Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 380-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) 541-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы және концессиялар туралы заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;
      2) 883-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессиялар туралы заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
      1) 36-бапта:
      1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне;»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi, жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмдерi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн беру жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жер учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс.»;
      2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;»;
      3) 114-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар мен теміржол көлігі объектілеріне бөліп берілген жер жатады.».
      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) мазмұнында:
      8-бөлімнің, 30-тараудың және 151-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар
      30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлау
      151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер»;
      мынадай мазмұндағы 154-1, 154-2, 154-3 және 154-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
      154-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу
      154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
      154-4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау»;
      156-баптың және 31-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер»;
      «31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
      мынадай мазмұндағы 158-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру»;
      9-бөлімнің, 32-тараудың, 160, 161 және 162-баптардың, 33-тараудың, 163, 164, 165 және 230-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
      32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
      160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер
      161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді есепке алу және олардың мониторингі
      162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы және орындауы
      33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері
      163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы
      164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауын шектеу
      165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді орындауы»;
      «230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу»;
      2) 3-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «53-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік әріптес қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
      53-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Мемлекеттік жекешелік-әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөніндегі реттілікпен болатын іс-шаралар жиынтығы;»;
      57-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «57-1) мемлекеттік инвестициялық жоба – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;»;
      3) 39-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;»;
      4) 53-бапта:
      1-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерге және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етуге;»;
      5) 54-бапта:
      1-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
      6) 55-бапта:
      1-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
      7) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
      8) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
      9) 71-баптың 3-тармағының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;»;
      10) 79-баптың 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;»;
      «3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;»;
      11) 110-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджет қаражатының шығыстары бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.»;
      12) 8-бөлімнің және 30-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар

30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлау»;

      13) 151-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және
                мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның
                ішінде концессиялық жобалар туралы жалпы
                ережелер»;

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар.
      Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.»;
      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiндегi меншiк түрi бойынша өлшемшарт;
      2) пайда алушылар бойынша, егер экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса – республикалық, егер экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса – жергiлiктi ретіндегі өлшемшарт республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды айқындау өлшемшарттары болып табылады.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды республикалық ретiнде айқындау үшiн олардың осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өлшемшарттардың бiрiне сәйкес келуі жеткiлiктi болады.
      5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемшарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      9-тармақтың 1) тармақшасы «инвестицияларды немесе» деген сөздерден кейін «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау.»;
      14) 154-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.»;
      15) мынадай мазмұндағы 154-1, 154-2, 154-3 және 154-4-баптармен толықтырылсын:

      «154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын
                   жоспарлау

       1. Мемлекеттік бюджеттен шығыстар көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын бюджеттік бағдарлама әкімшісі әзірлейді және осы Кодекстің 152-бабында көзделген инвестициялық ұсыныс кезеңінен өткізбей, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы салалық сараптамаға жатады.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды дайындайды.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тұжырымдамасының орындылығы туралы экономикалық қорытынды негізінде үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) бюджетті әзірлеу сатысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және сараптама жасау;
      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;
      3) шартқа қол қою.
      5. Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына арналған шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.

      154-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының
                  тұжырымдамасын әзірлеу

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар қажет болған жағдайда айқындаған заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тұжырымдамасының негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар қажет болған жағдайда республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына талдау жүргiзу және оны пысықтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тартады.
      3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды.
      4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастырады.

      154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының
                  конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе
                  түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар
                  жүргізу

      1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларды әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге бөлiнген қаражаттың игерiлу кезеңi бiр жылдан асатын, бiрақ тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзiмнен аспайтын мерзiмдi құрауы мүмкiн.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
      Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
      3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi.
      4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      6. Конкурстық құжаттамаға тиiстi бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi енгізуге жол берiлмейдi.
      7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.
      8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      154-4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын
                  консультациялық қолдау

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
      2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      3. Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады, ол мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
      Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.»;
      16) 155-2-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.»;
      17) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары
                 бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде
                 мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді
                 қабылдау үшін негіздер

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
      Мыналар:
      1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);
      2) бюджет комиссиясының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы ұсынысы болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
      2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
      Мыналар:
      1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);
      2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстары;
      3) бюджет комиссиясының мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау туралы ұсыныстары мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.»;
      18) 31-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;

       19) мынадай мазмұндағы 158-1-баппен толықтырылсын:

      «158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын
                  іске асыру

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде іске асырылады.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін шарттық қатынастарды орындау кезеңінде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      20) 9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер

32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер

      160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
                мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде
                мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер туралы
                жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi болып бөлiнедi.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледi.
      Мемлекеттік әріптес не концедент жекеше әріптес не концессионер мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартын тиiсiнше орындамаған жағдайда, жекеше әріптестің не концессионердiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартында қамтылған, қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау өлшемшарттары негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердің көлемiн азайтуды жүргiзедi.
      7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтедi.

      161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
                мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде
                мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi есепке
                алу және олардың мониторингi

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ол белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға жатады.
      2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
      3. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      162-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары
                бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде
                мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi
                қабылдауы және орындауы

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы:
      1) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастыру;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;
      3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның
ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері

      163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың
                мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары
                бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде
                мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi
                қабылдауы

      1. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы:
      1) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;
      3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.

      164-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың
                мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары
                бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде
                мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді
                қабылдауын шектеу

      1. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң белгiленген лимитiмен шектеледi.
      2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге белгiлейдi.

      165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың
                мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары
                бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде
                мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi
                орындауы

      Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырады.»;
      21) 217-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      22) 226-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.»;
      23) 227-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiлерiн құруға ғана пайдаланылады.»;
      24) 228-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Кодекстiң 233-бабына сәйкес қарыз алушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiн мемлекетке беруiнiң мiндеттiлiгi;»;
      25) 229-бапта:
      5) тармақша «болуы» деген сөзден кейін «не жекеше әріптесті айқындау туралы хаттаманың болуы» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;»;
      «9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.»;
      26) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың
                 көлемiн ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік
                 әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық
                 жобаларды iрiктеу

      Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды iрiктеудi бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.».
      4. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
      5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 13-баптың 1-тармағының 4-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-5) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
      2) 15-1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Өз қызметiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың және бекітудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында көзделеді.».
      6. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,№ 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;»;
      2) 4-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілуі мүмкін.»;
      3) 5-бапта:
      1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «концессиялар туралы» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі «концессия шарттарының» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «, концессионерге» деген сөз «немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылармен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария болып табылады.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «концессия шарты» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздері пайдаланылады.»;
      4) 5-2-бабының тақырыбы және 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін)
                пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша
                жеңілдіктер»;

      «2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) және пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақыдан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.»;
      5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол сервисі объектілерін салу, күтіп-ұстау және дамыту үшін жер пайдаланушыларға автомобиль жолының санатына қарай белгіленген нормалар негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер және жобалау құжаттамасына сәйкес жол бойындағы белдеу учаскелері беріледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға немесе Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажеттеріне арналған жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол органына – жерді тұрақты пайдалануға, автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге жерді уақытша пайдалануға бөлінеді.»;
      6) 9-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жері жол органдарының немесе өзге тұлғалардың иелігінде және пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.»;
      «3. Жол органы, Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланбайтын, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жер учаскелерiн:
      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.»;
      7) 12-баптың 2-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөнiндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелердің мөлшерiн әзiрлеу;»;
      8) 13-баптың 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;»;
      9) 17-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын не концессия шарттарын орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      10) 20-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, төлемақы алу пункті арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.».
      7. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бапта:
      26)27) және 28) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 43-1), 43-2) және 43-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «43-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржолдар – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген темiржолдар;
      43-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген объектiлер;
      43-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдардың көрсетілетін қызметтерi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын, темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер;»;
      2) 5-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Магистральдық темiржол желiсiне жатпайтын темiржолдар жеке пайдалану объектiлерi бола алады және жеке меншiкте, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жеке меншікте бола алады.
      3. Жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессионерге концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.
      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар және теміржол көлігі объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін магистральдық теміржол желісінің құрамына енгізілмейді.»;
      3) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық инфрақұрылым операторының көрсетілетiн қызметтері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.»;
      4) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше әріптеспен не концессионермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.»;
      5) 18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне бөлінген жерлер жатады.»;
      6) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінәсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.»;
      7) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптестің не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.
      Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптес не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.».
      8. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-баптың 3)6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) инвестициялар – лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);»;
      «6) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;»;
      «8) инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөніндегі қызметi;»;
      2) 15-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;».
      9. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар):
      5-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында қоғам құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
      10. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      1) 1-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «38) инфрақұрылымдық облигация – эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнде мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген, мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомадағы облигация;»;
      2) 18-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге әкеп соқтыратындай етiп өзгертуге жол берiлмейдi не инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілдерінің келісімімен жол беріледі.».
      11. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
      9-баптың 23 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.».
      12. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат):
      6-8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің
               ерекшеліктері

      1. Мемлекет «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.
      2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      3. Базалық шарт бойынша орындаушы мемлекетті өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына талап ету құқықтарын беруді жүргізгені туралы күнтізбелік он күн ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.».
      13. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
      1) 1-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға;»;
      19) тармақша алып тасталсын;
      2) 2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
      3) 1-1-тарау алып тасталсын;
      4) 14-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) концессиялық жобаның іске асырылу барысында өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі;»;
      5) 15-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.»;
      6) 18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, ол осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.»;
      7) 19-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
      8) 20-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер бiр конкурстық өтiнiм ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтiнiмдi комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.»;
      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлейтiн өлшемшарттар негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессиялық шарт талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзедi.»;
      «5. Егер концессиялық өтінімі үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы комиссияның ескертпелерi мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан жағдайда не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтiн болса, онда комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және үздiк концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды.».
      14. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 9, 46-құжат):
      10-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақта белгiленген тыйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылы келiсiмдерге не нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.».
      15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 72-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Стратегиялық объектілерді және жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті немесе мемлекетке ғана тиесілі болуы мүмкін мүлікті пайдалануға беруге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты, мүлікті сенімгерлік басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша жол беріледі.»;
      2) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік
               әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты
               бойынша беру

      Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша беру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3) 198-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік мүлік құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, жалдаудағы, концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері болып табылады.».
      16. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

      «29-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы
                 мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
      17. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат):
      96-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады