Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 142 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 46 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 6244-13 болып тіркелді

      Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 142 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5039 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы және 1-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Агибаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Келес аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Келес ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 21 ақпандағы
№ 46 қаулысына қосымша
  Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 142 қаулысына
2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Абай ауылы бойынша

1

Б.Қырғызалиев көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы жағы

2

Т.Рысқұлов көшесіндегі Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратына қарама-қарсы жағы

3

Т.Рысқұлов көшесіндегі Келес ауданы әкімдігінің "Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының сол жағы

4

Ә.Сатбаев көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№1 О.Есімов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

Біртілек ауылдық округі бойынша

5

Аққорған елді мекені, Ынтымақ көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№8 Т.Бегманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

6

Еңбекші елді мекені, Мүслім ата көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№12 Р.Әлібекұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

7

Игілік елді мекені, Сұнқар көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№10 "Игілік" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Қошқарата ауылдық округі бойынша

8

Бесқұбыр елді мекені, Қ.Ерназаров көшесіндегі "Келес ауданы әкімдігінің "Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының "Бесқұбыр" ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

9

Қошқарата елді мекені, С.Өсербайұлы көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

10

Аманжар елді мекені, А.Байтұрсынов көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№28 "Мақташы" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Ұшқын ауылдық округі бойынша

11

Ұшқын елді мекені, Қ.Қонысбаев және Д.Қонаев көшелері қиылысының батыс жағы

Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша

12

Ақжол елді мекені, С.Қожанов және Абай көшелері қиылысының солтүстік шығыс жағы

13

Қауыншы елді мекені, Б.Майлин және Т.Тажибаев көшелері қиылысының оңтүстік жағы

Жүзімдік ауылдық округі бойынша

14

Жүзімдік елді мекені, Б.Қалмаханов және Т.Бигельдинов көшелері қиылысының оңтүстік батыс жағы

Бірлесу ауылдық округі бойынша

15

Қазақстан елді мекені, Б.Құрмансеитов және М.Иебаев көшелері қиылысының оңтүстік батыс жағы

16

28 гвардия елді мекені, Қабанбай батыр көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№34 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Ақтөбе ауылдық округі бойынша

17

Жуантөбе елді мекені, Ақдала және Атамұра көшелері қиылысының солтүстік батыс жағы

18

Жаңадәуір елді мекені, Нұрлы жол көшесі мен "Жызақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы" республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолы қиылысының шығыс жағы

19

Лесбек батыр елді мекені, А.Туралимов және Б.Ермеков көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

20

Көкбұлақ елді мекені, Т.Сүлейменов көшесі мен "Жызақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы" республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолы қиылысының оңтүстік батыс жағы

21

Бозсу елді мекені, Жаңағасыр көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№43 "Болашақ" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

Бірлік ауылдық округі бойынша

22

Бірлік елді мекені, Ә.Жангелдин және М.Әуезов көшелері қиылысының шығыс жағы

23

Жаңатіршілік ауылы, Х.Көбеев және Д.Қонаев көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

Ошақты ауылдық округі бойынша

24

С.Саттаров елді мекені, М.Әуезов және Ә.Молдағұлова көшелері қиылысының солтүстік батыс жағы

25

Береке елді мекені, Ж.Жақсыбеков көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№47 Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

26

Ошақты елді мекені, Құрбанов көшесіндегі "Асмет ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының сол жағы

Бозай ауылдық округі бойынша

27

Бозай елді мекені, Құрманғазы және Қазыбек би көшелері қиылысының оңтүстік жағы

28

Тентексай елді мекені, Ш.Қалдаяқов және Ы.Алтынсарин көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

Жамбыл ауылдық округі бойынша

29

Бекбота елді мекені, Жамбыл және Абай көшелері қиылысының оңтүстік батыс жағы

30

Ащыкөл елді мекені, Бейбітшілік және Құрманғазы көшелері қиылысының солтүстік шығыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады