Ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдалану үшін төлем алу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1998 жылғы 6 қарашадағы № 610 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы әділет басқармасында 1998 жылғы 9 қарашада № 110 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 9 шешімімен

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73, 77 баптары және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 29, 30 баптары негiзiнде ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық мақсаттарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны сондай-ақ осы аумақтарда болған кезде автокөлiк құралдарының ыластайтын заттарды атмосфераға тастағаны үшiн төлем мөлшерлерi белгiленсiн (№ 1 қосымша).
      2. Шығыс Қазақстан орман, балық, аң шаруашылығы басқармасы (Қалмақов А.Г.) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аймақтарының атауларын облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына берсiн.
      3. Арнайы автокөлiк құралдары (жедел көмек, өрт көлiгi, табиғат қорғау мекемелерiнiң көлiктерi) төлем төлеуден босатылсын.
      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан түсетiн қаражаттар толық көлемiнде облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына түсiрiледi деп белгiленсiн.
      5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.
      Шығыс Қазақстан облысының
       Әкiмi

  Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы
6 қараша № 610 шешiмiне
№ 1 қосымша

Ерекше қорғалатын аумақта болған кезде алынатын төлемдер мөлшерi

Атауы
Төлемдер мөлшерi (теңге)

Қазақстан Республикасы

Басқа мемлекеттер

Жеке адамдар
 
 
Ересектер

100

200

Балалар

50

100

Жеңiл автомобильдер
5 орынға дейiн

300

500

10 орыннан артық

800

1200

Жүк автомобильдерi

650

800

       ЕСКЕРТУ: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тұрғындары, ҰОС қатысушылар және оларға теңестiрiлгендер, барлық топтағы мүгедектер, мектеп жасына дейiнгi балалар төлем төлеуден босатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады