1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат):
1) 67-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй өздерiнiң жалғыз тұрғын үйi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ипотека нысанасы болған және оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңдарына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.";
2) 72-баптың 2) тармақшасындағы "тұрғын үйдi" деген сөздерден кейiн ", жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi осы Заңның 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 74-баптың 1-тармағы "тұрғын үй қорынан тұрғын үй" деген сөздерден кейiн ", осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
4) 75-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-1-бабында аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.";
5) 76-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 98-бабында аталған санаттарына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.";
6) мынадай мазмұндағы 98-1-баппен толықтырылсын:
"98-1-бап. Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған
тұрғын үйдiң құқықтық режимi
1. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша оған талап ету құқығын беру нәтижесiнде кепiл ұстаушы ретiнде әрекет ететiн жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда, кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша келiсiмнiң басқаға беру туралы шарттарына сәйкес тұрғын үйдi сатып алуға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үй коммуналдық меншiкке өтедi және кепiл берушiге берiледi, ол оны кепiл ұстаушының ипотекалық талап ету құқығын беру құны бойынша жекешелендiруге құқылы.";
7) мынадай мазмұндағы 119-2-баппен толықтырылсын:
"119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету
құқығын беру ерекшелiктерi
Осы Заңның 98-1-бабының күшi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығын iске асыруға байланысты туындайтын құқық қатынастарына ғана қолданылады.".
2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат):
21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) кепiл берушi - Қазақстан Республикасының азаматы ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетсiз болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын сатып алады.".