Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 208-IV Заңы

      Токиода 2008 жылғы 19 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын
салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және
салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы
конвенция

(2009 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасы мен Жапония,

      Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап

      1. Осы Конвенция мынадай салықтарға қолданылады:
      (а) Қазақстан жағдайында:
      (і) корпоративтік табыс салығы; және
      (іі) жеке табыс салығы (бұдан әрі "Қазақстан салықтары" деп аталатын);
      (b) Жапонияда:
      (і) табыс салығы;
      (іі) корпоративтік салық; және
      (ііі) тұрғындарға салынатын жергілікті салықтар (бұдан әрі "Жапон салықтары" деп аталатын).
      2. Конвенция, сондай-ақ Конвенцияға қол қойылған күннен кейін 1-тармақта көрсетілген салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын кез келген бірдей немесе мәні бойынша ұқсас салықтарға да қолданылады. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары мұндай өзгерістерден кейін қолайлы уақыт кезеңі ішінде өздерінің салық заңнамаларында жасалатын кез келген елеулі өзгерістер туралы бірін-бірі хабардар етеді.

3-бап

      1. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
      (а) "Қазақстан" термині Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынада қолданған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің заңнамасына және өзі қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аймақтарды қамтиды;
      (b) "Жапония" термині географиялық мағынада қолданған кезде Жапония салығына қатысты заңнама қолданылатын оның аумақтық суларын коса алғанда, Жапония аумағын және халықаралық құқыққа сәйкес Жапония өзінің егемендік құқықтарын жүзеге асыра алатын және Жапония салықтарына қатысты заңнама қолданылатын теңіз түбі мен топырақ астын қоса алғанда, оның аумақтық суларынан тыс бүкіл алаңды білдіреді;
      (c) "Уағдаласушы мемлекет" және "екінші Уағдаласушы мемлекет" терминдері түпмәтінге байланысты Қазақстанды немесе Жапонияны білдіреді;
      (d) "салық" термині түпмәтінге байланысты Қазақстан салығын немесе Жапония салығын білдіреді;
      (e) "тұлға" термині жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бірлестігін білдіреді;
      (f) "компания" термині салық салу мақсаттары үшін корпорациялық құрылым ретінде қарастырылатын кез келген корпорациялық құрылымды немесе кез келген ұйымды білдіреді;
      (g) "кәсіпорын" термині кез келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылады;
      (h) "Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны" және "екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны" терминдері тиісінше Уағдаласушы мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
      (i) "халықаралық тасымал" термині теңіз немесе әуе кемесі екінші Уағдаласушы мемлекеттің пункттері арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен жасалатын кез келген тасымалды білдіреді;
      (j) "ұлттық тұлға" термині:
      (і) Қазақстан жағдайында Қазақстанның азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны және Қазақстанда қолданыстағы заңнаманың негізінде осындай мәртебе алған кез келген заңды тұлғаны, серіктестікті немесе қауымдастықты; және
      (іі) Жапония жағдайында Жапонияның азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны немесе Жапонияның заңнамасына сәйкес құрылған немесе ұйымдастырылған кез келген заңды тұлғаны және заңды тұлғаны құрмай-ақ, Жапония салығының мақсаттары үшін Жапонияның заңнамасына сәйкес құрылған немесе ұйымдастырылған заңды тұлға ретінде қарастырылатын кез келген ұйымды білдіреді;
      (k) "құзыретті орган" термині:
      (і) Қазақстан жағдайында, Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін; және
      (іі) Жапония жағдайында, Қаржы министрін немесе оның уәкілетті өкілін білдіреді; және
      (l) "кәсіпкерлік қызмет" термині кәсіптік қызметтерді және тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметті орындауды қамтиды.
      2. Уағдаласушы мемлекет Конвенцияны кез келген уақытта қолданған кезде онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, Конвенция қолданылатын салықтардың мақсаттары үшін осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы бойынша осы кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленеді, осы Уағдаласушы мемлекеттің қолданылатын салық заңнамасы бойынша терминнің кез келген мағынасы осы Уағдаласушы мемлекеттің басқа заңнамасы бойынша терминге берілетін мәннен гөрі басымдыққа ие болады.

4-бап

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "Уағдаласушы мемлекеттің резиденті" термині осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы бойынша оның тұрғылықты жері, резиденттігі, негізгі немесе басты кеңсесінің орны, басқару орны, құрылған орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа да өлшем негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді және осы Уағдаласушы мемлекетті және кез келген саяси бөлімшені немесе жергілікті билік органын да қамтиды. Алайда, бұл термин тек осы Уағдаласушы мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа қатысты Уағдаласушы мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, онда оның мәртебесі мынадай түрде айқындалады:
      (а) ол өзінің иелігінде тұрақты баспанасы бар Уағдаласушы мемлекеттің ғана резиденті болып есептеледі; егер оның иелігінде Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмірлік мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
      (b) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Уағдаласушы мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе Уағдаласушы мемлекеттердің ешқайсысында өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы болмаса, ол өзі әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы мемлекеттің ғана резиденті болып есептеледі;
      (c) егер ол әдетте Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың біреуінде де тұрмаса, ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің ғана резиденті болып есептеледі;
      (d) егер оның мәртебесін (а) - (с) тармақшаларының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары бұл мәселені өзара келісім бойынша шешетін болады.
      3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, онда Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның мақсаттары үшін тұлға қандай Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып саналатынын өзара келісім бойынша айқындайды. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара келісімі болмаған жағдайда, 23 және 24-баптарда көзделген осындай талапты қоспағанда, Конвенцияда көзделген жеңілдіктерді талап ету мақсаттары үшін тұлға Уағдаласушы мемлекеттің әрқайсысының негізделген резиденті болып табылмайды.

5-бап

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі сол арқылы толық немесе ішінара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын білдіреді.
      2. "Тұрақты мекеме" термині, атап айтқанда:
      (а) басқару орнын;
      (b) бөлімшені;
      (с) кеңсені;
      (d) фабриканы;
      (e) шеберхананы;
      (f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьерді; және
      (g) табиғи ресурстарды өндіру немесе барлау үшін пайдаланылатын қондырғыны немесе құрылысты немесе басқа да кез келген кен орнын қамтиды.
      3. Егер құрылыс алаңы немесе құрылыс, монтаждау жобасы он екі айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрған болса, сонда ғана олар тұрақты мекеме болып табылады.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, "тұрақты мекеме" термині мыналарды:
      (а) құрылыстарды кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды тек қана сақтау, көрсету немесе жеткізу мақсаттары үшін пайдалануды;
      (b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек қана сақтау, көрсету немесе жеткізу мақсаттары үшін ұстауды;
      (c) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек қана басқа кәсіпорынның өңдеу мақсаттары үшін ұстауды;
      (d) тұрақты қызмет орнын тек қана тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін немесе кәсіпорынға арналған ақпарат жинау үшін ұстауды;
      (e) тұрақты қызмет орнын тек қана кәсіпорын үшін дайындық немесе қосалқы сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ұстауды;
      (f) осындай амал нәтижесінде туындайтын тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметі дайындық немесе қосалқы сипатта болған жағдайда, тұрақты қызмет орнын (а) - (е) тармақшаларын қоса алғанда, көрсетілген қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ғана ұстауды қамтиды деп қарастырылмайды.
      5. 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер 6-тармақтың ережелері қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға кәсіпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы мемлекетте кәсіпорын атынан келісімшарттар жасауға өкілеттігі болса және әдетте оны пайдаланып жүрсе, егер мұндай тұлғаның қызметі 4-тармақта айтылған қызметпен шектелмейтін болса ғана, егер қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырып, бұл қызметтің тұрақты орнын осы тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмаса, онда бұл кәсіпорын осы тұлғаның кәсіпорын үшін қолға алатын кез келген қызметіне қатысты бірінші аталған Уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылады.
      6. Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметін осы Уағдаласушы мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшін ғана, егер мұндай тұлғалар өздерінің әдеттегі кәсіпкерлік қызметі шеңберінде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды.
      7. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе осы екінші Уағдаласушы мемлекетте кәсіпкерлік қызметті (не тұрақты мекеме арқылы, не басқаша түрде) жүзеге асыратын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы фактісінің өзі осы компаниялардың бірін екіншісінің тұрақты мекемесіне айналдырмайды.

6-бап

      1. Уағдаласушы мемлекет резидентінің екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын табысына (ауыл немесе орман шаруашылығынан түсетін табысты қоса алғанда) осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. "Жылжымайтын мүлік" термині қаралып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы бойынша қандай мағынасы болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл және орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншігіне қатысты жалпы заңнаманың ережелері қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлік узуфруктын және игеру үшін берілетін өтемақы ретіндегі өзгермелі немесе тіркелген төлем құқықтарын немесе минералдық ресурстарды, кен көздерін және басқа да табиғи ресурстарды игеру құқығын қамтиды; теңіз және әуе кемелері жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1 және 3-тармақтардың ережелері кәсіпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа да қолданылады.

7-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны, егер екінші Уағдаласушы мемлекетте кәсіпкерлік қызметті сол жерде орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмаса, кәсіпорынның пайдасына тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жоғарыда айтылғандай жүзеге асырса, онда кәсіпорынның пайдасына, бірақ осындай тұрақты мекемеге қатысты бөлігіне ғана екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. 3-тармақтың ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте кәсіпкерлік қызметті сол жерде орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, онда әрбір Уағдаласушы мемлекетте осы тұрақты мекемеге, егер ол осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсіпорын болып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан толық тәуелсіз әрекет жасағанда, ол алуы мүмкін пайда жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменің пайдасын айқындау кезінде шығыстар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару шығыстарын және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жұмсалған шығыстарды шегеруге жол беріледі.
      4. Тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алуының негізінде ғана осы тұрақты мекемеге қандай да бір пайда есептелмейді.
      5. Осы баптың алдыңғы тармақтарының мақсаттары үшін тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртіпті өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себептері болмаса, жылма-жыл біркелкі тәсілмен анықталады.
      6. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылған табыстардың түрлерін қамтыса, онда бұл баптардың ережелеріне осы баптың ережелері қолданылмайды.

8-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалдауда теңіз немесе әуе кемелерін пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 2-баптың ережесіне қарамастан, егер Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалдауда теңіз немесе әуе кемелерін пайдалануды жүзеге асырса және егер Қазақстанның кәсіпорны Жапонияда кәсіпорынға салынатын салықтан босатылатын болса және егер Жапонияның кәсіпорны Жапонияда кәсіпорынға салынатын осыған ұқсас кез келген салықтан босатылатын болса, оған бұдан әрі Қазақстанда салық салынуы мүмкін.
      3. Осы Баптың алдыңғы тармақтарының ережелері пулға, көлік құралдарын пайдалану жөніндегі бірлескен кәсіпорынға немесе халықаралық ұйымға қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.

9-бап

      1. Егер:
      (a) Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      (b) сол бір тұлғалар Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса,
және көрсетілген жағдайлардың кез келгенінде екі кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсіпорындардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылуы және оған, тиісінше, салық салынуы мүмкін.
      2. Егер Уағдаласушы мемлекет 1-тармақтың ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынған пайдасын осы Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының пайдасына қосса, әрі, тиісінше, салық салса және алғашқы аталған Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнына есептелетіндей пайдаға қосылған осы пайданың бәрін немесе бір бөлігін Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары консультациялар негізінде келіссе, егер екі кәсіпорынның арасындағы өзара қатынастар тәуелсіз кәсіпорындардың арасында болатын қатынастардай болса, онда осы екінші Уағдаласушы мемлекет осы келісілген пайдадан алынатын салық сомасына тиісті түзету жасайды. Осындай түзетуді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа да ережелері ескерілуге тиіс.
      3. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекет осы тармақта көрсетілген жағдайларда пайданы осындай өзгерту орын алған, бірақ осы тармақта айтылған шарттар үшін кәсіпорынға есептелген салық жылының аяғында жеті жылдан кейін осы Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының пайдасын өзгертпейді. Осы тармақтың ережесі алаяқтық немесе қасақана дефолт жасаған жағдайда қолданылмайды.

10-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, мұндай дивидендтерге резиденті дивидендтер төлейтін компания болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте және осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы да мүмкін, бірақ, егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болса, онда осындай жолмен алынатын салық:
      (a) егер іс жүзіндегі иесі дивидендтерге иелік ету құқығын айқындау күні аяқталатын алты айлық кезеңде дивидендтерді төлейтін компанияның дауыс беретін акцияларының кемінде 10 процентіне тікелей немесе жанама иелік ететін компания болса, дивидендтердің жалпы сомасының 5 процентінен;
      (b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен аспауға тиіс.
      Осы тармақ дивидендтер төленетін пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
      3. Егер дивидендтерді компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте салық салынатын табысты есептеуде оның бенефициарларына төленген дивидендтерді шегеруге құқық беретін компания төлесе, 2-тармақтың (а) тармақшасының ережелері қолданылмайды.
     4. "Дивидендтер" термині осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлуші компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілді дәл сондай салықтық реттеуге жататын табысты білдіреді.
      5. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын, дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып отырған екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сол жерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және төленіп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнінде мұндай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелері қолданылады.
      6. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрса, осы екінші Уағдаласушы мемлекет мұндай дивидендтер осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг шын мәнінде осы екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен байланысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтін дивидендтерге кез келген салықты сала алмайды, егер тіпті төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда осы екінші Уағдаласушы мемлекетте түсетін пайдадан немесе табыстан толығымен немесе ішінара құралса да, бөлінбеген пайдаға салық салынбайды.

11-бап

      1. Уағдаласушы мемлекетте туындайтын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда мұндай проценттерге олар туындайтын Уағдаласушы мемлекетте және осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер алушы проценттердің іс жүзіндегі иесі бола тұрып, екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылса, онда алынатын салық проценттердің жалпы сомасының 10 процентінен аспауға тиіс.
      3. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекетте туындайтын проценттерге, егер:
      (a) проценттердің іс жүзіндегі иесі осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің Үкіметі, осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің саяси бөлімшесі немесе жергілікті билік органы немесе орталық банкі немесе осы Үкіметке толығымен тиесілі кез келген институт болып табылса; немесе
      (b) проценттердің іс жүзіндегі иесі осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің Үкіметі, осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің саяси бөлімшесі немесе жергілікті билік органы немесе орталық банкі немесе осы Үкіметке толығымен тиесілі кез келген институты сақтандырған немесе ішінара қаржыландырған кепілдік берілген борыштық талапқа қатысты осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылса, тек екінші Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      4. 3-тармақтың мақсаты үшін "орталық банк" және "Үкіметке толығымен тиесілі институт" терминдері мынаны:
      (a) Қазақстан жағдайында:
      (і) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін;
      (іі) "Қазақстанның даму Банкі" АҚ-ны;
      (ііі) "Қазақстан Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ-ны; және
      (iv) капиталы толығымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі, кейде дипломатиялық ноталар алмасу арқылы Уағдаласушы мемлекеттердің Үкіметтері арасында келісілуі мүмкін осы сияқты басқа да институттарды;
      (b) Жапония жағдайында:
      (і) Жапония Банкін;
      (іі) Жапония Қаржы корпорациясын;
      (ііі) Жапония халықаралық өзара іс-қимыл агенттігін;
      (iv) Жапония Экспорттық және инвестициялық сақтандыруды; және
      (v) капиталы толығымен Жапонияның Үкіметіне тиесілі, кейде дипломатиялық ноталар алмасу арқылы Уағдаласушы мемлекеттердің Үкіметтері арасында келісілуі мүмкін осы сияқты басқа да институттарды білдіреді.
      5. "Проценттер" термині осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген және борышкерлердің пайдасына қатысу құқығын беретін немесе бермейтін қандай да бір борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, үкіметтік немесе мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық міндеттемелер бойынша төленетін сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, осы бағалы қағаздардан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық міндеттемелерден алынатын табысты және табыс туындаған Уағдаласушы мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес ақшаны қарызға беруден алынатын табыс секілді ұқсас салық салу режимі қолданылатын қалған басқа да табысты білдіреді. 10-бапта аталған табыс осы Конвенцияның мақсаттары үшін процент ретінде қарастырылмайды.
      6. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын проценттердің іс жүзіндегі иесі проценттер туындайтын екінші Уағдаласушы мемлекеттегі кәсіпкерлік қызметті сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса және өзіне қатысты проценттер төленетін борыштық талабы шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелері қолданылады.
      7. Егер төлеуші осы Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылса, проценттер Уағдаласушы мемлекетте туындайды деп есептеледі. Алайда, егер проценттерді төлеуші тұлға Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы мемлекетте проценттер төленетін қарыз туындаған тұрақты мекемесі болса және мұндай проценттерді осындай тұрақты мекеме төлейтін болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекетте туындайды деп есептеледі.
      8. Егер проценттер төлеуші мен оның іс жүзіндегі иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да бір басқа тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебінен оның негізінде төленетін борыштық талапқа қатысты проценттердің сомасы проценттер төлеуші мен олардың іс жүзіндегі иесі арасында осындай қатынастар болмаған кезде келісіле алатындай сомадан асып кетсе, осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің артық бөлігі осы Конвенцияның басқа ережелері ескеріле отырып, әрбір Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.

12-бап

      1. Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, мұндай роялтиге ол пайда болатын Уағдаласушы мемлекетте және осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы да мүмкін, бірақ алушы роялтидің іс жүзіндегі иесі бола тұра, екінші мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 процентінен аспауға тиіс.
      3. "Роялти" термині осы бапта пайдаланылған кезде кинематографиялық фильмдерді және радио немесе теледидар хабарларын тарату үшін фильмдерді немесе таспаларды қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым туындыларын, кез келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске кез келген құқықты пайдаланғаны үшін немесе осындай құқықты пайдалануға бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпарат үшін сыйақы ретінде алынатын төлемдердің кез келген түрін білдіреді.
      4. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын роялтидің іс жүзіндегі иесі роялти пайда болған екінші Уағдаласушы мемлекеттегі кәсіпкерлік қызметпен сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы айналысса және роялти өздеріне қатысты төленетін құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелері қолданылады.
      5. Егер төлеуші осы мемлекеттің резиденті болып табылса, роялти Уағдаласушы мемлекетте пайда болды деп саналады. Алайда, егер роялти төлеуші тұлға Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын - табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы мемлекетте роялти төлеу міндеттемесі туындаған тұрақты мекемесі болса және мұндай роялти осы тұрақты мекемеге байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекетте пайда болды деп саналады.
      6. Егер роялти төлеуші мен оның іс жүзіндегі иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да бір басқа тұлғаның арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан олар үшін төленетін пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидің сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеуші мен оның іс жүзіндегі иесі арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің артық бөлігі осы Конвенцияның басқа да ережелері тиісті түрде ескеріле отырып, әрбір Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.

13-бап

      1. 6-бапта айқындалған және екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алатын табыстарға осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Егер мұндай акциялар немесе проценттер 6-бапта айтылған және осы екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен тікелей немесе жанама түрде олардың құнының 50 процентінен астамын алса, Уағдаласушы мемлекеттің резиденті компанияның акцияларын немесе серіктестіктің немесе трасттың проценттерін иеліктен шығарудан алған табыстарға осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Егер 2-тармақтың ережелері қолданылмаса, екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын, компания шығаратын акцияларды иеліктен шығарудан Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған табысқа, егер сомасы иеліктен шығару орын алған салық жылының ішіндегі кез келген басқа уақытта осындай компания шығаратын акциялардың жалпы сомасының 25 процентінен кем емес акциялардың иесі иеліктен шығарушы болып табылса (осындай кез келген басқа да тиесілі байланысты акциялармен немесе қауымдасқан тұлғалармен бірге және осындайлармен жиынтықта) осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      4. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте иелік етіп отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымайтын мүліктен өзге кез келген мүлікті иеліктен шығарудан, осындай тұрақты мекемені (жекелеген түрде немесе бүкіл кәсіпорынмен жиынтықта) иеліктен шығарудан алынған осындай табыстарды қоса алғанда, осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      5. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемелерін немесе жылжымайтын мүліктен басқа кез келген мүлікті, мұндай теңіз немесе әуе кемесін пайдалануға байланысты жылжымайтын мүліктен өзге кез келген мүлікті иеліктен шығарудан алған табыстарға тек осы Уағдаласушы мемлекетте салық салынады.
      6. Осы баптың алдыңғы тармақтарында айтылғаннан басқа, кез келген мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға мүлікті иеліктен шығарушы тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.

14-бап

      1. 15, 17 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы мемлекеттің резиденті жалданып істеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға, егер жалданып жұмыс істеу екінші Уағдаласушы мемлекетте орындалмаса, тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып істейтін жұмыс екінші Уағдаласушы мемлекетте орындалса, онда осыған байланысты алынған сыйақыға осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, егер:
      (a) алушы тиісті салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екі айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екінші Уағдаласушы мемлекетте болса;
      (b) сыйақыны осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      (c) сыйақы төлеу жөніндегі шығыстарды жалдаушының осы екінші Уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемесі көтермесе, екінші Уағдаласушы мемлекетте жалданып жұмыс істеуіне байланысты Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған сыйақыға салық тек алғашқы айтылған Уағдаласушы мемлекетте салынады.
      3. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесінің бортында орындалатын жалданып істейтін жұмысқа қатысты алынған сыйақыға осы Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.

15-бап

      Екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған директорлардың қаламақыларына және осы сияқты басқа да төлемдерге осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.

16-бап

      1. 7 және 14-баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе теледидар артисі немесе сазгер ретінде немесе спортшы ретінде екінші Уағдаласушы мемлекетте жүзеге асыратын өзінің жеке қызметінен алған табысына осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Егер артист немесе спортшы өзінің осы сипатта жүзеге асыратын жеке қызметінен алатын табысы артистің немесе спортшының өзіне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа 7 және 14-баптардың ережелеріне қарамастан, артистің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылатын Уағдаласушы мемлекетте салық салынады.

17-бап

      18-баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес бұрын жүзеге асырған жұмысы үшін Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақылар мен осы сияқты басқа да төлемдерге осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.

18-бап

      1. (a) Мемлекеттік сипаттағы функцияларды орындаған кезде жеке тұлғаға Уағдаласушы мемлекет немесе оның саяси бөлімшелері немесе жергілікті билік органдары үшін жүзеге асырған қызметіне осы Уағдаласушы мемлекет немесе саяси бөлімше немесе оның жергілікті билік органдары төлейтін қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      (b) Алайда, егер қызмет осы екінші Уағдаласушы мемлекетте жүзеге асырылса және осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлға:
      (і) осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің азаматы болып табылса; немесе
      (іі) қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болмаса, мұндай қызметақыға, жалақыға және осы сияқты басқа да сыйақыға тек екінші Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. (а) 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, жеке тұлғаға осы Уағдаласушы мемлекет немесе саяси бөлімше немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асырылатын қызметіне Уағдаласушы мемлекет немесе саяси бөлімше немесе жергілікті билік органы төлейтін зейнетақыларға немесе осы сияқты басқа да сыйақыларға осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      (b) Алайда, егер жеке тұлға осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті және азаматы болып табылса, мұндай зейнетақыларға немесе осы сияқты басқа да сыйақыға екінші Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      3. 14, 15, 16 және 17-баптардың ережелері Уағдаласушы мемлекет немесе оның саяси бөлімшесі немесе жергілікті билік органы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қызметке қатысты қызметақыға, жалақыға, зейнетақыларға және осы сияқты басқа да сыйақыларға қолданылады.

19-бап

      Екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе Уағдаласушы мемлекетке келер алдында тікелей резидент болып табылған және бірінші айтылған Уағдаласушы мемлекетте тек білім алу немесе практикадан өту мақсатында жүрген студент немесе практикант өзін қамтамасыз ету, білім алу немесе практикадан өту мақсатында алатын төлемдерге осы сома көздері бірінші айтылған Уағдаласушы мемлекеттен тысқары жерде болған жағдайда, бірінші айтылған Уағдаласушы мемлекетте салық салынбайды.

20-бап

      Осы Конвенцияның кез келген басқа ережелеріне қарамастан, жауапкершілігі шектелмеген пассивті әріптестіктің (Tokumei Kumiai) келісім шарттарына немесе басқа да осыған ұқсас келісім шарттарға қатысты жауапкершілігі шектелмеген пассивті әріптестіктер алған кез келген табысқа немесе пайдаға осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай табыс немесе пайда туындайтын Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.

21-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттің резидентінің, осындай табыстың іс жүзіндегі иесінің табыстарының түрлеріне (бұдан әрі осы бапта "басқа табыстар" деп аталатын) осы Конвенцияның алдыңғы баптарында сөз болмаған олардың пайда болу көздеріне қарамастан, тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 6-баптың 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүліктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табыстардың іс жүзіндегі иесі Уағдаласушы мемлекеттің резиденті бола тұрып, екінші Уағдаласушы мемлекеттегі кәсіпкерлік қызметті сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса және оларға байланысты табыс төленген құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1-тармақтың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның 7-бабының ережелері қолданылады.
      3. 1-тармақта айтылған резидент пен төлеуші немесе екеуі мен қандай да бір басқа тұлға арасындағы ерекше қарым-қатынастардың салдарынан басқа табыс сомасы осындай қарым-қатынастар болмаған кезде олардың арасында келісілген сомадан асып түссе, онда осы баптың ережелері соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің артық бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелері тиісінше ескеріле отырып, әрбір Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.

22-бап

      1. Қазақстан жағдайында:
      (a) егер Қазақстанның резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Жапонияда салық салынуы мүмкін табыс алса, Қазақстан осы резиденттің табысына салынатын салықтан Жапонияда төленетін Жапония табыс салығына тең соманы шегеріп тастауға мүмкіндік береді. Алайда шегеру сомасы Қазақстан салығының осындай табысқа жататын бөлігінен аспауға тиіс.
      (b) егер Конвенцияның кез келген ережелеріне сәйкес Қазақстан резиденті алған табыс Қазақстанда салықтан босатылса, соған қарамастан Қазақстан осы резиденттің табысының қалған бөлігіне соманы есептеген кезде салықтан босатылған табысты назарға алуы мүмкін.
      2. Жапония заңнамасының ережелеріне сәйкес Жапониядан өзге кез келген елде төленген салық Жапон салығына есепке жатқызылады:
      (a) егер Жапония резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс алса, осы резидент осындай табысқа қатысты төлеген Қазақстан салығының сомасы Жапон салығына есепке жатқызылуы тиіс. Алайда есепке алу сомасы Жапон салығының осындай табысқа жатқызылған бөлігінен аспауы тиіс.
      (b) егер Қазақстанда алынған табыс Қазақстанның резиденті болып табылатын компания төлейтін, Жапонияның резиденті болып табылатын және дауыс беретін акциялардың немесе дивидендтерді төлеу жөніндегі міндеттемелер расталатын күннің тікелей алдындағы алты айдың ішінде дивидендтер төлейтін компанияның шығарылатын акциялары сомасының кемінде 10 процентіне иелік ететін компанияның дивидендтері болып табылса, онда есепке алу оның табысына қатысты дивидендтер төлейтін компанияның төлеуіне жататын Қазақстан салығын назарға алады.
      3. Осы баптың алдыңғы тармақтарының мақсаттары үшін осы Конвенцияға сәйкес екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін Уағдаласушы мемлекеттің резиденті - іс жүзіндегі иесінің табысы осы екінші Уағдаласушы мемлекетте туындаған деп есептелуі тиіс.

23-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және оған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты, атап айтқанда резиденттерге қатысты кез келген салық салуға екінші Уағдаласушы мемлекетте ұшырамайды. 1-баптың ережелеріне қарамастан, осы тармақтың ережесі Уағдаласушы мемлекеттің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылмайтын тұлғаға да қолданылады.
      2. Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемесіне салық салу ұқсас осындай қызметті жүзеге асыратын осы екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнына салық салуға қарағанда осы екінші Уағдаласушы мемлекетте қолайлығы нашар болмауы тиіс. Осы тармақтың ережесі Уағдаласушы мемлекетті екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденттеріне оларды салық төлеуден және азаматтық мәртебе немесе өзінің резиденттеріне беретін отбасы жағдайлары негізінде салық салу мақсаттары үшін кез келген жеке салық жеңілдіктері мен шегерімдер беруге міндеттейтін болып түсіндірілмеуі тиіс.
      3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 8-тармағының, 12-баптың  6-тармағының немесе 21-баптың 3-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне жүргізетін проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсіпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаттары үшін олар бірінші аталған Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне қалай төленсе, нақ осындай жағдайлар кезінде шегеріліп тастауға жатады.
      4. Капиталы екінші Уағдаласушы мемлекеттің бір немесе бірнеше резидентіне толық немесе ішінара тиесілі немесе олардың тікелей немесе жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны бірінші айтылған Уағдаласушы мемлекетте кез келген салық салуға немесе бірінші айтылған Уағдаласушы мемлекеттің басқа ұқсас кәсіпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салу және оған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салу немесе онымен байланысты кез келген міндеттемелерге бірінші айтылған Уағдаласушы мемлекетте ұшырамауы тиіс.
      5. Осы баптың ережелері 2-баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекет немесе саяси бөлімшелер немесе жергілікті билік органдары өндіріп алатын кез келген түрдегі және сипаттағы салықтарға қолданылады.

24-бап

      1. Егер тұлға Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де іс-әрекеттері өзін осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтырады немесе әкеп соқтырды деп есептесе, ол осы Уағдаласушы мемлекеттердің ішкі заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзінің ісін өзі резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органының қарауына немесе егер оның ісі 23-баптың 1-тармағының қолданылуына жатса, өзі ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органының қарауына бере алады. Өтініш осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтырған іс-әрекеттер туралы бірінші хабарлама берілген сәттен бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс.
      2. Құзыретті орган, егер ол өтінішті негізді деп есептесе және егер өзі қанағаттандырарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында істі басқа Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткізілген келісім Уағдаласушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында көзделген уақыттағы кез келген шектеуден тыс орындалатын болады.
      3. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары Конвенцияны түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнді өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады. Олар сол сияқты Конвенцияда көзделмеген жағдайларда, қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында бір-бірімен консультация өткізе алады.
      4. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары осы баптың алдыңғы тармақтарын түсінуде келісімге қол жеткізу мақсатында бір-бірімен тікелей байланысқа түсе алады.

25-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе салық салу Конвенцияға қайшы келмейтіндей шамада Уағдаласушы мемлекеттің немесе олардың саяси бөлімшелерінің немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын кез келген түрдегі салықтарға қатысты әкімшілендіру немесе ішкі заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу 1 және 2-баптармен шектелмейді.
      2. 1-тармаққа сәйкес Уағдаласушы мемлекет алған кез келген ақпарат осы мемлекеттің ішкі заңнамасының шеңберінде алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және Конвенция қолданылатын бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлі өндіріп алумен немесе сот қудалауымен немесе салықтарға қатысты шағымдарды қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе 1-тармақта немесе осы тармақтың жоғарыда көрсетілген ережелерінде көрсетілген органдарға ғана (соттар мен әкімшілік органдарды қоса алғанда) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар ақпаратты ашық сот мәжілісі барысында немесе сот шешімдерін қабылдау кезінде аша алады.
      3. Ешқандай жағдайда 1 және 2-тармақтардың ережелері Уағдаласушы мемлекеттерге:
      (a) осы немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын қолдану;
      (b) осы немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің заңдары немесе әдеттегі әкімшілік практикасы бойынша алуға болмайтын ақпарат беру;
      (c) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпарат немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа қайшы келуі мүмкін ақпарат беру міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
      4. Егер ақпаратты осы бапқа сәйкес Уағдаласушы мемлекет талап ететін болса, екінші Уағдаласушы мемлекет жеке салық мақсаттары үшін тіпті осындай ақпаратқа мұқтаж болмаса да, екінші Уағдаласушы мемлекет оның ақпаратын талап етілетін ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдаланады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 3-тармақтың шектеулеріне бағынады, бірақ ешқандай жағдайда мұндай шектеу мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмағандығынан ғана, ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде қаралмайды.
      5. Ешқандай жағдайда 3-тармақтың ережелері Уағдаласушы мемлекетке банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенімді тұлға ретінде келетін тұлға ақпарат иесі болу себебінен немесе ақпарат тұлғаның жеке мүлік құқығына жатқызылу себебінен ғана, ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде қаралмайды.

26-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттер осы Конвенцияны осындай жеңілдіктерге уәкілеттік берілмеген тұлғалар пайдаланбауы тиіс деген шартпен салық ставкасынан осындай кез келген босатуға немесе азайтуға жол бермеу үшін қажетті шекте салықтарды жинауда бір-біріне көмек көрсетеді. Уағдаласушы мемлекет мұндай алымдарды жасай отырып, екінші Уағдаласушы мемлекет алдында осындай жинақталған сома үшін жауапты болуы тиіс.
      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелері Уағдаласушы мемлекеттерге:
      (a) осы немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын қолдану;
      (b) мемлекеттік саясатқа қайшы келетін шаралар қолдану міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.

27-бап

      Осы Конвенциядағы ештеңе де дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретін немесе арнайы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілетін артықшылықтар сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.

28-бап

      1. Әрбір Уағдаласушы мемлекет дипломатиялық арналар арқылы екіншісіне осы Конвенцияның күшіне енуі жөніндегі мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Конвенция соңғы хабарлама алынған күннен кейін отызыншы күні күшіне енуі тиіс.
      2. Конвенция:
      (a) төлем көзінен ұсталатын салықтарға қатысты, Конвенцияның күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін төленетін немесе есептелетін сомаларға қатысты;
      (b) төлем көзінен ұсталмайтын табыс салығына қатысты, Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық жылындағы табысқа қатысты; және
      (c) басқа салықтарға қатысты, Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық салынатын кезеңге қатысты қолданылады.

29-бап

      Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттердің бірі оның қолданылуын тоқтатпайынша, күшінде қала береді. Кез келген Уағдаласушы мемлекет осы Конвенция күшіне енген күнінен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейінгі кез келген келесі күнтізбелік жылдың аяқталуына дейін кемінде тым болмағанда алты ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы қолданылуын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Конвенцияның қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда Конвенция:
      (a) төлем көзінен ұсталатын салықтарға қатысты, осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін төленетін немесе есепке алынатын сомаларға қатысты;
      (b) төлем көзінен ұсталмайтын табыс салығына қатысты, осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық жылындағы табысқа қатысты; және
      (c) басқа салықтарға қатысты, осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық салынатын кезеңге қатысты өзінің қолданылуын тоқтатады.
      Осыны куәландыру үшін өздерінің Үкіметі тиісті дәрежеде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
      2008 жылғы он тоғызыншы желтоқсанда Токио қаласында ағылшын тілінде жасалды.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                ЖАПОНИЯ
              ҮШІН                           ҮШІН

Хаттама

      Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға (бұдан әрі "Конвенция" деп аталатын) кол кою шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Жапония Конвенцияның құрамдас бөлігі болып табылатын мынадай ережелермен келісті.
      1. Конвенцияның 9-бабының 2-тармағына қатысты:
      Егер Қазақстан осы тармаққа сәйкес түзету жасаған жағдайда, онда осы тармақтың ережесіндегі ештеңе де Қазақстанға келісім бойынша табысты түзету міндеттемесін жүктейтіндей түсіндірілмеуі тиіс.
      2. Конвенцияның 9-бабының 3-тармағына қатысты:
      Баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес баптағы ештеңе де Қазақстанға келісім-шарттың аяқталу күнінен бастап бес жылдық кезең аяқталғанға дейін Қазақстан кәсіпорнының жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды пайдаланудан алған табысын өзгертуге кедергі ретінде түсіндірілмеуі тиіс екенін түсіну бар.
      3. Конвенцияның 12-бабының 2-тармағына қатысты:
      (a) Қазақстанда туындайтын роялти жағдайында "роялти сомасы" термині роялтидің жалпы сомасының 50 процентіне баламалы соманы білдіреді;
      (b) Жапонияда туындайтын роялти жағдайында "роялти сомасының 10 проценті" термині роялтидің жалпы сомасының 5 процентін білдіреді.
      4. Конвенцияның 25-бабының 5-тармағына қатысты:
      Уағдаласушы мемлекет олардың осындай рөлінде осындай байланыс шегінде прокурор, заңгер консультант немесе жалпыға бірдей заң өкілдері мен олардың клиенттері арасындағы құпия байланысқа жатқызылған, осы Уағдаласушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес жария етуден қорғалатын ақпаратпен қамтамасыз етуден бас тарта алады.
      5. Осы Конвенцияда ештеңе де Уағдаласушы мемлекетке бірінші көрсетілген Уағдаласушы мемлекетте орналасқан компанияның тұрақты мекемесіне жатқызылған, екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның табысына (теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алынғаннан өзге) осылайша есептелген кез келген қосымша салық осындай табыстың жалпы сомасының 5 процентінен аспайды деген шартпен бірінші көрсетілген Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның табысына есептелетін салыққа толықтыру ретінде қосымша салық салуға кедергі келтіру ретінде түсіндірілмейді. Осы тармақтың мақсаттары үшін қосымша салық салынатын пайда тұрақты мекемеге жатқызылатын табыстан салық кезеңінің ішінде бірінші көрсетілген Уағдаласушы мемлекетте өндіріп алынатын қосымша салықтан өзге салық кезеңінің ішінде барлық салықтарды шегергеннен кейін анықталуы тиіс.
      Осыны куәландыру үшін өздерінің Үкіметі тиісті дәрежеде уәкілеттік берген төменде кол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
      2008 жылғы он тоғызыншы желтоқсанда Токио қаласында ағылшын тілінде жасалды.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ               ЖАПОНИЯ
            ҮШІН                            ҮШІН

      2008 жылғы 19 желтоқсанда Токиода қол қойылған Қазақстан Республикасы мен арасындағы Табысқа салынатын қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның және оған хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Бақарма бастығы                        Б.Пискорский      

      2008 жылғы 19 желтоқсанда Токиода қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның және оған Хаттаманың бұл орыс және қазақ тілдеріндегі аударманың дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Мемлекеттік тілді дамыту
      және аударма
      басқармасының бастығы                  Н. Шабанов

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Конвенцияның ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады