Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 15-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат):

      1) мазмұнындағы 107-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «107-бап. Қор»;

      2) 34-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.»;

      3) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мүлкiне олардың құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қорлар және дiни бiрлестiктер жатады.»;

      4) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «107-бап. Қор

      1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi болмайтын коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
      2. Қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банк шоты болады.
      3. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
      Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары болмайды.
      4. Құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа да мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған қайырмалдықтар және өзге де заңды түсiмдер қордың қаржы көзi болып табылады.
      5. Қорды басқару тәртiбi және оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында айқындалады.
      Қордың жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында қамтылатын мәлiметтерден басқа, қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, қор таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.
      6. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
      7. Қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
      1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;
      2) егер қордың мақсаттарына қол жеткізу мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;
      3) қор өз қызметiнде жарғыда көзделген мақсаттардан жалтарған жағдайда;
      4) заңнамалық актілерде немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
      8. Қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.»;

      5) 244-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құрылыс салушының өзiне тиесiлi емес жер учаскесiнде, мемлекетке тиесілі жерлерді қоспағанда, өз бетімен құрылыс салуға меншік құқығын сот Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына құрылыс сәйкес келген жағдайда жер учаскесі иесіне өтемақы төлене отырып, соңғысының бұған келісімі болған кезде тануы мүмкін.»;

      6) 301-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «301-бап. Кепiл мәні
      1. Кез келген мүлiк, оның ішінде айналымнан алынған заттарды (осы Кодекстiң 116-бабының 2-тармағы), кредитордың жеке басымен тығыз байланысты талаптарды, атап айтқанда алименттер, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды және оларды басқа тұлғаға беруге заңнамалық актілермен тыйым салынған өзге де құқықтарды қоспағанда, заттар және мүлiктiк құқықтар (талаптар) кепiл мәні болуы мүмкін.»;
      2-тармақтағы «болашақта» деген сөз - «келешекте», «салушының» деген сөз - «берушінің», «иелігіне» деген сөз - «жүргізуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өндіріп алуға жол берілмейтін мүліктің жекелеген түрлерін, атап айтқанда, азаматтардың мүлкін кепілге қоюға заңнамалық актілермен тыйым салынуы немесе ол шектелуі мүмкін.».

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар):
      1058-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мүлiктiк сипаты бар әрекеттер мәні болып табылатын жүктеуге, тиiсiнше осы Кодекстiң 1057-бабының қағидалары қолданылады.».

      3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар):

      1) мазмұнындағы 383-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «383-3-бап. Істі талап ету, кассациялық шағымды немесе наразылықты беру тәртiбi»;

      2) 383-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «383-3-бап. Істі талап ету, кассациялық шағымды немесе
                  наразылықты беру тәртiбi

      Кассациялық шағымдар мен наразылықтар iске қатысушы адамдардың санына сәйкес көшiрмелерiмен қоса тiкелей кассациялық сатыдағы сотқа жолданады және берiледi. Прокурордың кассациялық наразылығы, шағымы азаматтық іспен бірге кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі.
      Қажеттi жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамды, шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн iске қатысушы адамдардың санына сәйкес ұсынуды мiндеттей алады.
      Азаматтық істі тиісті соттан кассациялық наразылық беру құқығы бар прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап ете алады. Прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын сот заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін іс жүргізу әрекеттерін орындағаннан кейін ғана орындайды.».

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар):

      1) мазмұнында:
      357-4-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «357-4-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасын бұзу»;
      378-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «378-бап. Тұрғын жай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғын жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да адамдардың ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бұзуы»;

      2) 3-баптың екінші бөлігіндегі «, қалалар мен аудандардың» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын, қаржы және бюджет, заңсыз нормативтік құқықтық актіні басып шығару мен қолдану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.»;

      4) 300-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу -»;

      5) 310-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өкiлдi органдарының iндетке қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық -»;

      6) 311-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi ұстау қағидаларын бұзу -»;

      7) 354-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңнамада белгiленген қағидаларын лауазымды адамдардың бұзуы -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      8) 357-4-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «357-4-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды
                  мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi
                  есептік тіркеу туралы заңнамасын бұзу»;

      9) 377-бапта:
      екінші бөліктің бірінші абзацындағы «iс-әрекет» деген сөз «әрекет» деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «iс-әрекеттер» деген сөз «әрекеттер» деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 378-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «378-бап. Тұрғын жай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғын
                жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа
                да адамдардың ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу
                қағидаларын бұзуы

      1. Тұрғын жай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғын жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да адамдардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да адамдардың қарамағындағы тұрғын жайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi -
      жеке тұлғаларға – бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
      жеке тұлғаларға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тұрғын жай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғын жайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да адамдардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да адамдардың қарамағындағы тұрғын жайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару жөнiнде шаралар қолданбауы -
      лауазымды адамдарға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
      лауазымды адамдарға – жиырма, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      11) 394-бапта:
      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;
      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.»;

      12) 473-1-бапта:
      бірінші бөліктің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық байқау операторының қызметіне тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлер көрсетілген техникалық байқаудың диагностикалық картасын беру;
      техникалық байқау операторының техникалық ақауы бар механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесіне міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беруі;»;
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық байқау операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген кезде көрінеу дәйексіз ақпарат ұсыну, –
      техникалық байқау операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық байқау операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».

      5. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
      52-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көрсетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада белгiленген тәртiппен меншiк құқығын бiлдiредi. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк заңды тұлғалардың үйге (құрылысқа, ғимаратқа) шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскесiне белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалану құқығын бiлдiредi.
      Көрсетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Осы баптың 1-тармағының ережелері мемлекеттік жер пайдаланушыларға бекітіп берілген «Байқоңыр» кешенінің үйлеріне (құрылыстарына, ғимараттарына) қолданылмайды.».

      6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):

      1) мазмұнындағы 77-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру»;

      2) 17-баптың 8-1) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 60-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Парниктiк» деген сөз «Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 68-баптың үшінші бөлігіндегі «Парниктiк» деген сөз «Ластағыштар ретінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген заттар шығарындыларын қоспағанда, парниктiк» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 77-баптың тақырыбындағы «және қайта жалғастыру» деген сөздер алып тасталсын.

      7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар):

      1) 34-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік қызмет көрсету деп орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі танылады.»;
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі деп мемлекеттік қызметтерді алушылар, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар және басқа да сипаттамалары көрсетіле отырып, республикалық және жергілікті деңгейлерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын тізбесін қамтитын нормативтік құқықтық акт түсініледі.»;

      2) 85-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері мен бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерінің өзгерістері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.».

      8. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар):

      1) 244-1-бапта:
      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға қатысты қолданылады.»;
      3-тармақта:
      1) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
      2) тармақшадағы «қойылатын талап» деген сөздер «арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстерді қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құйылған жағдайда – халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын, кеден органының белгісі бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен уәкiлеттi орган бекiткен нысанда және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерiн растайтын қорытындысы.
      Бұл ретте, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.»;

      2) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «344-бап. Төлеу мерзiмдерi

      Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.»;

      3) 345-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «345-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.»;

      4) 406-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алатын аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аймаққа бөлу коэффициентiн есептеу әдістемесіне сәйкес жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша белгілейді.
      Аймаққа бөлу коэффицентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»;

      5) 534-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін;»;

      6) 540-баптың 9) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін – 50 пайыз;»;

      7) 547-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенге дейін;».

      9. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 95-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «95-1) спорттық медицина – спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина мен денсаулық сақтау саласы;»;

      2) 32-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) спорттық медицина ұйымдары;».

      10. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат):

      1) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан
              Республикасы азаматтығын алуы

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.»;

      2) 17-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігі мен 16-1-бабында аталған және ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдірген адамдарға қолданылмайды. Өтініш білдірген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтініш білдіру фактісі туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі.»;

      3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру

      Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».

      11. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының, Ақтөбе облысының Шалқар ауданының аумақтары кіреді.»;

      2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы аудандарының (3-бапта көрсетілгендерінен басқа) аумақтары, Қызылорда қаласы және әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендерді қоса алғанда, Байқоңыр қаласы кіреді.»;

      3) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен
              азаматтарды тіркеу тәртібі туралы

      Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тұратын жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.»;

      4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      «10-1-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен
                 экологиялық қасірет аймақтарының шекараларын
                 өзгерту

      Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс алды жағдайындағы аймақ шегіндегі экологиялық қасірет аймақтарының шекаралары, сондай-ақ экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.»;

      5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «11-бап. Тамақ өнімдерімен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз
               етудегі басымдықтар

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар экологиялық қасірет аймағының халқын экологиялық таза тамақ өнімдерімен және сапалы ауыз сумен басымдықты түрде қамтамасыз етеді.»;

      6) 12-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі экологиялық қасірет аймағы халқына:»;

      7) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Экологиялық қасірет салдарынан І және ІІ топтағы мүгедектердің Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын және астанасын қоспағанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар.»;

      8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «23-бап. Осы Заңның іске асырылуын бақылау

      Осы Заңның атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.».

      12. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):

      1) 4-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аумақтағы шаруашылық қызмет түрлерiн және оны ұйымдастыру тәртiбiн, табиғат пайдалану көлемiн және экологиялық оңалтуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Экологиялық апат аймақтарының шекаралары және оларға кiретiн аудандардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.»;

      2) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төтенше радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Сарыжал ауылдық (селолық) округінің, Бесқарағай ауданы, Долон ауылдық (селолық) округінің, таратылған Жаңасемей ауданының Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады.»;

      3) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ең жоғары радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай және таратылған Жаңасемей аудандарының, Семей қаласы Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат ауылдық (селолық) округтерінің, Павлодар облысы Май ауданы Ақжар және Малдар ауылдық (селолық) округтерінің елдi мекендерi жатады.»;

      4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Жоғары радиациялық қауіпті аймақ

      Жоғары радиациялық қауіпті аймақ - бүкiл сынақ кезеңiнде 7-ден 35 бэрге дейiн халыққа әсер ету мөлшерiндегі радиациялық ластануға ұшыраған аумақ бөлiгi.
      Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандарының елдi мекендерi, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалалары; таратылған Қазыбек би ауданының аумағы шегінде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Май ауданы жатады.»;

      5) 8-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Yржар, таратылған Таскескен, Көкпектi, Ақсуат, Зырян, Зайсан және Тарбағатай аудандарының; Қарағанды облысының таратылған Қазыбек би ауданының аумағын қоспағанда, Қарқаралы ауданының; Павлодар облысының Лебяжi ауданының елдi мекендерi жатады.»;

      6) 11-баптың екінші бөлігіндегі «Министрлер Кабинетi» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 17-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджетте республикалық орташа деңгеймен салыстырғанда бiр тұрғынға 1,5 еседен келетiндей есеппен медициналық мекемелердi күтіп-ұстауға арналған қаражатты ұлғайтуды қамтамасыз ететiн қаржыландыру жыл сайын көзделедi. Қазақстан Республикасының Үкіметі ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтардағы денсаулық сақтау мекемелерi үшiн медициналық техника мен дәрілік заттардың нысаналы бөлінуін жыл сайын қамтамасыз етеді.»;

      8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Аурулардың Семей ядролық полигонындағы ядролық
               сынақтарға байланыстылық себептерiн анықтау тәртібі

      Ядролық сынақтарға байланыстылық себептерi бар деп танылуы мүмкiн аурулар тiзбесін және осы байланыстылықты анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».

      13. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
      8-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алкоголизмнен, нашақорлық пен уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге алынған адамдар мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан шығарылған соң, соттың қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделіп шыққандардан басқасы, тұратын жері бойынша наркологиялық ұйымдарда есепке тұруға және оларда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгілейтін тәртiппен сүйемелдеп емдеуден өтуге тиiс.».

      14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):

      1) 20-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде:
      бірінші абзац және 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:»;
      «4) алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болу негіздері бойынша қайтарып алады.»;

      2) 49-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзац және в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:»;
      «в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.».

      15. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
      22-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтарды беруге құқық беретін ішкі істер органдары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».

      16. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат):
      48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.
      Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.».

      17. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

      1) 1-бапта:
      16) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) міндетті техникалық байқау – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;»;
      «19) техникалық байқаудың стационарлық желісі – міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін көлік құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) техникалық байқау операторы – міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
      21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) техникалық байқау орталығы – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшін стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желісі бар кешен;
      22) техникалық байқау операторларының тізілімі – техникалық байқау операторларының бірыңғай тізбесі, оны жүргізуді көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;»;

      2) 7-1-баптың 3), 5 және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
      «5) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;»;
      «7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін өткізу қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;»;

      3) 18-1-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-1-бап. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi»;
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізеді, оның мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялануын жүзеге асырады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық байқау операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген күннен бастап жүзеге асырады.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу мақсатында көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртабан қойылған, техникалық байқау операторының жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін:»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы баптың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты айдың ішінде техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару негіз болып табылады.»;
      5-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару үшін:»;
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тізілімінен өз еркімен шығару туралы өтініші;»;
      «3) техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу бұрыс ақпарат ұсыну;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару туралы хабарлама көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган тиісті шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жіберіледі.»;

      4) 19-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұратын жеріне қарамастан, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізген техникалық байқау операторлары міндетті техникалық байқауды жүргізеді.
      Техникалық байқау операторлары жария шарт негізінде қызметтер көрсетеді.»;
      3-тармақтың екінші бөлігіндегі «орталығының» деген сөз «операторының» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бірінші бөлігінде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Техникалық байқау операторы:»;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) аудандардың әкімшілік орталықтарында, ауылдық (селолық) округтерде және аудандық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады.»;
      6-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық байқау операторы ұсынылған құжаттарды механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.»;

      5) 19-1-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, жүгінеді.»;
      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
      Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алу үшін көлік құралының иесі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға өтінішпен және халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек ұсына отырып, жүгінеді.
      Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
      6. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және үстіңгі оң бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын береді.
      7. Көлік құралының иесі халықаралық техникалық байқау сертификаты телнұсқасының берілгені үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек ұсынбай өтініш берген жағдайда, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
      8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты міндетті немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәлікте көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.»;

      6) 19-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.»;

      7) 19-3-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-3-бап. Техникалық байқау операторларының құқықтары мен
                 міндеттері
      1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беруден бас тартуға құқығы бар.»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Техникалық байқау операторлары:»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Техникалық байқау операторларына:».

      18. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органдағы, оның ведомствосындағы, аумақтық бөлiмшелердегi және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі соларға сәйкес шектi атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».

      19. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат):

      1) 19-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополия салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;
      6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;»;

      2) 28-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалғандығы туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде жетi жұмыс күні iшiнде жариялауға мiндеттi.»;

      3) 36-бапта:
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушыны соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тағайындайды.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Конкурстық басқарушы борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзуді қозғау туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде өзі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жариялайды.»;

      4) 41-1-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетіледі.»;

      5) 41-7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға;»;

      6) 41-8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сот сырттай байқау рәсімін кредиторлар комитетінің өтініші бойынша тоқтатуы мүмкін.»;

      7) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мүлкінің көлемі үлкен борышкерді тарату, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігінің, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны өткізудің айрықша шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не Республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша уәкілетті орган конкурстық іс жүргізу мерзімін кредиторлар комитетінің келісімі бойынша көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен тыс он екі айға дейінгі мерзімге ұзартады.»;

      8) 69-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық басқарушыны тағайындайды.»;

      9) 70-баптың 1), 1-2) және 1-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ол тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органның бекітуіне ұсынады;»;
      «1-2) уәкілетті органның оны тағайындаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады;
      1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына соттың заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін ұсынады;»;

      10) 94-бапта:
      2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот іс қозғалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоқ борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.»;
      «4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген қағидалар бойынша кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына жібереді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәлімдеуші жоқ борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.».

      20. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi.».

      21. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат):

      1) 3-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.»;

      2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған
               мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау

      1. Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жерi немесе жұмыс орны өзiне мәлім мұрагерлерге бұл туралы хабарлауға мiндеттi.
      Өсиеттік бас тарту (легат) қамтылған өсиет болған кезде нотариус тұратын жері немесе жұмыс орны өзіне мәлім бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) өсиет бойынша мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.
      2. Егер мұрагерлердiң немесе бас тартылған мұраны алушылардың (легатарийлердің) тұратын жерi немесе жұмыс орны белгiсiз болса, нотариус бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғандығы туралы хабарлауға міндетті.»;

      3) 72-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Өсиеттiк бас тарту болған кезде нотариус бас тартылған мұраны алушыларды шақырады және оларға өсиеттік бас тартудың мазмұнын және олардың мұрагерден (мұрагерлерден) өздеріне тиесілі мұраны алу құқығын түсіндіреді.».

      22. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж, № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

      1) 1-бапта:
      3) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;»;
      «10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі – мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;»;

      2) 3-баптың 3-тармағының 1-4) және 1-5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
      Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді;
      1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi – көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердi алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемі жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт;»;

      2) 14-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, егер осы актiлер жалпыға мiндеттi маңызға ие болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.»;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.»;

      3) 17-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерде нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттік тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;»;

      4) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада - олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не, егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
      Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағы» жинақтарында жарияланған жағдайда, жақшада аталған жинақтардағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.
      Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.»;

      5) 21-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, сондай-ақ жақшада – олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты, ал оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, «Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы» жинағында тиісті заңнамалық актінің жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер заңнамалық акт аталған жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымның өзге де дереккөзі көрсетіледі.
      Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ егер олар «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағы» жинақтарында жарияланған жағдайда, жақшада аталған жинақтардағы олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты көрсетіледі.
      Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.»;

      6) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.»;

      7) 33-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
      4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.»;

      8) 34-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.
      4. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.»;

      9) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. Мұндай тiркелу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.
      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу оларға мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      Егер әдiлет органдарының шешiмiне белгiленген тәртiппен шағым жасалмаса, тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшi болмайды және оларды шығарған орган олардың күшін жоюға тиiс.
      Нормативтiк құқықтық актiнiң осы тармақта белгiленген критерийлерге сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары айқындайды.».

      23. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.»;

      2) 11-баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларындағы «келмесе», «жасамаса» деген сөздер тиісінше «келмеген», «жасамаған» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.»;

      3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тiркеушi орган екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын бередi.».

      24. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар):
      7-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртiппен көтермеленедi.».

      25. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
      18-1-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынудың белгiленген мерзiмдерi бұзылған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жібереді.
      4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттігі туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.».

      26. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) - жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға ақшалай төлем;».

      27. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж, № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 10-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскер (бұдан әрі – әдіскер) - спорт ұйымдарында және дене шынықтыру-сауықтыру мен спорт қызметі жүзеге асырылатын ұйымдарда оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді және оған басшылықты, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;»;
      «22-1) нұсқаушы-спортшы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу шартымен спорт қызметін жүзеге асыратын спортшы;»;
      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «36) спорттық сыныптама – спорттың жекелеген түрлерiнде шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушы-спортшылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спорттық атақтар, разрядтар және санаттар жүйесi;»;

      2) 18-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының құрама командаларын спорт түрлерi бойынша тиiстi қоғамдық бiрлестiктер дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, конкурстық негiзде қалыптастырады. Алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi спорт қағидаттарын сақтай отырып орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамдарына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамайтын, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылады. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорттың әр түрi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары – спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, спортшылары халықаралық жарыстарда өнер көрсету қорытындылары бойынша жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорттық медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары, сондай-ақ осы спортшыларды даярлаған және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорт қызметін жүзеге асыратын жаттықтырушылар, ғалымдар және өзге де қызметкерлер.
      Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады және бекітеді.»;

      3) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Спорт резервін жасөспірім және жас спортшылар құрайды. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жасөспірімдер мен жастардың жас шамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.»;

      4) 22-1-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушы-спортшыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:»;

      5) 23-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;»;

      6) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Спорттың әрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк қана аккредиттелуге жатады, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.»;

      7) 27-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жерлердi ағымдағы игеру және келешекте резервте ұстау үшiн нормативтiк бөлу арқылы айқындайды.»;

      8) 33-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;».

      28. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж, № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат):

      1) 1-бапта:
      2-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда) қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызмет.»;
      2-5 және 2-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-5. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi – көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердi алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемі жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт.
      2-6. Мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
      Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.»;

      2) 4-баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бiр мәрте не уақыт бойынша өзге де шектеулi қолдануға есептелген;
      2) жеке-дара белгiлi бiр тұлғаларға қолданылады;
      3) жеке-дара белгiлi бiр тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін қолданады және (немесе) іске асырады.»;

      3) 9-1-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін әзірлейді және бекітеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне бірнеше орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалар қатысқан кезде мемлекеттік қызмет көрсету регламентін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп әзірлейді және бекітеді.»;

      4) 15-1-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету субъектiлерi болып табылады.»;
      «6. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде қамтамасыз етеді.».

      29. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):

      1) 28-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «рұқсат беруден» деген сөздерден кейін «бас тартуға» деген сөздермен толықтырылып, 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы негіз болып табылады.»;

      2) 29-баптың бірінші абзацындағы «мемлекеттік орган» деген сөздер «орган» деген сөзбен ауыстырылып, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш білдірмеген жағдайларда керi қайтарып алады.»;

      3) 40-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің нәтижесі теріс болған жағдайлар лицензия беруден бас тартуға негіздер болып табылады.»;

      4) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бiрлескен қызмет туралы шарт жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органда тiркелуге жатады.».

      30. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
      18-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың
               қауымдастық (одақ) нысанында бірігуі
      1. Дара кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.».

      31. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат):
      6-бапта:
      1-тармақта:
      8) тармақша алып тасталсын;
      12-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне қағидаларды бекіту жатады, олардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.».

      32. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат):
      15-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Уәкiлеттi орган осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк дерекқор) мәлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар ретiнде өтiнiш білдірген адамдарды тұратын жерi бойынша тiркейдi.».

      33. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
      11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тұтыну кооперативiнiң жарғысына азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, сондай-ақ егер тұтыну кооперативінің мүшесі заңды тұлға болып табылатын болса, ұйымның атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері көрсетiлген тұтыну кооперативi мүшелерiнiң тiзiмі қоса беріледi.».

      34. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат):
      3-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс қызметi қолайсыздық туғызған немесе өздеріне тиесiлi (өздері пайдаланатын) объектiнi (жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi) пайдалануға, иеленуге не иелiк етуге мүмкiндік бермеген жағдайда, ол шектелуге жатады.».

      35. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
      5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.».

      36. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат):
      19-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайларда бас тартылады.».

      37. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң арнаулы
               атақтары

      Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiледi. Қаржы полициясы органдарының арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органда, аумақтық бөлiмшелерде және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде соларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.».

      38. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар, 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат, 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
      10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органына елдi мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын бекiту үшін жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiндегi ұсыныстар енгізу;».

      39. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат):

      1) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша ақпаратты тiркеу куәлiгiне енгiзеді.»;

      2) 17-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

      40. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
      9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды;
      2) еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлейді;
      3) құжаттардың дұрыстығын тексереді;
      4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды белгiлейді.».

      41. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат):

      1) 3-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкiлеттi орган Қорға осы бапта айқындалған шектеулi ықпал ету шараларының кез келгенiн, бұдан бұрын да оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан қолданады.»;

      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкiлеттi орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолданады.».

      42. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат):
      7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 1-тармағын бұзғаны үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.».

      43. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;»;

      2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) байланыс саласындағы басым дамудың, мемлекеттік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу және дамудың салалық бағдарламаларын бекіту;»;

      3) 8-баптың 2-тармағының 2), 8) және 9-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;»;
      «8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалануға қабылдануына қатысу;»;
      «9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;»;

      4) 9-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;»;

      5) 11-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы шектеулі ұлттық ресурс болып табылады.»;

      6) 12-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулеріне, радиожиіліктерге (радиожиілік арналарына) құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге тыйым салынады.»;

      7) 22-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      8) 36-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Телефон байланысы арқылы (ұялы байланысты қоса алғанда) зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде тарифтелетін жалғаным басталғанға дейін байланыс операторы осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті.
      Абонент телефон жалғанымына келісім берген жағдайда (яғни, абонент мұндай жалғанымды үзбесе), осы жалғанымның төлемі тарифтеудің толық бірліктерінің тарифке көбейтілген саны бойынша телефон жалғанымының ұзақтығы негізге алынып айқындалады.
      Егер абонент мұндай жалғанымға келіспесе (яғни тиісті хабардар етуді алғаннан кейін мұндай жалғанымды үзсе), онда жалғанымды орнатуды ұйымдастырғаны үшін төлем алынбайды.
      Егер байланыс операторы тарифтелген жалғаным басталғанға дейін осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етпеген жағдайда, онда зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылғаны үшін төлем алынбайды.
      1-2. Қысқа мәтінді хабарлама жіберу арқылы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылған кезде ұялы байланыс операторы қысқа мәтінді хабарлама арқылы осы қызметті көрсетудің құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті. Абонент осы хабарламаның жіберілгенін растаған жағдайда, аталған қызметті көрсеткені үшін төлем алынады, бұл ретте растағаны үшін абоненттен төлем алынбайды.
      Егер байланыс операторы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну бойынша қысқа мәтінді хабарламаның құны туралы абонентті хабардар етпесе, онда бұл қызметті көрсеткені үшін төлем алынбайды.».

      44. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):

      1) 9-2-бапта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына әкімшілік етуді және сервистік қолдауды, аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
      4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына және әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне байланыс қызметтерін көрсетеді;
      6) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналарының қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады.»;

      2) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».

      45. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат):
      5-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.».

      46. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі – куәландырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық-цифрлық нысанда қағаз жүзіндегі түпнұсқа құжаттағы ақпаратты толық көрсететін электрондық құжат;»;
      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) үстемдікке ие жылжымайтын мүлік объектісі – меншік иесінің (өзге құқық иесінің) бөтен жылжымайтын мүлікті шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитуты) бар жылжымайтын мүлік объектісі;»;
      мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
      «31) электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.»;

      2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын растау кезі жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу кезі болып табылады.»;

      3) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде тұлға ауыртпалықты тоқтату үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.»;

      4) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жүргізіледі және онда құқық белгілейтін әрі тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттардың көшірмелері, оның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың көшірмелері, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның құжаттары және электрондық құжаттардың қағаздағы көшірмелері қамтылады.»;

      5) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жеке немесе заңды тұлғаның өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған, тіркеуші орган растаған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сұрау салуы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, салық органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдеріндегі конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қорғаншы және қамқоршы органдардың дәлелді сұрау салулары бойынша беріледі.»;

      6) 20-бапта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:»;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін:
      құқық иеленушiнің жазбаша келісімімен, өзiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесін бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жiбередi;
      жылжымайтын мүлікті сатып алушыны:
      құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы;
      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді;
      жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;
      құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:
      бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын;
      тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;
      2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көздеген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді.
      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;
      3) тіркеуші орган:
      құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;
      құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
      осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;
      тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.»;

      7) 21-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Осы баптың ережелері жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу кезінде қолданылмайды.»;

      8) 22-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
      Егер неке шартында жұбайлардың жылжымайтын мүлікке үлестік немесе бөлек меншік режимі белгіленсе, онда тіркеуші органға неке шарты ұсынылады.»;

      9) 23-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы немесе алым төлеуден босату туралы растау келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.»;

      10) 24-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелерінде тараптардың қолтаңбалары болмауы мүмкін және олар нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен міндетті куәландыруға жатады.»;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Неке шарты екі данада беріледі, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Электрондық тіркеу кезінде тіркеуші органға сенімхат ұсынылмайды.»;

      11) 25-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы «ұсынғанда жол беріледі.» деген сөздер «ұсынғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) құқықты (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде жол беріледі.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жүргізілмейді. Өтініш берушінің талабы бойынша тіркеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға жатады.»;

      12) 27-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін;»;
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым толық төленбеген кезде;
      7) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы немесе тұлғаны алым төлеуден босату туралы растау түспесе, тоқтатыла тұрады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Электрондық тіркеу осы баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Хабарламада тіркеуді тоқтата тұрудың себептерін жою үшін өтініш берушінің кейінгі іс-әрекеттері және осы үшін қажетті мерзімдер көрсетілуге тиіс.
      Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
      Тіркеуді тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаның көшірмесі және электрондық хабарламаның қағаздағы көшірмесі тіркеу ісінде сақталуға жатады.»;

      13) 31-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда:
      1) құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
      2) егер мемлекеттік тіркеу тоқтатыла тұрған кезде қажетті құжаттар ұсынылмаған болса, өтініш иесі осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде;
      3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттар тiркеуге ұсынылған кезде;
      4) осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде;
      5) заңды күшiне енген сот актiсiнiң негiзiнде;
      6) егер тiркеудi тоқтата тұру мерзiмi iшiнде тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылмаған болса;
      7) егер бұрын туындаған құқықтың ауысуы, өзгеруі, тоқтатылуы немесе оған қатысты ауыртпалықтың анықталуы тіркеу объектісі болып табылса, мұндай құқық ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген талаптар:
      1) болған ауыртпалық өз мүддесінде тіркелген тұлғаның өзге ауыртпалықтары болмаған жағдайда, жылжымайтын мүлікке құқықтарының туындағанын;
      2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың мұраға қалдыру тәртібімен ауысқанын;
      3) борышкердің мүлкін басқару құқығы оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) ауысқанын;
      4) пайдалану құқығы түріндегі ауыртпалық тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауысқанын;
      5) ортақ мүліктегі үлеске құқықты;
      6) құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылатын құқық иеленуші туралы мәліметтердің өзгергенін;
      7) бөлінуіне (бірігуіне) немесе нысаналы мақсатының өзгеруіне әкеп соқпайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергенін;
      8) кепіл міндеттемелері сомаларының өсуіне әкеп соқпайтын, шарттар талаптарының өзгергенін;
      9) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарламаларды тіркеу кезінде қолданылмайды.
      Ауыртпалықтар болған кезде құқықтардың ауысуын тіркеген жағдайда тіркеуші орган тіркеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды жүргізілген тіркеу туралы хабардар етуге тиіс.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге бас тартудың себептерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс.
      Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
      Тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаның және өтініш беруші тіркеуші органға ұсынған басқа да құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ тіркеуден бас тарту туралы электрондық хабарламаның қағаздағы көшірмесі тіркеу ісінде сақталуға жатады.»;

      14) 33-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Ауыртпалықтардың болуы мәмілені немесе өзге де құқық белгілейтін құжатты жарамсыз деп тану туралы сот актісінің орындалуына кедергі болмауға тиіс.
      Ауыртпалықтар болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтың туындағанын тіркеу туралы жазбаның күші жойылған жағдайда, тіркеуші орган сот актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күші жойылғаны туралы хабардар етуге тиіс.»;

      15) 34-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Электрондық тіркеуді қоспағанда, тіркеуші орган жүргізілген тіркеуді тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы куәландыруға міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама жіберу арқылы расталады.»;

      16) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер тіркеу ісінде электрондық құжаттың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус береді.»;

      17) 38-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. «Байқоңыр» кешенінің мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіліп берілген үйлеріне (құрылыстарына, ғимараттарына) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жер учаскесіне байланыстырылмай жүзеге асырылады.»;

      18) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот актiсiмен белгiленген жылжымайтын мүлiкке құқық (құқық ауыртпалығы) осы бапта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, жалпы негiздерде тiркелуге жатады.
      Тіркеуші орган, сот актісі негізінде туындаған ауыртпалықтардың болуын қоспағанда, сот шешімімен белгіленген құқықтарды тіркеуден бас тартуға құқылы емес.».

      47. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат):
      20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді;».

      48. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат):
      10-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган күнтізбелік екі күн ішінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мән-жайларын анықтайды және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркейді.».

      49. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат):

      1) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «41-бап. Атқарушылық әрекеттерді кейінге қалдыру

      Атқарушылық әрекеттер жасауға кедергi келтiретiн мән-жайлар болған кезде сот орындаушысы борышкердің өндіріп алушымен келісілген өтініші бойынша немесе өндіріп алушының өтініші бойынша оларды он күнге дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырады, бұл жөнiнде тиiстi қаулы шығарылып, оны мемлекеттік сот орындаушылары үшін аумақтық бөлімнің басшысы бекiтедi. Атқарушылық әрекеттердi кейiнге қалдыру туралы сот орындаушысы өндіріп алушы мен борышкерді, сондай-ақ олардың өкілдері атқарушылық іс жүргізуге қатысқан жағдайда, оларды хабардар етуге мiндеттi.»;

      2) 48-бапта:
      3-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) прокурордың қаулысы прокурорға қайтарылады;»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар сотқа қайтарылады.»;
      4-тармақ алып тасталсын;

      3) 95-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      4) 98-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бала тууға байланысты берілетін жәрдемақылардан, кәмелетке толмаған балаларды асырауға берілетін жәрдемақылардан, сондай-ақ зейнеткерлер мен I топтағы мүгедектерге төленетін жәрдемақылардан;»;

      5) 138-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке сот орындаушысының орындауына, мемлекеттен өндіру туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттар қабылдануы мүмкін.»;

      6) 140-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке сот орындаушысы лауазымына жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлiк бiлiмi бар, жеке сот орындаушысында үздiксiз тағылымдамадан өткен, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрi – сот орындаушысының лицензиясы) алған, осы Заңда белгiленген тәртiппен жеке сот орындаушысының бос лауазымына орналасуға конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.
      2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; кезеңдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан артық кезеңдік өндіріп алу бойынша берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.»;

      7) 142-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тұрақты судьялар, өз мiндеттерiн орындау кезiнде атына кiр келтiретiн терiс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшiн судья қызметiнен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, атқарушылық iс жүргiзу саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдар, кемінде он жыл жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдары қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;

      8) 152-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана және Алматы қалаларындағы жеке сот орындаушысы қызметiнiң аумағы Астана және Алматы қалаларының бүкiл аумағын қамтиды. Атқару округтерi болып табылатын облыс орталықтарының және облыс аудандарының шектерiндегi жеке сот орындаушысы қызметiнiң аумағы облыстың бүкiл аумағын қамтиды.».

      50. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат):

      1) 25-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат беруді келіседі;»;

      2) 27-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;»;

      3) 35-бапта:
      1-тармақтағы «және 9» деген сөздер «, 9 және 10» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.»;

      4) 40-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
      «6-тармағына сәйкес» деген сөздер «6 және 10-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «өндiруге» деген сөзден кейін «, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге» деген сөздермен толықтырылсын.

      51. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекітеді;»;

      2) 44-баптың 2-тармағы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 106-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жұмысқа алу кезінде заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.».

      52. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар):
      16-баптың 7-тармағының 5) тармақшасындағы «белгіленбеген» деген сөз «белгіленген» деген сөзбен ауыстырылсын.

      53. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат):

      1) 47-бапта:
      3-1-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кәсiптiк жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыруды;»;

      2) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:

      «47-1-бап. Кезектен тыс аттестаттау

      1. Кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
      2. Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
      2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;
      4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;
      5) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және қызметтен босату ұсынылады.
      3. Кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырмаған және тестілеу кезінде шекті мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы баптың 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің біреуін қабылдайды.
      4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмеген қызметкерлерді осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметінен босату ұсынылады.
      5. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) құқық қорғау органдарында өзге, оның ішінде төменгі тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылуға жатады.»;

      3) 48-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «шарттарын,» деген сөз «шарттары, кәсіптік жарамдылығын анықтау бойынша нормативтер,» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4) 50-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Тестілеудің не кәсіптік жарамдылықты айқындау бойынша нормативтер тапсырудың нәтижелерін бұрмалау фактілері анықталған жағдайда, жоғары тұрған аттестаттау комисиясы немесе құқық қорғау органының жоғары тұрған басшысы аттестаттау комиссиясы шешімінің күшін жоюға тиіс.».

      54. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат):

      1) 134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін қаруды, әскери техниканы және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті жою (құрту, кәдеге жарату, көму), қорғаныс объектілерін жалға беру, қаруды, әскери техниканы, оқ-дәріні, оларға қосалқы және жинақтауыш бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлас қолданылатын тиісті технологияларды өткізу (оның ішінде экспорттау) және сатып алу (оның ішінде импорттау);»;

      2) 138-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды.
      Қазыналық кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн жергілікті атқарушы орган белгiлейдi.».

      55. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):

      1) 1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) қоныс аударушы – тұруға аса қолайсыз экологиялық жағдайлар қалыптасқан және даму әлеуеті төмен елді мекендерден тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан перспективалы өңірлеріне ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;»;

      2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткеннен кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Көшіп келушілер тұратын жерлері өзгерген жағдайда, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шыққан күннен бастап, күнтiзбелiк бес күн iшiнде тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті.
      Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кеткен кезде тапсырылуға жатады.»;

      3) 8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) халықты құжаттандыру және тіркеу тәртібін айқындайды;».

      56. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат):
      15-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша «мемлекеттiк орган» деген сөздердің алдынан «арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы «арнаулы мемлекеттiк органдар» деген сөздер «құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.

      57. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 21-құжат):
      1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) 541-баптың бiрiншi бөлiгi «218-1 (жетiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «219-6, 219-8 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен толықтырылсын.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заң, 1-баптың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 53-тармағын, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағын, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-тармағының 1) тармақшасын, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-тармағының 5)6) және 7) тармақшаларын, 46-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2)4) тармақшаларын6) тармақшасының төртінші – жиырма бірінші абзацтарын, 7) тармақшасын8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының бесінші – он үшінші абзацтарын, 13) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 15) және 16) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады