Қазақстан Республикасы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 19 ақпан N 17 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 19.03. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 709. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.):
      1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалына (Астана қаласы), Алматы Бас филиалына, облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Облыстық филиалдар төрт ай мерзімде қабылдау-өткізу актісі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар жөніндегі құжаттарды беруді қамтамасыз етсін.
      4. Уәкілетті ұйымдарға бұрын берілген лицензиялар 2000 жылғы 1 сәуірге дейін күшінде болады. Көрсетілген мерзімге дейін уәкілетті органдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысандарын және құрылтайшы құжаттарын осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
      Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 1999.05.20. N 113 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 1999.11.15. N 401 қаулысымен.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                          Қазақстан Республикасы
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          1999 жылғы 19 ақпан
                                          N 17 қаулысымен
                                          бекітілген

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциясын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциясын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті ұйымдар мен олардың айырбастау пункттерін құру
      3.1. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге Ұлттық Банк берген лицензиясы бар, бірден бір қызметі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу болып табылатын уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыра алады. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарналары есебінен түсетін ақшамен ғана Қазақстан теңгесінен құралады және ол лицензия алар кезде толық төленген болуға тиіс.
      Уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде ғана құрыла алады.
      3.2. Уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де филиалдар, өкілдіктер және еншілес ұйымдар құруға, сондай-ақ құрылтайшы болуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқы жоқ.
      3.3. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия беру құқы бар бірден бір лицензиар болып табылады.
      3.4. Қазақстан Республикасының өкілді, атқарушы және сот билігі органдары мен жарғылық капиталының елу проценттен астамы мемлекет иелігіндегі ұйымдардан басқа жеке және заңды тұлғалары, резиденттері мен резидент еместері уәкілетті ұйымдардың құрылтайшылар бола алады.
      3.5. Заңды тұлғаларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуге рұқсатты Ұлттық Банк береді (N 2 қосымша).
      3.6. Рұқсатты алу үшін құрылтайшылар Ұлттық Банктің филиалдарына өтініш және құрылтай құжаттарының нотариус куәландырған көшірмелерін тапсырады.
      Ұлттық Банктің филиалы 15 күннің ішінде тапсырылған құжаттарды қарайды және олар қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес болған жағдайда, тиісті қорытынды шығарып, оны өтінішпен және құрылтай құжаттарының нотариус куәландырған көшірмелерімен бірге айырбастау пунктін ашуға рұқсат беру туралы мәселені шешу үшін Ұлттық Банкке жібереді. Құжаттар қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы дәлелді себептерін баяндай отырып құрылтай құжаттарын қайтарады.
      Ұлттық Банк өзінің филиалдарынан түскен құжаттарды толық түскен күннен бастап жиырма күннен аспайтын мерзім ішінде қарап шығады. Құжаттар жазбаша ескертпелерімен бірге қайтарылған жағдайда оларды қарау мерзімі қайтадан тапсырылғаннан кейін жаңадан есептеледі.
      Ұлттық Банк берілген құжаттардың есебін жүргізіп отырады.
      3.7. Құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, Ұлттық Банк өтініш берушіге бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау арқылы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізуге рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
      3.8. Құрылтайшылар Ұлттық Банктің рұқсатын алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органдарына өтініш жасауға міндетті.
      3.9. Заңды тұлғалар қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізу үшін Ұлттық Банктің лицензиясын алуға тиіс.
      3.10. Заңды тұлғалар қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар тапсырады:
      - қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
      - заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің нотариус куәландырылған көшірмесі;
      - құрылтай құжаттарының нотариус куәландырған орыс және қазақ тіліндегі көшірмелері;
      - қызмет көрсетуші банктің қолданылып жүрген заңда көзделген толық мөлшерде уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталына қаржы салынғанын растайтын құжаты;
      - салық төлеуші ретінде тіркелгендігі туралы салық органдарының анықтамасы;
      - үй-жайды жалдау шартының немесе уәкілетті ұйымдар отырған үй-жайға меншік құқын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариус куәландырған көшірмесі;
      - айырбастау пунктінің күзет және өрт дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісінің түпнұсқасы немесе нотариус куәландырған көшірмесі;
      - айырбастау пунктін күзету шартының түпнұсқасы немесе нотариус куәландырған көшірмесі, оған айырбастау пунктін тиісті қарулы күзет қызметімен күзетуді жүзеге асырған кездегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігінің нотариус куәландырған, қызметтің осы түрімен шұғылдануға берілген лицензияның көшірмесі немесе айырбастау пунктінің қауіп дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісі қоса беріледі;
      - уәкілетті банктің айырбастау пунктінің шетел валютасымен жұмыс жөніндегі кәсіби дайындығын растайтын құжаты.
      3.11. Осы нұсқаулықтың 3.10-тармағында көзделген құжаттарды заңды тұлға Ұлттық Банктің филиалына тапсырады.
      Ұлттық банктің филиалы барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 15 күн ішінде тапсырылған құжаттар мен айырбастау пунктінің үй-жайының осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексеруге, қорытынды жасауға және барлық құжаттарды Ұлттық Банкке жіберуге міндетті.
      Ұлттық Банк барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап бір жарым айдың ішінде заңды тұлғаға лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығаруға міндетті. Шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды.
      3.12. Лицензия (N 3 қосымша) заңды тұлғаға Ұлттық Банкке лицензиялық алымның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен төленгенін растайтын құжат тапсырғанда беріледі.
      3.13. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензия екі жылға беріледі және оны басқа адамдарға беруге болмайды.
      Лицензияның қолданылу мерзімі бітерден үш ай бұрын уәкілетті ұйым жаңа лицензия беру туралы Ұлттық Банкке тиісті өтініш жасауға құқылы. Ұлттық Банк аталған өтінішті қарап, осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен және шарт негізінде лицензия береді.
      3.14. Ұлттық Банк ұсынылған құжаттар мен айырбастау пунктінің үй-жайы осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш берушіге бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау арқылы заңды тұлғаға лицензия беруден бас тартуға құқылы.
      3.15. Ұлттық Банк мынадай жағдайларда лицензияның күшін тоқтата тұруға немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу лицензиясын қайтарып алуға құқылы:
      - айырбастау операцияларын өткізу тәртібі бұзылса;
      - уәкілетті ұйым осы Нұсқаулықтың талаптарын орындамаса;
      - сот қолма-қол шетел валютасымен операция жүргізумен айналысуға тиісті лицензиясы бар уәкілетті ұйымға оны жүзеге асыруға тыйым салса;
      - уәкілетті ұйым осы Нұсқаулықтың талаптарын орындамаса;
      - сот қолма-қол шетел валютасымен операция жүргізумен айналысуға тиісті лицензиясы бар уәкілетті ұйымға оны жүзеге асыруға тыйым салса;
      - уәкілетті ұйым қаражатты жарғылық капиталға уақтылы салмаса;
      - лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаса;
      - егер уәкілетті ұйымның айырбастау пункті соңғы үш ай бойы жұмыс істемесе.
      3.16. Өзінің орналасқан жерін өзгерткен болса уәкілетті ұйым бес күн ішінде жазбаша түрде Ұлттық Банктің филиалына және салық органдарына хабар беруге міндетті. Ұлттық Банктің филиалы өзгеріс болғаны туралы дереу Ұлттық Банкке хабар береді. Ұлттық Банк бір айдың ішінде филиал арқылы уәкілетті ұйымға өзгеріс болғаны туралы мәлімет алғанын растайтын анықтама береді.
      Уәкілетті ұйымның атауы өзгерген жағдайда, ол осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қолм-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге жаңа лицензия алуы қажет.
      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің мекен-жайының өзгеруіне байланысты осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Ұлттық Банкте қайта тіркеліп, оған жаңа тіркеу куәлігі беріледі.
      3.17. Уәкілетті ұйым өзі тіркелген облыста бірнеше айырбастау пункттерін ашуға құқылы. Бұл орайда әрбір айырбастау пунктіне лицензия алудың қажеті жоқ.
      3.18. Жаңа айырбастау пунктін ашқан кезде уәкілетті ұйым оны Ұлттық Банкте тіркеуге және тіркеу куәлігін алуға тиіс.
      3.19. Айырбастау пунктін тіркеу үшін уәкілетті ұйым Ұлттық Банктің филиалына мынадай құжаттар тапсырады:
      - айырбастау пунктін тіркеу өтініші;
      - жалдау шартының немесе уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің үй-жайына меншік құқын растайтын құжаттың көшірмесі;
      - айырбастау пунктінің күзет және өрт дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісі;
      - айырбастау пунктін күзету шарты, оған айырбастау пунктін тиісті қарулы күзет қызметімен күзетуді жүзеге асырған кездегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметтің осы түрімен шұғылдануға берген лицензияның көшірмесі немесе айырбастау пунктінің қауіп дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісі қоса беріледі;
      - уәкілетті банктің айырбастау пунктінің шетел валютасымен жұмыс жөніндегі кәсіби дайындығын растайтын құжаты.
      3.20. Ұлттық Банктің филиалы барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 15 күн ішінде тапсырылған құжаттар мен айырбастау пунктінің үй-жайының осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексеруге, қорытынды жасауға және барлық құжаттарды Ұлттық Банкке жіберуге міндетті.
      Ұлттық Банк бір айлық мерзім ішінде уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін тіркейді және филиал арқылы тіркеу куәлігін береді және әрбір айырбастау пунктіне реттік тіркеу нөмірін береді (1а қосымша).
      3.21. Облыс (қала) аумағында орналасқан уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін Ұлттық Банк әрбір айырбастау пунктіне кезекті реттік тіркеу нөмірін беріп тіркеу журналында тіркейді. Бұл орайда әрбір облысқа жеке тіркеу журналы арналады".
      2) 5.1-тармақтың бірінші азатжолы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Жазбаша өкім күн сайын шығып тұрады".
      3) 5.3- тармақтың бірінші азатжолы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сонымен бірге айырбастау пункттерінің ақпараттық тақталарында айырбастау пунктіндегі шетел валютасының барлық түрлері бойынша сатып алу және сату бағалары туралы мәлімет болуға тиіс".
      4) 5.8- тармақтың бірінші азатжолы:
      "заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін "және Ұлттық Банк филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;
      "уәкілетті ұйымның" деген сөздерден кейін "және Ұлттық Банк филиалының басшысының немесе басшының орынбасарының" деген сөздермен толықтырылсын.
      5) 5-тарау мынадай мазмұндағы 5.10-1 тармақпен толықтырылсын:
      "5.10-1. Уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар анықтамасертификаттар бланктерінің есебін, сақталуын және түгел болуын тиісті дәрежеде қамтамасыз етуге міндетті. Олар бүлінген немесе жойылып кеткен жағдайда, уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым бұл туралы дереу Ұлттық Банктің филиалына хабар беруге және Ұлттық Банк филиалының өкілін қатыстыра отырып тиісті акт жасауға міндетті."
      6) 6.6.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6.6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне лицензияның нөмірі мен берілген күнін, тіркеу нөмірін, айырбастау пунктінің атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің тізбесін, сондай-ақ осы тізбеге енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді тапсырады".
      7) 8.2-тармақтың бірінші азатжолындағы "және оның филиалдары" деген сөздер алынып тасталсын.
      8) Нұсқаулық N 1а қосымшасымен толықтырылсын.
      9) Нұсқаулықтың N 2, 3, және 7 қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                                      Қосымша N 1а

Тіркеу куәлігі

      N________                             "___"____________ 199 ж.
                                              (берілген күні)

     Осы куәлік _________________________________ орналасқан
                (айырбастау пунктінің мекен-жайы)

_________________________________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті

_________________________________ айырбастау пунктіне берілді,
ұйымның атауы және мекен-жайы)
      ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде _________ номермен тіркелген.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төрағасының
      орынбасары

                                                      Қосымша N 2

Рұқсат

      N________                             "___"____________ 199 ж.
                                              (берілген күні)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасымен
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде айырбастау операцияларын жүргізу үшін құрылған ______________
_____________________________________________________________
       (заңды тұлғаның атауы және тұрған жері)

     заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуіне рұқсат береді.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төрағасының
      орынбасары

                                                      Қосымша N 3

Қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын жүргізуге берілген
Лицензия

     N____                                  "___"____________ 199 ж.
                                               (берілген күні)

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар жүргізуге ______________________

____________________________________________________________________
     (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын)

____________________________________________________________________
        уәкілетті ұйымның атауы және мекен-жайы)

осы лицензияны береді.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымға валюталық бақылау агентінің міндетін жүктейді.
      Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтарды үшінші тұлғаға беруге болмайды. Осы лицензия бір ғана данада беріледі. Лицензияның қолданылу мерзімі екі жыл.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төрағасының
      орынбасары

                                                      Қосымша N 7

      Анықтама-Сертификат

      Справка-Сертификат                    Серия _______ N ________

      Банк/Банк
      Ұйым/организация

____________________________________________________________________
      (Банктің/ұйымның аты мен мекен-жайы)
      (Название и адрес Банк/организации)

     Айырбастау пункті

____________________________________________________________________

Обменный пункт
      (тіркеу номері, айырбастау пунктінің аты және мекен-жайы)
      (регистрационный номер, название и адрес обменного пункта)

      N_ Лицензия, берген жері

____________________________________________________________________
        Лицензия, кем выдана

      Азамат(ша)

____________________________________________________________________
     Гражданин(ка)     (аты-жөні)      (фамилия, имя, отчество)

____________________________________________________________________
     (төлқұжаты, жеке куәлігі, сериясы, нөмірі, азаматтығы)
     (паспорт, удостоверение личности, серия, номер, гражданство)

      Сатып алынды/сатылды
      (керек емесін сызыңыз)

      ______________________________________________________________
                       Куплено/продано

      ______________________________________________________________
                     (ненужное зачеркнуть)

      ______________________________________________________________
     (сомасы (санмен және жазумен) және шетел валютасының аты)
     (сумма (цифрами и прописью) и наименование иностранной валюты)

      Шетел валютасының теңгеге
      шаққандағы сатып алу/сату бағамы

____________________________________________________________________
       курс покупки/продажи иностранной валюты к тенге

     Кассир___________                  Азамат(ша)_________________
           (қолы)(подпись)           Гражданин(ка)  (қолы)(подпись)

     Уақыты _______________________

___________________________________________________________________
     Дата   (күні,айы,жылы) (число,месяц,год)

    (басшының қолы)(подпись руководителя)
            _______________________________________________________
             (Бас бухгалтердің қолы) (подпись главного бухгалтера)

     М.О.

     М.П.

      Оқығандар:
          Умбетова А.М.
          Икебаева А.Ж.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады