Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 121/11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 сәуірде № 7533-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И. Теренченко

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2024 жылғы
11 сәуірдегі № 121/11
шешіміне қосымша

Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем
бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

208,41

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

1197,56

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

337,43

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

337,43

5

Су көлігі

1000 тонна шақырым

46,31


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады