Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 21 мамыр N 324-ІІ.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Z010148_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат;

N 24, 338-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
     21-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "8) белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партиялар мен өзге де 
қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде депутаттық 
бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ мәслихаттың кемінде бес 
депутатын біріктіруге тиіс. 
     Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады. 
     Депутаттық топтардың өкілеттігі, қызметін ұйымдастыру мәслихаттың 
регламентімен белгіленеді;". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады