаттары бар тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындайтын субъектілермен шаруашылық шарттарын жасасады);

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес көлік құралдарын жүргізушілердің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтуін және рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушілерді көлік құралдарын басқаруға жібермейді, сондай-ақ таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтайды;

      жүргізушілер персоналын белгіленген үлгідегі нысанды киіммен қамтамасыз етеді;

      жүргізушілердің жолаушылар көлігі кәсіптік оқу-білім беру орталықтарында:

      қаланың және көшелердің орналасуын;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) және осы Қағидаларды;

      қауіптілігі жоғары әдеттегі жол-көлік ахуалдарын, жолдағы және метеорологиялық жағдайлар қиын болғанда көлік құралын қауіпсіз басқару негіздерін;

      зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін;

      жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларды эвакуациялау тәртібін білуді көздейтін кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

      Такси-автомобильдер шанақ периметрі бойынша "шаршылы белдеумен" және төбесінде орналасқан, әрі 500 метрге дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым қалпақшасымен, алдыңғы есіктері тасымалдаушының логотипімен, артқы есіктері қызмет көрсететін диспетчерлік қызметтің нөмірлерімен және шанақтың артқы бүйір жақтары такси-автомобильдің жеке тіркеу нөмірімен (гараж нөмірімен) жабдықталады. Айырым қалпақшасында "ТАХІ" (такси) деген жазу немесе тәуліктің қараңғы уақытында жарық түсіретін өзіндік "шаршылы белдеуі" болады.

      85. Қажет болған кезде такси-автомобильдер таксометрмен жарақтандырылады.

      86. Такси-автомобильдер диспетчерлік қызметпен (бар болса) радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдарымен жабдықталады.

      87. Такси-автомобильдің салонында жолаушыларға көрініп тұратындай:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы көрсетілген жүргізушінің фотосуреті;

      тасымалдау тарифі, сондай-ақ белгілі бір жағдайда қолданылатын арнайы тарифтер (әрбір багаж орнына, әрбір жануарға және т.б.);

      астананың көлік органының, диспетчерлік қызметтің (бар болса) және "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің телефон нөмірлері болады.

      Такси-автомобильдің салонында қолжетімді жерде тасымалдау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бөлігінде осы Қағидалардан үзінді көшірме, сондай-ақ қаланың (астананың) картасы болады.

      Осы тармақтың ережелері тіл туралы заңнамаға сәйкес орындалады.

      88. Такси-автомобильде:

      1) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      2) апат жағдайында тоқтау белгісімен;

      3) жүргізуші тез қол жеткізетін орында бекітілген өрт сөндіру құралдары болады.

      89. Такси-автомобильдің алдыңғы орындықтары бас тіреуіштермен және қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталады.

      90. Такси-автомобильдің жол қозғалысы және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі бөлігіндегі техникалық жай-күйі мен жабдықталуы олардың техникалық пайдаланылуы жөніндегі ұлттық стандарт талаптарына жауап береді.

      91. Такси-автомобиль салоны күн сайын дымқылдап сүртіліп тұрады.

      92. Такси-автомобильмен астанада жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерде:

      тиісті санаттағы жүргізу куәлігі;

      5 жылдан кем емес жүргізушілік еңбек өтілі;

      жолаушыларды тасымалдауға жарамдылығы көрсетілген медициналық тексеруден өткені және жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өткені туралы анықтамасы болады.

      93. Диспетчерлік қызметтер:

      жолаушылардан тапсырыстар қабылдау және оларды такси жүргізушісіне беру үшін сапалы көп арналы және жедел радиоландырылған немесе ұялы байланыспен қамтамасыз етеді;

      тапсырыстардың уақтылы орындалуын және таксилердің берілуін бақылауды жүзеге асырады;

      жолаушылардан түскен тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізеді;

      такси кешіккен немесе тапсырысты орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда таксиге тапсырысты ресімдеген адамға оның кешігетіні туралы дереу ескертеді немесе жолаушымен келісу бойынша қысқа мерзімде басқа таксимен ауыстырады;

      таксиге тапсырыстар қабылдау туралы қала тұрғындарына анық және шынайы ақпарат береді.

      94. Такси-автомобильдерінің тиімді жұмыс істеуі және оларды жолаушылардың пайдалануын қолайлы ету үшін ірі объектілердің – вокзалдардың, сауда орталықтарының, стадиондардың және басқа да қаланың жолаушылар жиналатын орындарында такси тұрақтарын жабдықтау және орналастыру ұйымдастырылады.

      95. Такси тұрақтары өздеріне жүру бөлігінен оқшауландырылған 10-нан аспайтын такси автомобильді кіргізу және тұрғызуға арналған жайластырылған аумақты, жол сызбаларын, жол белгілерін, тұрақтың атауы және нөмірі көрсетілген трафаретті, "Таксиге отырғызу" көрсеткішін қамтиды. Такси тұрақтарын ағымдағы ұстау мен оларға қызмет көрсетуді қаланың аудандық әкімдіктері жүзеге асырады.

      96. Жүру бөлігінің бойында тұрақта тұрған таксилер саны жайластырылған қалтарыста бес автомобильден (қалтарыссыз жерде үштен аспайды) аспайды.

      97. Такси-автомобильдердің тұрақтары тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылады.

      98. Такси тұрақтарын осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін таксимен тасымалдаушылар пайдаланады.

      99. Такси-автомобильге отырғызу арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, көше-жол желісінің учаскелерінде және жолаушылардың тапсырыстары бойынша такси автомобильдерді беру орындарында жүргізіледі.

      100. Такси-автомобильге отырғызу және одан түсіру әбден тоқтағаннан кейін және жолаушыларды отырғызу және түсіру жүру бөлігіне жақын жерде тек қана автомобильдің оң жағынан орындалады.

      101. Жолаушыны күту қажет болған жағдайда (оның өтініші бойынша) жолаушы жүргізушімен жүріп өткен жолы үшін толық есеп айырысуға міндетті.

      102. Такси-автомобильді жіберуге тапсырысты тасымалдаушы радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдары арқылы қабылдайды. Жолаушы жол жүру құнын жол жүру аяқталған соң төлейді.

      103. Тапсырысты қабылдау және такси автомобильдерді жіберу арасындағы уақыт аралығы, сондай-ақ шұғыл тапсырыстарға ақы төлеу тәртібі мен мөлшері диспетчерлік қызметтермен (бар болса) келісу бойынша белгіленеді.

      104. Алдын ала тапсырыс жасалған кезде жүргізуші такси-автомобильдің тапсырыста көрсетілген уақытқа қарай жіберілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте оның жолаушыны күту уақыты 10 минуттан аспайды. Осы уақыт өткеннен кейін жүргізуші жолаушыға немесе оған тапсырысты берген диспетчерлік қызметке (бар болса) хабарлап, тапсырыс орнынан кетеді.

      105. Таксимен тасымалдау тарифтерінің мөлшерін тасымалдаушы белгілейді.

      106. Жолаушы такси-автомобильге отырған соң жүргізуші таксометрді (бар болса) іске қосады.

      107. Жол жүру аяқталғаннан кейін таксометрдің (бар болса) көрсеткіштеріне сәйкес жолаушыға такси-автомобильдің көрсетілген қызметі үшін түбіртек (чек) беріледі.

      108. Такси-автомобильді бірнеше жолаушы жалдаған жағдайда жол жүру төлемақысының жалпы сомасы жолаушылар арасында әрбір жолаушының жүріп өткен қашықтығына барабар бөлінеді.

      109. Егер такси-автомобильмен тасымалдау процесінде, оның ішінде жүргізушіге байланысты емес мән-жайларға орай оның қозғалысын жалғастыру мүмкін болмайтын ахуал туындаса, тасымалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылды деп есептеледі, жолаушы жүріп өткен қашықтықтың құнын төлейді.

      110. Таксидегі жол жүру ақысына жеңілдіктер жасауды тасымалдаушы көздейді.

      111. Такси-автомобильдің багаж бөлімшесінде жалпы салмағы автомобиль шығарушы регламенттеген салмақтан аспайтын багажды тасымалдауға және багаж бөлімшесінің қақпағы жабық болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      112. Такси-автомобильдің салонында есік арқылы еркін сиятын, салон қаптамаларын және оның жабдықтарын бүлдірмейтін әрі былғамайтын, жүргізушіге автомобильді жүргізуге және артқы айнаны пайдалануға кедергі келтірмейтін әртүрлі нәрселер мен заттарды тасымалдауға рұқсат етіледі.

      113. Такси автомобильдерде ұсақ жануарлар мен құстарды себептерде, торларда немесе түбі бүтін сөмкелерде тасымалдауға рұқсат етіледі. Такси автомобильдерде иттерді тасымалдауға тек жүргізуші мен басқа жолаушылардың келісімі болған кезде ғана рұқсат етіледі.

      114. Такси жүргізушілері:

      жүру жолында қозғалыс жолағын алдын ала таңдайды, жылдамдық режимін реттейді және маневр жасауды көлік құралының барынша қауіпсіздігін және бірқалыпты жүруді қамтамасыз ететіндей түрде жүзеге асырады;

      көлік құралының жол жүрісінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техникалық ақауы болған жағдайда көлік құралын тоқтатып, барлық есіктерін ашады және жолаушыларды шығарады;

      шұғыл жағдайларда 101, 102, 103 мамандандырылған қызметтеріне немесе "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне дереу жүгінеді;

      жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда оқиғаның сипаттамасы туралы тиісті қызметтерге хабарлау үшін дереу шаралар қолданады және мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оларды шұғыл медициналық жәрдем пункттеріне жеткізуді ұйымдастырады;

      көлік құралында жолаушы байқамай ұмыт қалдырған заттар болса, оларды қысқа мерзімде тасымалдаушы әкімшілігінің жауапты жұмыскерлеріне немесе "табылған заттар үстеліне" сақтауға тапсыруды қамтамасыз етеді;

      такси-автомобильде ақаулар анықталған кезде бұл туралы диспетчерлік қызметке (бар болса) дереу хабарлайды және жолаушының баратын жеріне немесе ең жақын жолаушылар көлігі аялдамасына дейін тез жетуіне жәрдемдеседі;

      тасымалдау қауіпсіздігін және жолаушыларға жоғары қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз етеді;

      жолға шығар алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексереді;

      жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ такси автомобильдің техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметті жол парағына енгізуді қамтамасыз етеді;

      музыка ойнатқыштарды немесе радиоқабылдағыштарды жолаушының келісімімен қосады және оларды жолаушының талап етуі бойынша сөндіреді.

      115. Тапсырыстың орындалуына жеке өзі немесе телефон арқылы шақырылатын такси-автомобильдегі жүргізуші мынадай себептер бойынша:

      егер адамды құқық қорғау органдары қудаласа;

      жолаушылардың саны автомобильдегі отыратын орындардың санынан асқан кезде;

      жолаушының өміріне қауіп төнетін жағдайлардан басқа, жолаушы мас күйде немесе есірткіден уытталған күйде болған жағдайда;

      жолаушының киімі, оның жүгі немесе ол алып жүретін жануарлар басқа жолаушыларға немесе автомобиль салонына зиян келтірген жағдайда;

      қозғалысына тыйым салынған немесе апатты жағдайдағы жолдармен жүріп, қызмет көрсетуге шақырған кезде оны орындаудан бас тартады.

      116. Жүргізуші, егер жолаушылардың багажы багаж бөлімшесіне сыйса және оған зиян келтірмесе, оны тасымалдауға тыйым салмайды.

      117. Егер зақымдалуы Жол қозғалысы қағидалардың және осы Қағидалардың бұзылуынан туындаса, тасымалдаушылар материалдық жауапкершілік тартады және жолаушылар денсаулығына, сондай-ақ олардың тасымалданған заттарына келтірілген зиянның орнын толтырады.

  Елордада автомобиль көлігімен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
қосымша

      Жолаушылар мен багаждың қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарында қызмет көрсетуге арналған конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

Р/с №

Көрсеткіш

Балдар саны

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан кем

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 % -дан астам

1.*

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:



5 жылға дейін

+4

+8

+10


5 жылдан 9 жылға дейін

+3

+2

+1


9 жылдан 12 жылға дейін

+2

+1

+0,5


12 жылдан астам

0

0

0

1.1

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+1 (әр бірлік үшін)

1.2

Отандық өндірістегі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.3

Дайындаушы зауытпен жұмысқа бейімделген табиғи газбен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.4

Автобустар, шағын автобустар бар болған кезде:


жеке меншікте

+1,5 (әр бірлік үшін)

тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған

+1 (әр бірлік үшін)

1.5

Электрқозғалтқышы бар автобустар, шағын автобустар болған кезде

+5 (әр бірлік үшін)

2.

Тасымалдаушының автомобильмен жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты тасымалдаудағы жұмыс өтілі:


3 жылға дейін

+1

3 жылдан 8 жылға дейін

+3

8 жылдан астам

+5

3.

Өндірістік-техникалық базаның болуы

жеке

жалға алынған

шарт негізінде қызмет көрсету

Өндірістік корпус:




ТҚК кешені (аймақ, учаске);

+3

+0,7

+0,2

АЖ кешені:




посттар;

+3

+0,7

+0,2

өндірістік учаскелер және цехтар

+3

+0,7

+0,2

Қойма үй-жайлары

+2

+0,3

+0,1

Автотұрақ, соның ішінде:




ашық

+1,5

+0,7

+0,3

жабық

+2,5

+1

+0,5

Жинастыру-жуу кешені:




қолмен жуу;

+0,7

+0,5

+0,2

механикаландырылған жуу

+1

+0,7

+0,5

Бақылау-техникалық пункті

+0,7

+0,2

+0,1

Әкімшілік ғимарат (үй-жай)

+0,3

+0,1

0

Үй-жай немесе соның ішінде медпункт бөлмесі

+0,5

+0,3

+0,2

Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар

+0,3

+0,1

0

4.

Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:


резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды;

-2

резервті жылжымалы құрам бар

+2

5.

Жолаушылар тасымалдарын жақсарту үшін қосымша ұсыныстар: аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды хабарландыру тәсілі:


магниттік жазба арқылы;

+1 (әр бірлік үшін)

автобустық дауыс зорайтқыш жабдық арқылы;

+0,7 (әр бірлік үшін)

кондуктор немесе жүргізуші хабарлайды;

+0,1 (әр бірлік үшін)

кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға өндірушіден ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы

+1 (әр бірлік үшін)

тасымалдауды жүзеге асырған кезде автобуста (шағын автобуста) нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы

+1 (әр бірлік үшін)

      Орташа балл пайдалану мерзімі бойынша әр автобусты (шағын автобусты) бағалау жолымен (резервті есептемегенде) шығарылады, олар бойынша балдар қосылады және автобустардың (шағын автобустардың) санына бөлінеді.

      ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады