Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 27 маусымдағы N 49-IV Заңы.

      Бішкекте 2007 жылғы 26 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын өзара тану туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу
облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының
және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының
Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары
шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының
үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік
визаларын өзара тану туралы
КЕЛІСІМ

      (2008 жылғы 4 тамызда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2008 ж., N 6, 27-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

      достық тату көршілік қатынастарын дамыту, кіру туризмін дамытуға ықпал ету және Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ниетін басшылыққа ала отырып,

      Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде үшінші мемлекеттер азаматтарының кіруіне, жүріп-тұруына және шығуына оңтайлы жағдай жасау қажет деп санай отырып,

      осы мақсаттарға қол жеткізудің тиімді құралдарының бірі ретінде туризм мәселелері бойынша ынтымақтастық пен жедел өзара іс-қимылды тани отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Әрбір Тарап Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде дипломатиялық арналар арқылы белгіленетін және келісілген, екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органдары үшінші мемлекеттердің азаматтарына беретін туристік визаларды таниды.

2-бап

      Үшінші мемлекеттердің азаматтарына Тараптардың әрқайсысының мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес оның аумағына кіру, онда болу және шығу үшін берілетін туристік визалар олардың иелеріне визалардың қолданылу мерзімі бойында кедергісіз көп жақты өткізу пункттері арқылы, шетел азаматтарының баруы үшін жабық аумақтарды қоспағанда, Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарына және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарына кіруге және шығуға құқық береді.

3-бап

      Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының туристік визалары бар үшінші мемлекеттер азаматтарының кіру және тіркелу тәртібі болатын мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында жүзеге асырылады.

4-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің аумақтарында үшінші мемлекеттер азаматтарының болуына байланысты, оның ішінде туристік визаларды ресімдеу тәртібі, консулдық алым тарифтері, сондай-ақ паспорт-визалық құжаттар үлгілері жөніндегі мәселелер бойынша ақпарат алмасады.

5-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.

6-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді және екінші Тараптың осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын Тараптардың бірі алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады.

      2007 жылғы 26 сәуірде Бишкек қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

Қазақстан Республикасының

Қырғыз Республикасының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін


      2007 жылғы 26 сәуірде Бишкек қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын өзара тану туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

Қазақстан Республикасы


Сыртқы істер министрлігі


Халықаралық-құқық департаментінің


Басқарма бастығы

Ж. Бұхбантаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады