Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 272 "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 111 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 мамырда № 4555-12 болып тіркелді

      Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 272 "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі

      және автомобиль жолдары басқармасы"

      мемлекеттiк мeкeмeci

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 24 сәуірдегі
  № 111 қаулысына қосымша
  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2013 жылғы 18 желтоқсандағы
  № 272 қаулысымен бекітілген

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KR-KG-1

"Қызылсай ауылы- Сенек ауылы"

27

2

KR-KG-2

"Жаңаөзен қаласы – Құланды ауылы"

4,1

3

KR-KG-3

"Ракушечное" кенорнына кірме жолы

18

4

KR-KG-4

Қарақия теміржол станциясына кірме жолы

12

5

KR-KG-5

Мұнайшы ауылына кірме жолы

3

6

KR-KG-6

Жетібай станциясына кірме жолы

2

7

KR-KG-8

Құрық ауылынан өту жолы

1

8

KR-KG-9

Қарақия теміржол станциясына өту жолы

3

9

KR-KG-10

Құрық ауылының әуежайына өту жолы

2

10

KR-KG-11

"Сенек ауылы- Аққұдық елді мекені"

87

11

KR-KG-12

"Құрық ауылы – Құрық ауылының порты"

22

12

KR-KG-13

"Құрық ауылының порты – Қызылқұм жері"

10

13

KR-KG-14

А-33 "Доссор – Құлсары – Бейнеу ауылы– Сайөтес ауылы– Шетпе ауылы– Жетібай ауылы– Ақтау порты" автомобиль жолы учаскесінің 707 шақырымнан 713 шақырымға дейінгі 5 (бес) шақырымы

5

14

KR-KG-15

Сенек ауылы "Ата жолы" автомобиль жолының 87 шақырымынан "Бозжыра" шатқалына кірме жолы

13,2

15

KR-KG-16

Сенек ауылы "Ата жолы" автомобиль жолының 87 шақырымынан "Бозжыра" шатқалын қарау алаңына кірме жолы

18,5



Барлығы

227,8 шақырым


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады