Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1998 жылғы 24 қаңтар N 28 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 7 тамызда тіркелді. Тіркеу N 570

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі N 154-1 Z970154_ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1997 жылғы 2 қарашадағы N 402 қаулы V970491_ ) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және олар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Өртембаев А.Қ.) Монетарлық операция департаментімен бірлесіп (Әлжанов Б.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркетсін.
      3. Монетарлық операция департаменті (Әлжанов Б.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының құрылымдық

бөлімшелеріне, облыстық (аумақтық) басқармаларына (филиалдарына) жіберсін, 
осы қаулыны және жоғарыда аталған ережеге енгізілген өзгерістер мен 
толықтыруларды екінші деңгейдегі банктерге жіберуді соларға міндеттесін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары С.А. Ақановқа жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк 
     Төрағасы
                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының 
                                        1998 жылғы 24 қаңтардағы N 28
                                        қаулысымен бекітілген

              Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
      Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 402 қаулысымен
         бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
     беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары туралы"
                ережеге өзгерістер мен толықтырулар
     
     1. Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары бойынша сыйақы 
(мүдде) ставкалары туралы".
     2. 1-тармақтағы:
     "Ұлттық банк беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларының 
үш түрін" деген сөздер "Ұлттық Банктің операциялары бойынша сыйақының 
(мүдденің) мынадай ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "ломбардтық кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы" деген сөздер 
"РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары бойынша сыйақы (мүдде) 
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     1.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "1.2. РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары 
     бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы мемлекеттік бағалы 
     қағаздармен операциялар жасаған кезде қолданылады.
     РЕПО және кері РЕПО (РЕПО ставкасы) операциялары бойынша 
     сыйақы (мүдде) ставкасы ішкі қаржы рыногының жай-күйіне 
     қарай белгіленеді."
     3. 2-тармақтағы "Ұлттық Банк өткізетін кредиттік операцияларға" деген 
сөздер алынып тасталсын.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
     
     Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады