"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына және "Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 34284 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      202-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "202. Осы Қағидалардың 206-тармағын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш:

      1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;

      2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде қаралады.";

      210-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне қосу үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "306. Жария тыңдау хаттамасы мен материалдарынан істер қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.";

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22036 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарында:

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында:

      5-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9-3) тармақшасында көзделген жасыл екпелерді суаруға ауызсу сапасындағы суды пайдалану;".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуы бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 16 бұйрығына
1-қосымша
  Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

      4-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы
_________________________
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факсы
және электрондық поштасы:
______________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш

      1. Объектінің толық атауы:

      _______________________________________________________________

      (тұрғын үй, дәмхана, дүкен және өзге де)

      2. Көрсетілетін қызметке қосылатын объектінің мекенжайы____________.

      3. Жалпы жылытылатын аудан: _____;

      4. Мынадай газ тұтыну жабдығын пайдалану үшін:

      1) жылыту қазандығы ____________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      2) газ плитасы __________________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      3) ағынды су жылытқыш _________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      4) өзге де_____________________.

      5. Газды ең көп сағат тұтынудың болжамды шығысымен______;

      6. Мыналарды қоса беремін:_______________.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 16 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы

Газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны _________ ж. тіркеу нөмірі _______

      1. Объектінің толық атауы: ________________________________________

      (тұрғын үй, дәмхана, дүкен және өзге)

      2. Жалпы жылытылатын аудан: _____;

      3. Көрсетілетін қызметке қосылатын объектінің мекенжайы _____________.

      4. Техникалық шарттарды беруге негіздеме (қажеттісін белгілеңіз):

      1) газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын жаңа объектілерді жобалау және кейіннен салу;

      2) қолданыстағы газбен жабдықтау жүйесінен тұтынылатын көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту;

      3) егер бұл тұтынылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сипаттамаларының өзгеруіне әкелетін болса, объектіні реконструкциялау;

      4) объектіні қайта бейіндеу.

      5. Жабдықтың негізгі сипаттамалары: газ жабдығын орнату___________.

      6. Газды тұтынудың ең көп сағаттық болжанатын шығысы ________________________ метр3/сағ.

      7. Қосу нүктесі: газ құбырының сипаттамалары (тарту типі, диаметрі миллиметрмен, қысым Мегапаскальмен (бұдан әрі – МПа)

      ____________________________________________________________.

      8. Газдың жану жылуы _________, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 420-НҚ бұйрығымен бекітілген МЕМСТ 5542-2022 "Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдар. Техникалық шарттарға" сәйкес кемінде 7600 килокалория/метр3.

      9. Газбен жабдықтау және монтаждау жұмыстарының жобасын орындауды құрылыс нормаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға (бұдан әрі – Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

      10. Қолданыстағы газ тарату желісінің өткізу қабілетін ұлғайту немесе желілердің орнын ауыстыру қажеттілігінің негіздемесі (қосудың баламалы көздері жағдайлары үшін).

      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен бекітілген 4.03-01-2011 ҚР ҚН "Газ тарату жүйелеріне", Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 461 бұйрығымен бекітілген 4.03-01-2003 ХҚН "Газ тарату жүйелеріне" және Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес сыртқы газ құбырларын төсеу.

      12. Қысым реттегіштерін орнату (0,005 МПа дейінгі төмен қысымды газ құбырларынан қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде).

      13. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес сыртқы газ құбырларында ажыратқыш құрылғыларды қолдану.

      14. Тот басудан электрохимиялық қорғау шаралары (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 145-нқ бұйрығымен бекітілген 9.602-2016 МЕМСТ "Ескіру мен коррозиядан қорғаудың бірыңғай жүйесі. Жар асты құрылыстары. Коррозиядан қорғаудың жалпы талаптарға" сәйкес жерүсті болат газ құбырлары үшін, жерасты болат газ құбырлары үшін сырлау);

      15. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін типтері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) белгіленген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қажетті коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі, олардың өлшем құралдарын бастапқы немесе кезең-кезеңімен тексеру туралы құжаттары болады.

      16. Объектіні қосуды газ тарату ұйымы осы техникалық шарттардың талаптары толық көлемде орындалғаннан кейін жүргізеді.

      17. Техникалық шарттар үш жылға беріледі және оларды сәулет және қала құрылысы органдары мемлекеттік қала құрылысы кадастрына ұсынады.

      Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.

      Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады