Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 сәуірде № 34270 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 15 сәуірдегі
№ 370 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15651 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) келіп түсетін жанармайдың сапасын сақтау мақсатында мемлекеттік авиациядағы жанар-жағар май материалдарының және арнайы сұйықтықтардың (бұдан әрі – жанармай) сапасын қамтамасыз етуін ұйымдастыру, оның кондиция шегінен шығуына жол бермеу және авиациялық техникада кондициялық емес жанармайды қолдануды болдырмау немесе оны арналуы бойынша пайдаланбау жөніндегі қызметті нақтылайды.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Әуе кемелерінің гидравликалық жүйелеріндегі, жалпы қолданылатын жерүсті қызмет көрсету құралдарындағы, арнайы мақсаттағы гидравликалық құрылғылардағы жұмыс сұйықтықтарының нақты жай-күйі әуе кемесінің нақты түріне арналған пайдалану құжаттамасында көзделген кезеңділікпен оларды талдау кезінде айқындалған кинематикалық тұтқырлығы, механикалық қоспалардың болуы, қышқыл мөлшері және ашық тигельде тұтану температурасы бойынша (соңғы екі көрсеткіш тек 7-50с-3 сұйықтығы үшін) бағаланады.";

      79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Әуеайлақ қоймаларындағы авиациялық жанармайдың тазалығын қамтамасыз ету схемасы осы Нұсқаулыққа 23-қосымшада келтірілген.

      Технологиялық сызбаның элементтерін құрылымдық тұрғыдан орындау жанармайдың ластануын, жанармайдың тұндыруға құйылмай, шығыс резервуарына және тұндырғыш резервуарынан әуе кемесіне құйылып кетуін, сондай-ақ жанармайдың әр түрлі маркасының араласуын болдырмауға тиіс.

      Шығыс материалы ретінде бөлінетін резервуар жыл сайын авиациялық бөлім (қамтамасыз ету бөлімі) командирінің бұйрығымен жарияланады.

      Тұндырғыш және шығыс резервуарын жабдықтау осы Нұсқаулыққа 24 және 25-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады. Резервуардың шығыс тобы қабылдау, ағызу және тазарту құбырларына қосылған болуға тиіс.

      Шығыс резервуарының мойын жағына қарай, одан кері жаққа қарай көлбеу орналасуына жол беріледі. Ағызу краны резервуардың төменгі түзгішінен ішкі бетінен жоғары болмайтын оның төменгі нүктесінде орнатылады. Әуе кемесіне топпен жанармай құюдың шығыс резервуары тобы жанармай қоймасының шығыс резервуары тобына ұқсас жабдықталады.

      СКҚ сұйықтықтарын қосымша қосқан жағдайда өзіндік жетегі бар дозатор ағын (сүзгі-сепаратор мен сүзгі арасында) желісіне де орнатылады (келіп түсу шамасына қарай).

      80. Бөлім қоймасында жанармайды тұндырғыш резервуарларынан шығысқа қайта айдау алдында зертхана бастығы (зертханашы):

      1) тұндырғыш резервуарларының таңбалануын, соңғы талдау деректері бойынша ондағы жанармай сұрпын (маркасын) және сапасын;

      2) резервуар пломбасының немесе мөрінің бар болуын және техникалық жай-күйін;

      3) жанармайды тұндыру уақыты жөніндегі талаптардың орындалуын (жанармайды тұндырғыш резервуарында тұндыру уақыты жанармайды құю биктігі бойынша 0,3 м/сағатқа тең бөгде қоспаларды тұндыру жылдамдығы есебінен айқындалады);

      4) түбіндегі сынаманы алғаннан кейін анықталған кезде тұнбаны жоюды жүргізуді;

      5) қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұндырғыш резервуарынан алынған сынамада механикалық қоспаның, судың (қысқы уақытта – мұз кристалдарының) болуын. Механикалық қоспа мен суы бар жанармайды шығыс резервуарына қайта айдауға жол берілмейді;

      6) шығыс резервуарының төменгі ағызу кранынан алынған сынамада механикалық қоспа мен судың (қысқы уақытта – мұз кристалдарының) болуын (анықталған кезде жанармай тұнбасын ағызу);

      7) сүзгідегі қысымның ауытқуы (сүзгі жұмысын есепке алу журналы бойынша), анықталған кезде тұнбаны ағызу қажет;

      8) дозатордың техникалық жай-күйін және оны жанармайға қосу кезінде СКҚ сұйықтығының сапасын (соңғы талдау деректері бойынша тексереді.

      Қайта айдау аяқталғаннан кейін шығыс резервуары шағын тобының төменгі ағызу кранынан біріктірілген сынама алынады және оған бақылау талдау жүргізіледі. Қайта айдалған жанармайға бақылау талдау нәтижесін ескере отырып, паспорт ресімделеді.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Қоймада шығыс резервуарынан автомобильдік отын құю құралына жанармайды беру алдында зертхана бастығы (зертханашы) мыналарды тексереді:

      1) шығыс резервуар тобына:

      резервуарды таңбалауды;

      бақылау талдау деректері бойынша жанармай маркасы мен сапасын;

      резервуарда пломбаның болуын және техникалық жай-күйін;

      жанармайды тұндыру уақытын;

      төменгі ағызу кранынан алынған сынамада механикалық қоспа мен судың (қысқа уақытта – мұз кристалының) болуын (анықталған кезде жанармай тұнбасын ағызу);

      олар арқылы жанармай құралын толтыру жүргізілген сүзгідегі және сүзгі-сепаратордағы қысымның ауытқуы (сүзгі жұмысын есепке алу журналы бойынша) (анықталған кезде сүзгіден және сүзгі-сепаратордан тұнбаны ағызу қажет).

      Әуе кемелеріне құю үшін арналған шығыс резервуары тобынан төменгі ағызу краны арқылы 1,5 дм3 мөлшерінде біріктірілген сынама алынады, авиациялық бөлім (қамтамасыз ету бөлімі) командирінің бұйрығы бойынша айқындалған жанармай қызметінің лауазымды адамы мөр басады және ұшу аяқталғанға дейін жанармай қоймасында (әуе кемелеріне топтық отын құюшыда) сақталады. Сынама жанармай сапасына байланысты авациялық оқиға болған жағдайда комиссияға ұсынылады;

      2) автомобильдік май құю құралында:

      отын құю құралын толықтыру үшін түтік құбырдың тазалығын және техникалық жай-күйін;

      отын құю құралы таңбасының құйылатын жанармай маркасына сәйкес келуін;

      сүзгідегі қысымның ауытқуын (формулярдағы жазбаға сәйкес), технологиялық желідегі жанармай ағуының болмауын;

      жанармай тұнбасында судың және механикалық қоспаның, ал қысқы уақытта, егер СКҚ сұйықтығы қосылса мұз кристалының болуын;

      құю мойнында, ауа түсу клапанында, сүзгілерде және қабылдау келтеқұбыр қақпағында пломбаның болуын;

      тарату және ағызу краны, құю мойнында, қабылдау құбыртүтігінде (келтеқұбырында) тыстың болуын;

      тарату краны торының, жабық құйғыштың және қабылдау келтеқұбыры ұштығының ақаусыздығын және тазалығын;

      автомобильдік отын құю құралының формулярында регламенттік жұмыс жүргізу және оның сапасы туралы жазбаның болуын;

      тарату кранында қалпақшаның болуын және беріктігін және олардың тексерілетін отын құю құралына тиесілігін, сондай-ақ тарату крандары жерге түйістіру арқаншасының (жабық құйғыш ұштығының) болуын және ақаусыздығын (көзбен шолып);

      өрт сөндру құрылғысы мен құралының болуын және ақаусыздығын.

      Нұсқаулықтың 82-тармағы осы тармақшасының талаптарына жауап бермейтін арнайы автомобильдер құюға жіберілмейді.

      Автомобиль құралдарын механикалық қоспасы, суы, ал қысқы уақытта мұз кристалы, сондай-ақ әзірлеуші зауытпен белгіленген ұшу аппараттарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген талаптарына жауап бермейтін мөлшердегі СКҚ сұйықтығы бар жанармаймен толтыруға жол берілмейді.";

      86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Жанармай тазалығын тексеру көзбен шолып немесе көрсетілген тексеруді орындау үшін жол берілген тиісті аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Көзбен шолып тексеру үшін жанармай тексерілетін жанармайға ластанудың және атмосферадан ылғалдың түсуін болдырмау үшін қақпаққа жабылатын сыйымдылығы 0,5 – 1 дм3 түссіз шыныдан мөлдір таза ыдысқа ағызылып алынады.

      Жанармай тазалығы оны шыны ыдыста айналдыра шайқап сәуле өткізуін қарау (күндізгі немесе электр шамы) арқылы тексеріледі. Жанармай, егер ол мөлдір және онда шыны ыдыста қалықтаған және түбінде тұнған бөгде қоспаның, оның ішінде судың (мұз кристалының) көзбен шолып байқалмауы таза болып саналады. Жанармайда судың болуы екі сұйықтықты бөлу фазалары бөлігінің желісі бойынша (шыны ыдыстың төменгі жағында – су, жоғарғыда – жанармай) немесе шыны ыдыстың түбінде су тамшысының болуы айқындалады. Жанармайда судың болуын суды анықтау индикаторларының (паста, қағаз, таспа, құрғақ перманганат клийі) көмегімен айқындауға жол беріледі.

      СКҚ сұйықтықтары жоқ жанармайды қолданған кезде немесе шығыс резервуарларынан кейін оларды қосқан кезде мұз кристалының болуы тек олар арқылы 10 – 20 дм3 отынын айдағаннан кейін тарату крандарынан алынған сынамаларда ақаулы белгі болып табылады.

      87. Жанармай сынамасында су, механикаландырылған қоспа мен басқа да ластану анықталған (түсі өзгерген, лайланған, тұнба түскен) кезде оларды жоюға шаралар қабылданады. Ол үшін кемінде 10 минут қосымша тұндырғаннан кейін тұнбадан қосымша ағызу (мөлшері 5 – 10 дм3) жүргізіледі.

      Егер осындай мөлшерде жанармайды ағызғаннан кейін су мен ластану кетпесе, онда отын құю құралы немесе шығыс резервуары отын құюдан шеттетіледі. Мұндай жағдайда жанармайдың ластану себептері анықталады және оларды жоюға шаралар қабылданады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Әуе кемесіне құюға қаныққан жанармай беруді бақылау нәтижесі оң болған кезде жанармай қызметінің өкілі жүзеге асырады.

      Әуе кемесіне құюға рұқсатты бақылау талонына жазбаны жасап, ИАҚ (ИАҚЕ) және жанармай қызметінің өкілі береді.

      Жанармай бар автомобильдік құю құралдары ұзақ уақыт (6 сағаттан астам) тұрған кезде оларды әуе кемесіне құюға жіберу алдында зертханашы ИАҚ (ИАҚЕ) өкілімен бірлесіп, тұнбаның тазалығына қайтадан тексеру жүргізеді, ол туралы бақылау талонында тиісті белгі қойылады. Автомобильдік отын құю құралының тұрған уақытын қарауды әуеайлақ-техникалық қамтамасыз ету бойынша кезекші жүзеге асырады.";

      92 және 93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Әуе кемесіне жанармай құю алдында авиациялық техник, борт-техник (инженер) мынаны тексереді:

      1) арнайы автомобиль жүргізушісінде жанармайға бақылау талонының болуын және дұрыс ресімделуін;

      2) бақылау талонында құюға рұқсаттың болуын;

      3) жалпы қолдануды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының құюға жіберу туралы жазбалардың болуын;

      4) бақылау талонындағы май құю құралының таңбалануын және пайдалану құжаттамасына сәйкес келуін;

      5) отын құюдың және әуе кемесінің жерге түйістіру сенімділігін;

      6) отын құю құралдарының арнайы жабдығында пломбаның болуын және ақаусыздығын.

      Авиациялық техник, борт-техник (инженер) жабық құю тарату крандарының және ұштықтарының, сүзгі торларының тазалығын және ақаусыздығын (сүзгі торларының тығындалуына немесе бұзылуына жол берілмейді), сондай-ақ 10 минут тұрғаннан кейін отын құю құралдарында жанармай тұнбасының тазалығын қосымша тексереді.

      93. Әуе кемесінің багында және жүйесінде жанармай болуының және сапасының сақталуын осы әуе кемесінің аға технигі (технигі), борт-технигі (инженері) қамтамасыз етеді.

      Әуе кемесінің багында жанармайды сақтау мерзімдері осы Нұсқаулыққа 29-қосымшада келтірілген.

      Ұшуалды дайындығы кезеңінде авиациялық техник, борт-техник (инженер) әуе кемесіне арналған пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес бактан жанармай тұнбасын ағызып алады және оны судың және мехникалық қоспаның болуына тексереді, ол туралы әуе кемесін дайындау журналының бақылау парағында белгі жасайды.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Бақылау ұшуды және литерлік рейсті орындайтын әуе кемесіне май құюға берілетін жанармайдың қажетті сапасын тиісті іс-шараларды орындауды регламенттейтін басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Алып жүрілетін сынамаалғышпен жанармай сынамаларын алған кезде жабық сынамаалғаш белгіленген деңгейге дейін түсіріледі және қақпағын немесе тығынын ашып оны толтырады. Бірнеше деңгейден сынама алып жүрілетін сынамаалғышпен жүйелі түрде жоғарыдан төмен алынады. Алынған жанармай сынамасының температурасын және тығыздығын өлшеген кезде сынамаалғыш белгіленген деңгейде кемінде 5 минут ұсталып тұруға тиіс.";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Тасымалдануға жататын жанармай сынамалары "Қауіпті жүк. Жіктелім" МЕМСТ 19433.1-2010 бойынша қауіпті жүкке "Жеңіл тұтанатын сұйықтық (ЖТС)" жіктемесіне жатады. Арнайы сұйықтық "Улы заттар (УЗ)" қауіпті жүктің алтыншы жіктемесіне жатады.

      Жанармай сынамасы бар шыны ыдыс (шыны ыдыстың сыйымдылығы 1 дм3 аспауға тиіс) қақпақтары және ыдыстың барлық бойына жанбайтын жұмсақ төсеме және сіңіру материалдарымен бос орынды толтырумен ұяшықтары бар мықты ағаш (пластмасс, метал) жәшіктерге қапталады. Жәшіктердің қабырғалары тығындалған бөтелкелерден немесе банкілерден 50 мм жоғары болады.

      Жанармай металл немесе пластмасса банкада, бидонда және канистрада тасымалданады, олар қосымша ағаш жәшіктерге немесе орамаларға қапталады. Сынамасы бар бір орынның брутто массасы 50 кг аспауға тиіс.

      Жөнелтуші сынаманың ішкі орамасының дұрыс болуын қамтамасыз етеді, сәйкес келмейтін орамада сынама тасымалдаумен байланысты жағдайға жол бермейді. Сынамасы бар орамада қауіп белгісі жасалады.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 3-қосымша ескертпесінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бақылау және толық талдау пайдалану құжаттамасында көрсетілген кезеңділікпен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшылық құрамының талап етуі бойынша жүргізіледі.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 4-қосымша бірінші жолының 3-бағанына орыс тілінде өзгеріс енгізілген, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 5-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 8-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 13-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 14-қосымшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жанармай толтырылған резервуардағы, ыдыстағы және техникалық құралдағы негізгі жазба жанармай түрі мен маркасын көрсетеді. Мысалы, Б-91/115 авиациялық бензині, дизель отыны, ТС-1 авиациялық керосині.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 16-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе.

      5 және 6-бағандарда соңғы толық (қоймалық бақылау) талдау күні (сапа паспорты немесе талдау журналдары бойынша) қойылады. 7 – 18-бағандарда алыммен талдау түрі (Б – бақылау, Т – толық, Қ – қоймалық), бөлгішпен талдау (паспорт) жүргізу күні мен нөмірі көрсетіледі. Талдау жүргізу жоспарланған мерзім 3-қосымшада келтірілген зертханалық тексеру кезеңділігін ескере отырып, қойылады.

      Талдау жүргізу жоспарын келіскен кезде зертхана бастығы өзінің нақты мүмкіндігіне сүйеніп, жоспарланған мерзімді түзетеді. Мысалы, жоспар жобасында талдау жүргізу мерзімі – "мамыр". "Сәуірге", "наурызға" ауыстыруға болады, бірақ "маусымға", "шілдеге" ауыстыруға болмайды. Жоспарға жанармай қызметінің бастығы қол қояды.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 17-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "И" СКҚ сұйықтығын отынға қосу авиациялық бөлімдердің (қамтамасыз ету бөлімдерінің) жанармай қоймасында отынды май құюға беру үшін дайындау кезінде жүргізіледі. Сұйықтық шығыс резервуарын толтыру кезінде отын ағынына сорғының құю желісіне алып жүрілетін немесе стационарлық түріндегі дозатордың көмегімен қосылады.

      Авиациялық бөлімге (қамтамасыз ету бөліміне) бөлек жетегі бар СКҚ сұйықтығының дозаторы түскен кезде оны орнату шығыс резервуары алдындағы айдау құралдарының күштік желісінде жүзеге асырылады. СКҚ сұйықтығының қосымша қосқан жағдайда (температуралық шартқа және әуе кемесінің түріне байланысты) көрсетілген мөлшерлегіш күштік желіге (сүзгі мен сүзгі-сепаратор арасында) қосымша орнатылады (1-сурет).

      СКҚ сұйықтығын автоотынқұйғыш мойын арқылы қолда бар құралдармен қосу (канистрада, шелектен) тек көрсетілген мөлшерлегіштер болмаған жағдайда жүргізіледі. Алынған қоспа "шеңберге" айдалады.

      СКҚ сұйықтығын әуе кемесінің багына тікелей қосу жүргізілмейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сорғы тоқтатылған кезде (айдау аяқталғаннан кейін) мөлшерлегіш резервуардағы отын деңгейінен төмен орналасқан кезде онда жанармайдың толып қалуын және резервуардағы отын деңгейінен жоғары орналасқан кезде мөлшерлегіш магистральға СКҚ сұйықтығының ағып кетуін болдырмау үшін 6-шұра дереу жабылады. Мөлшерлегіште отынның толып қалуын болдырмау үшін сорғының жинау құбырынан дозаторға сұйықтықтың кері ағуын болдырмайтын 7-түтікті кері клапанмен жабдықтауға тиіс. 4-силикон-гель патроны мөлшерлегішке келіп түсетін ауаны кептіреді, ол СКҚ сұйықтығының сулануын болдырмайды. Силикон-гель патроны ылғалданған кезде силикон-гель 110°С – 120°С дейін қыздыру жолымен тесіледі.

      Мөлшерлеу анағұрлым сенімді және қолайлы болу үшін өлшеу шынысы ойығы бар 2-металл қаптамаға орнатылады. СКҚ сұйықтығын барлық айдалатын отын бойынша сапалы және біркелкі араластыру үшін сұйықтықтың есептік мөлшерінің отынды айдаудың барлық уақытында үздіксіз қосылуын қадағалау қажет.

      Мөлшерлегішті пайдалануға енгізу жыл сайын бақылау өлшеумен және мөлшерлеуді нақты сипаттап актімен ресімделеді.

      Мөлшерлеудің нақты болуын бақылап өлшеу мөлшерлегіш осы қосымшаның 6-тармағында көрсетілген жол берілетін ауытқуды қамтамасыз етпейді деп күмәнданған кезде жүргізіледі.

      СКҚ сұйықтығы күн сәулесі түспейтін жабық ақаусыз болат резервуарда және сыйымдылығы 0,9-дан аспайтын болып толтырылған ыдыста сақталады. СКҚ сұйықтығы бар резервуар мен ыдыс саңылаусыз жабылады және пломбаланады. Төсеме материалы ретінде ПОВ-50, ПОВ-67 полиэтилен негізіндегі пластмасса мен паронит пайдаланылады.

      СКҚ сұйықтығын ұзақтығы 1 тәуліктен астам ішкі мырыш жабыны бар резервуарда және ыдыста, автоотынқұйғышта, автоцистернада және құбыр арқылы сақтау және тасымалдау жүзеге асырылмайды.

      Теміржол цистернасынан СКҚ сұйықтығын ағызып алу кезінде жанармайды айдаудың, құюдың және тасымалдаудың штаттық техникалық құралдарын пайдалануға жол беріледі. Отынқұйғышты СКҚ сұйықтығынан босату сүзгісіз жүргізілуге тиіс. СКҚ сұйықтығын ағызғаннан кейін көрсетілген техникалық құралдар реактивті қозғалтқыштарға арналған отынмен жуылады. СКҚ сұйықтығын ішкі беті лак-бояумен боялған техникалық құралда сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді.

      Ағу анықталған кезде СКҚ сұйықтығы мұнай өнімінің қалдығы жоқ ақаусыз таза ыдысқа құйып алынуға тиіс және сұйықтықтағы судың болуын тексеру қажет.

      Реактивті қозғалтқышқа отында СКҚ сұйықтығының болуын бақылау оларды шығыс резервуарына қосқаннан кейін, сондай-ақ отын құю құралының тарату құрылғысынан алынған сынамада әуе кемесіне отын құю алдында (ұшу ауысымында 1 реттен сиретпей) жасалады.

      СКҚ сұйықтығын әрбір қосу алдында, сондай-ақ олар құйылатын отында сумен араласуы және еруі тексеріледі. Реактивті қозғалтқышқа отында СКҚ сұйықтығын айқындау әдісі, сондай-ақ СКҚ сұйықтығының отында сумен араласуын және еруін айқындау әдісі 18 – 21-қосымшаларда келтірілген.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 18-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Анықтауды жүргізу

      СКҚ сұйықтығының болуын айқындау мынадай тәсілмен жүргізіледі: бөлшегі бар ворнкаға 10 см отын және 10 см су, құяды, қоспаны 2 минут бойы жылдам араластырады және отын мен судың қабаттауы үшін тұндырады; содан кейін ұзын воронкадан пробиркаға су сорғышын құяды. Кейіннен 2 см3 су сорғышын басқа пробиркаға қосады, 2 см3 қос хром қышқылды калий ерітіндісі, 2 см3 күкірт қышқылы қосылады және араластырылады.

      Қос хром қышқылды калий ерітіндісі болмаған жағдайда анықтауды құрғақ қос хром калий препаратымен жүргізуге болады. Бұл ретте 2 см3 су сорғышы бар пробиркаға 2 см3 су, 0,04-0,05 г құрғақ қос хром калий препаратын қосады және тұз толық ерігенген дейін араластырады. Кейіннен 2 см3 күкірт қышқылын қосады.

      1-2 минуттан кейін пробиркада ерітіндінің реңкін көруге болады: отында СКҚ сұйықтығы болмаған кезде ерітінді реңкі қызғалт сары (бақылау тәжірибесінде сияқты); 0,1% масса болғанда сары-жасыл (қыша түстес), 0,2% масса болғанда жасыл; 0,3% масса және одан астам – көгілдір (ашық көгілдір).

      Ерітінді реңкінің анағұрлым нақты нәтижесін алу мақсатында түсті бақылау шәкілінің реңк түсімен салыстыру қажет (1-сурет). Талданатын отында сұйықтықтың болуы ерітінді реңкіне жақын тиісті шәкіл мөлшерінің болуына тең.

      Отында суда ішінара немесе толық еритін немесе сулы сорғышта қалпына келтірілетін қос хромды реагенттердің қанығуын арттыруға қабелітте басқа да органикалық негіздегі сұйықтықтың (тұнбаның) болуы ерітінді реңкінің бірқатар өзгеруіне әкеледі және отында СКҚ сұйықтығының болуы бойынша көтеріңкі нәтиже береді. Мысалы, ерімейтін тұнбасы бар РО отынындағы СКҚ сұйықтығын анықтау кезінде асып кету 0,05% массаны құрайды. Мұндай асып кету 0,05% массаға түзету енгізу деп ескеру қажет.

      Отында 0,3% массадан астам көп мөлшерде СКҚ сұйықтығы болған және оның құрамын анықтау қажет кезде жанармайдан тұнбаны шығару үшін пайдаланылатын судың мөлшерін ескеру, ал қалған жерде мазмұндалған әдіснамаға сәйкес әрекет ету қажет.

      Бұл ретте отындағы сұйықтық концентрациясының мәнін алу үшін тиісті шәкіл көрсеткіштері бойынша көрсетілген мән шығару үшін алынған судың мөлшерін тең есеге арттыратын санға көбейтілуге тиіс.

      Мысалы, ерітіндінің жасыл реңкін алу үшін шығаруға 30 см3 (жоғарыда көрсетілгендей сияқты емес 10 см3) су алынды. Түсті шәкіл бойынша су ерітіндісінің реңкі "0,20% масса" мәні бар көрсеткішке сәйкес келеді. Онда талданатын жанармайда тұнбаның болуы мынаны құрайды: 0,20% масса * 30/10=0,60% масса.



1-сурет. Түсті бақылау шәкілі

      ";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 22-қосымшаның 14-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жанармай сапасын сақтауға ықпал ететін сақтау, тасымалдау және айдау құралдарына толық қызмет көрсетуді тексеру (резервуардың саңылаусыздығын, бекітпе, қақпақ, қымтама орнату)";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 26-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 28-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе.

      Журналдың соңында отын құю агрегатының сүзгісі арқылы берілген (айдалған) жанармайды есепке алу жүргізіледі, жасалған регламенттік жұмыс туралы жазба жасалады. Осы мақсатта әрбір отын құю агрегаты үшін журналдың жеке парағы бөлінеді.

      Айдалған жанармайды есепке алу және регламенттік жұмыс туралы белгі әрқайсысы бойынша жеке отын құю агрегатының формулярында жүргізіледі.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 31-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 32-қосымша 1-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеру объектісі (резервуар нөмірі, авиациялық техника үлгісінің борттық нөмірі)".

      2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қарулы Күштерде тамақтандыруды ұйымдастыруға жалпы басшылық жасауды Қарулы Күштерде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жабдықталым органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығы басқармасының азық-түлік басқармасы (бұдан әрі – азық-түлікпен қамтамасыз ету басқармасы) жүзеге асырады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Азық-түлік өнімін, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу және ЖТР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Әскери қызметшінің (әскери команданың, бөлімшенің) тамақтануға, заттай азық-түлік немесе азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы алуға құқығы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 7-тармағына және 48-бабына сәйкес айқындалады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Бекітілген азық-түлікті бөліп салуға өзгерістер енгізу бөлім командирінің рұқсатымен жүргізіледі.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Әскери-емдеу мекемесінде науқастар олардың келіп түскен уақытына байланысты:

      8 сағатқа дейін келгендер – таңғы асқа;

      8 – 13 сағатқа дейін келгендер – түскі асқа;

      13 – 19 сағатқа дейін келгендер – кешкі асқа тамақтандыруға қабылданады.

      Шығару кезінде азық-түлікпен қамтамасыз етуден алу азық-түлікке (яғни, кімге ол тиісті) аттестат бере отырып, жергілікті жағдайға байланысты таңғы астан, түскі астан немесе кешкі астан кейін жүргізіледі.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Спорт бөлімшелерінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт комитетінің әскерге шақыру бойынша әскери қызметті өткеретін спортшы әскери қызметшілеріне арналған норма бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Қазанға азық-түлік салуды асхана бойынша кезекшінің, бөлім бойынша кезекшінің және кезекші дәрігердің (фельдшердің) қатысуымен аспазшы салмақ бойынша жүргізеді.

      Асхана жұмысын ұйымдастыру үшін күн сайын асхана бойынша кезекші тағайындалады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) талаптарына сәйкес міндеттерді орындайды.

      Ағымдағы айға асхана бойынша кезекшінің қызметін атқаруға жіберілген адамдардың тізімін әскери бөлім командирі бекітеді. Асхана бойынша кезекші асханадағы тізімдеме бойынша жабдықты, жиһазды, асханалық-асүйлік ыдысты және мүкәммалды қабылдайды.

      Тәуліктік наряд құрамына асхана бастығы және нұсқаушы-аспазшы тағайындалмайды.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Астары жылы күртешеде, пальтода, бас киімде және арнайы (жұмыс) киім нысанында тамақ ішу жүзеге асырылмайды.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Әскери эшелондар құрамында тасымалданатын әскери бөлім (бөлімше) азық-түлікпен:

      тәулігіне әскери эшелондардың жол жүру нормаларына сүйене отырып, жүру жолына;

      азық-түліктің белгіленген әскери және түсіру (кемінде 5 тәулікке) қорымен;

      далалық асүймен;

      қажетті мүкәммалмен және басқа да мүлікпен қамтамасыз етіледі.

      Әскерге шақырушылармен және запасқа шығарылған әскери қызметшілермен әскери эшелон азық-түліктің әскери және түсіру қорымен қамтамасыз етілмейді (жүру жолына тек ЖТР-мен).

      Дербес әскери шаруашылық жүргізетін әскери бөлім әскери эшелонмен тасымалдау кезінде техникамен және қызметтік мүлікпен өз қоры есебінен қамтамасыз етіледі.

      Егер қалыптастыру пунктінде әскери эшелон барлық жол жүруде нанмен, етпен және басқа да азық-түлікпен қамтамасыз етілмесе, онда әскери эшелондар жетіспеген азық-түлікті жол жүрген кезде әскери эшелон бастықтарының өтінімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймасы немесе әскери бөлім арқылы алады. Өтінім жазбаша түрде әскери комендант арқылы жол жүрген кезде әскери эшелон келгенге дейін 10 сағаттан кешіктірмей оны әскери бөлім немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймасы алатындай есеппен беріледі. Әскери эшелонға арналған азық-түлік оның тұрақ орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймасы немесе әскери бөлім жеткізеді және оларды беру сенімхат бойынша жүзеге асырылады.

      Әскери әшелонда далалық ас үйдің жұмысы үшін жанармай ретінде сұйық отын қолданылмайды.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Азық-түлік қызметінің техникасына:

      1) далалық техникалық құралдар:

      дайындау, тасымалдау және тамақтану құралы (автомобиль, тіркеме, алып жүрілетін, тасымалданатын, газды асхана, тіркемелі және тасымалданатын плита, жылжымалы асханалық-асүйлік, автомобиль және тіркемелі асхана, термос, термос-жәшік);

      далалық нан пісіру құралдары (автомобиль және нан пісіретін тіркеме блогы, жорықтық және жылжымалы нан зауыты, наубайхана жабдығы);

      азық-түлік пен суды жеткізу, сақтау құралдары (автомобиль және тіркеме рефрижератор, изотермиялық, нан және құрастырылған фургон, изотермиялық контейнер, тіркемелі қойма, суға арналған автомобиль, тіркемелі және тасымалданатын цистерна);

      тоңазытқыш құралдары (бөлшектенетін тоңазытқыш камера, шкаф, контейнер);

      2) далалық жөндеу құралдары:

      азық-түлік қызметінің техниканы жөндеу шеберханасы;

      азық-түлік қызметінің тоңазытқышты және технологиялық жабдықты жөндеу шеберханасы;

      3) әскери бөлім асханасының технологиялық жабдығы:

      механикалық жабдық (әмбебап асхана машинасы, картоп тазартқыш машина, көкөніс кесуге арналған машина, сүртетін машина, балық тазалауға, ет, нан турауға арналған машина, ыдыс жуатын машина);

      жылу жабдығы (қазан және тамақ пісіретін автоклав, плита, таба, қуыратын, наубайхана шкафы, су қайнатқыш, мармит);

      4) асхана мен азық-түлік қоймасының тоңазытқыш жабдығы (тоңазытқыш шкаф пен камера, тұрмыстық тоңазытқыш);

      5) стационарлық әскери нан зауытының технологиялық жабдығы: шикізатты елеуге, мөлшерлеуге, қамырды илеуге, бөлуге, ашытып қоюға, нан пісіруге арналған жабдық;

      6) салмақ өлшейтін аспаптар (үстел, тауар таразысы, гір) жатады.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Әскери бөлімдерде азық-түлік қоймаларын салу кезінде азық-түлікпен қамтамасыз ету басқармасымен келісілген үлгілік жоба қолданылады.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Үй-жайды жинау жұмыс күнінің соңында тәулігіне бір реттен сиретпей жүргізіледі.

      Азық-түлікті немесе мүлікті әрбір босатқаннан кейін төгілген өнім еденнен сыпырылады, кірден тазартылады және т.б.

      Қабырғадан, еденнен, азық-түлік бар ыдыстан, сөреден, стеллаждан шаңды сүртумен қойма үй-жайын толық жинау аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азық-түлік өнімінің орташа бөлшек бағасы статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын, тиісті айға өзекті деректеріне сәйкес айқындалады. Бұл ретте азық-түлік өнімінің орташа бөлшек бағасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқорында көрсетілген іс жүзіндегі орташа бағадан аспауға тиіс.

      Азық-түлік өнімінің жылдық орташа құнының есебі орташа арифметикалық көрсеткішті алу жолымен жүзеге асырылады:



      С – азық-түлік өнімінің жылдық орташа құны;

      Ц1 – өткен жылдың ақпанына арналған азық-түлік өнімінің құны;

      Ц2 – өткен жылдың наурызына арналған азық-түлік өнімінің құны;

      Ц3 – өткен жылдың сәуіріне арналған азық-түлік өнімінің құны;

      Ц12 – ағымдағы жылғы қаңтарға арналған азық-түлік өнімінің құны.".

      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ақшалай өтемақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүзеге асырылмайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) және мекемелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығы басқармасының азық-түлік басқармасы жасайды.".

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық жанар-жағар май
материалдарының және арнайы
сұйықтықтардың сапасын
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
  Нысан

Паспорт №___

      ____________________________ ________ келіп түскен __________

      (жанармай маркасы)

      №___сынама №___ резервуардан (партиядан) 20__жылғы "__" ___алынды

      Жасалған күні 20 __ жылғы "__" _______

      Жасаушы зауыт __________________

      Талдау жүргізілген күн 20__ жылғы "__" _____

      Паспорттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы "__" _____

Р/с №

Көрсеткіш

Стандарт бойынша норма (МЕМСТ, ТТ)

Талдау нәтижесі

1

2

3

4





      Қорытынды:______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ______________________________

      М. О.

      20__ жылғы "__" ___________ ________ зертханасының бастығы

      Ескертпе:

      зертхана беретін паспортта жанармай сапасының барлық көрсеткіші көрсетіледі. Жанармайды шығарушы зауыт беретін сапа паспортында өнімге арналған қолданыстағы стандарттың талаптары ауқымында сапа көрсеткіштері көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық жанар-жағар май
материалдарының және арнайы
сұйықтықтардың сапасын
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
________әскери бөлімінің
командирі
20 __ жылғы "__"__________

20__жылғы "__" ___жанармай сынамасын алуға акт

      Құрамында _______________________________________________ төраға

      ____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты бар болған кезде)

      комиссия мүшелері бар комиссия мынадай тізбеге сәйкес жанармайдан сынама алды:

Р/с

Сынама нөмірі

Жанармай маркасы, МЕМСТ (ТТ)

Жанармайды өңдеу күні, айы, жылы

Сынама қайдан алынды (резервуар, цистерна, көлік нөмірі)

Алынған сынама мөлшері, дм3

Сынама алынған жанармай мөлшері, дм3

Талдау түрі (бақылау, қоймалық, толық немесе қандай көрсеткіш екені айқындалсын)

1

2

3

4

5

6

7

8









      Сынама "Сынама іріктеу әдісі" МЕМСТ 2012-2517 сәйкес таза құрғақ ыдысқа алынды және _______________ бедерлі мөрмен мөрленді.

      Сынама _______________________ зертханасында талдау үшін алынды.

      Комиссия төрағасы_________________________

      Комиссия мүшелері __________________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық жанар-жағар май
материалдарының және арнайы
сұйықтықтардың сапасын
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша
  Нысан

20__жылға арналған зертхана жұмысының жоспары

Р/с№

Жоспарланатын жұмыс атауы

Еңбек шығыны (адам-күн, шартты талдау)

Орындау мерзімі

Орындауға жауапты адам

Орындалғаны туралы белгі

1

2

3

4

5

6







      Жоспарланатын жұмыс (2-баған) бөлім бойынша ресімделуге тиіс:

      1. Талдау.

      2. Жанармай сапасын және қолданылуын бақылау жұмысы:

      1) жанармайды сынау нақтылығын тексеруді ұйымдастыру;

      2) техникалық оқу (арнайы даярлық);

      3) тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға қатысу.

      3. Ұйымдастыру мәселелері:

      1) зертхана жұмысы туралы есеп беруді дайындау;

      2) жанармайды жаңарту жоспарын дайындау;

      3) өлшеу құралын тексеру;

      4) аспаптың, ыдыс пен реактивтің қажетті мөлшеріне өтінім ресімдеу.

      4. Шаруашылық жұмыс.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық жанар-жағар май
материалдарының және арнайы
сұйықтықтардың сапасын
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
26-қосымша
  Нысан

Жанармайға бақылау талоны №___

      АТЗ, МЗ, УПГ ___________________________________________

      (жанармай атауы)

      Жанармай атауы________________________________________

      Жанармай сапасы МЕМСТ (ТТ) _____ талаптарына сәйкес келеді

      Жанармайға паспорт 20___ жылғы "____" ________ № __

      "И" сұйықтығының болуы, пайыз

      Жанармай бар резервуарда су мен механикалық қоспа жоқ.

      Қолы _________________________________________________________

      (зертхана бастығы, зертханашы)

Резервуар нөмірі

Рейс нөмірі

Тарату ведомосының нөмірі

Нақты тығыздығы

10 минут тұндырғаннан кейінгі жанармай тұнбасын, сондай-ақ отын құюды тарату құрылғысынан алынған сынамада судың және механикалық қоспаның болмауын тексердім

Әуе кемесіне отын құюға рұқсат етемін (жанармай қызметі өкілінің қолы, уақыты мен күні)

Әуе кемесіне отын құюға рұқсат етемін (ИАҚ (ИАҚЕ) өкілінің қолы, уақыты мен күні)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық жанар-жағар май
материалдарының және арнайы
сұйықтықтардың сапасын
қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
31-қосымша

Бөшкедегі, бидондағы, канистрадағы және басқа да ыдыстағы бір партияның жанармай сапасын сипаттау үшін біріктірілген сынаманы іріктеп алу кестесі

Ыдыс саны

Алынған сынама саны

Ыдыс саны

Алынған сынама саны

1 – 3
қоса алғанда

барлық

1729 – 2197
қоса алғанда

13

4 – 64

4

2198 – 2744

14

65 – 125

5

2745 – 3375

15

126 – 216

6

3376 – 4096

16

217 – 343

7

4097 – 4913

17

344 – 512

8

4914 – 5832

18

513 – 729

9

5833 – 6859

19

730 – 1000

10

6860 – 8000

20

1001 – 1331

11



1332 – 1728

12

8000-нан астам

m=3


      онда: m – алынған сынама саны (бүтін санға дейін дөңгелектеледі); п – ыдыс саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады