Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 37-тарау мынадай мазмұндағы 738-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "738-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларын қаржыландыру кезінде ақшалай талапты өзгеге беру";

      2) 37-тарау мынадай мазмұндағы 738-2-баппен толықтырылсын:

      "738-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларын қаржыландыру кезінде ақшалай талапты өзгеге беру

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларын ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасында белгiленедi.

      Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасында өзгеше белгiленбесе, осы тараудың ережесi мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларын қаржыландыру мәмілелеріне қолданылады.";

      3) 740-баптың 1-тармағында:

      үшінші бөлік 6) тармақшадағы "ақшасына тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ақшасына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың үшінші бөлігі 7) тармақшасының ережесі мемлекеттік кіріс органдары, сондай-ақ сот актілерінің негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары қоятын, осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бар шектеулерге қолданылмайды.";

      4) 741-бапта:

      екінші бөлік 5) тармақшадағы "активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "активтеріне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың екінші бөлігі 6) тармақшасының ережесі осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат):

      110-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджет қаражатының шығыстары бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.".

      3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      175-баптың 5-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын.

      4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) 116-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) реттелетін кәсіптер – сәйкестікті растауды және біліктілік беруді талап ететін кәсіби қызмет.";

      2) 117-бапта:

      3-тармақтағы "республикалық комиссия" деген сөздер "республикалық үшжақты комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растауды және біліктілік беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйымдар жүзеге асырады.

      Реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және біліктілік беру тәртібін тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары айқындайды.

      6. Реттелетін кәсіптердің тізбесін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия бекітеді.";

      3) 118-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануға және сәйкестікті растау мен біліктіліктер берудің кешенді жүйесін іске асыру үшін тиісті кәсіптік стандарттар болған кезде талаптарды ескеруге тиіс.";

      4) 119-баптың бірінші бөлігіндегі "Дуальдық оқыту дуальдық оқыту туралы" деген сөздер "Дуальды оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалатын дуальды оқыту туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 36-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:

      бірінші бөлік "нотариус" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны алып қою бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.";

      2) 51-баптың 1-тармағында:

      екінші бөлік 6) тармақшадағы "ақшасына тыйым салуға жол берілмейді." деген сөздер "ақшасына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігі 7) тармақшасының ережесі мемлекеттік кіріс органдары, сондай-ақ сот актілерінің негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары қоятын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бар шектеулерге қолданылмайды.".

      6. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 16-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қайта құрылуы;";

      2) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Коммерциялық емес акционерлік қоғамның немесе мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым коммерциялық ұйым ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын қайта құру нәтижесінде құрылуы мүмкін.".

      7. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 7-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әскери оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;";

      2) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-23) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-23) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасын құру және тарату туралы шешім қабылдайды;".

      8. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот – кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) концессия шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды концессионер орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;";

      2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі

      1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот концессионер инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.

      2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен концессиялық жобаларды қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.

      3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, концессионердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.

      Концессионер кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін концессия шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.";

      3) 21-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Концессия шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кепілге беру концессия шартының талаптарына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.

      Концессионердің кредиторға концессия шарты бойынша өзінің құқықтарын кепілге беруі және аталған құқықтар құнын есепке алу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Пайдалануға берілген концессия объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу концессия шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады.";

      4) 4-тарау мынадай мазмұндағы 26-3-баппен толықтырылсын:

      "26-3-бап. Концессионерді ауыстыру

      1. Концессионер кредитор алдындағы және (немесе) концессия шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, концедентпен және кредитормен келісу бойынша концессионерді ауыстыруға жол беріледі, ол концессионерді ауыстыру мақсатында концеденттің конкурс өткізуі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша құқықтар мен міндеттер концессионерді ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап концессия шарты бойынша жаңа концессионерге беріледі.

      3. Концессия шарты бойынша концессионерді ауыстыру Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      9. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "жоғары оқу орындарында", "жоғары оқу орындарының", "Жоғары оқу орындарында", "Жоғары оқу орындарындағы", "жоғары оқу орындары", "жоғары оқу орындарына", "жоғары оқу орындарын", "Жоғары оқу орындары", "жоғары оқу орнының", "Жоғары оқу орнының ерекше", "жоғары оқу орнын", "Жоғары оқу орындарының", "жоғары оқу орны", "жоғары оқу орнына" деген сөздер тиісінше "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын", "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы", "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      2), 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

      2-1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      2-2) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;

      2-3) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 2-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;";

      7-3) тармақшадағы "нақты мамандық бойынша" деген сөздер алып тасталсын, "шеберлік пен" деген сөздер "машықтар мен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "жоғары білім алуға" деген сөздер "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген тұлғалардың бюджет қаражаты шығыстарын өтеу немесе өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;";

      17-1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19-2) ерекше мәртебе – жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі;

      19-3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;";

      21-2), 21-3), 21-4) және 21-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (бұдан әрі – кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат;

      21-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;

      21-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры – қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;

      21-5) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;";

      мынадай мазмұндағы 21-6) және 21-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21-6) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;

      21-7) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) институт – ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;";

      36) тармақшадағы "білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана" деген сөздер "академиялық кредиттерді жинақтай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-2) тармақшадағы "тиісті мамандық бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      45) тармақшадағы "білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және" деген сөздер "кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-2) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;";

      мынадай мазмұндағы 48-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      53-1), 53-2), 53-3), 53-4) және 53-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-1) стипендиялық бағдарламалар – қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;

      53-2) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;

      53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;

      53-4) сынып жетекшілігі – педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;

      53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;";

      мынадай мазмұндағы 53-6), 53-7) және 53-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-6) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;

      53-7) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      53-8) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;";

      54), 56-1) және 56-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) университет – әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;";

      "56-1) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

      56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті;";

      3) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға:

      1) аккредиттеу органының көрсетілетін қызметтерін;

      2) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.";

      4) 4-бапта:

      4) тармақшадағы "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар" деген сөздер "жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға үш жылға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "жоғары білім алуға" деген сөздер "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;";

      19), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

      5) 5-бапта:

      бірінші бөлікте:

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 4-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      2-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекітеді және орналастырады;

      2-4) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      2-5) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      2-6) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "4-1) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "5-1) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      5-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;";

      6-2) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) заңды тұлғаларға мыналарды:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді;";

      9-1) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "тізілімін" деген сөз "тізілімдерін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) тиісті үлгілердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін қалыптастырады және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;";

      "14-3) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) сырттай және кешкі оқу нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекітеді;";

      15-2) тармақша "бекітеді" деген сөзден кейін ", техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      16), 17), 19) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "19) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "24) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлейді және бекітеді;";

      25-2) тармақшадағы "жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары" деген сөздер "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;";

      35) тармақшадағы "мекемелерінің" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      36) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 38-3) және 38-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38-3) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38-4) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекітеді және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастырады;";

      43) тармақшадағы "мамандарды" деген сөз "кадрларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 43-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "43-2) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      46-1) тармақшада:

      ", жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің" деген сөздер "білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әдістемелерін" деген сөз "әдістемесін (бұдан әрі – жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46-2) тармақшадағы ", жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің" деген сөздер "білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-6) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторларын (РһD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      46-8) тармақша алып тасталсын;

      46-11) тармақша "кәсіптік практиканы" деген сөздердің алдынан "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      46-13) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "46-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-18) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-19) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;

      46-20) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.";

      6) 5-1-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбелерін бекітеді;";

      7) 6-бапта:

      2-тармақта:

      8) және 8-1) тармақшалардағы "мамандарды" деген сөз "кадрларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24-3) тармақшадағы "мекемелеріне" деген сөз "ұйымдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      7) тармақшадағы "мамандарды" деген сөз "кадрларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;";

      18) тармақшадағы "мекемелер" деген сөз "білім беру ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25-6) тармақшадағы "мекемелеріне" деген сөз "ұйымдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;";

      8) 7-баптың 2-тармағы "жүйесі" деген сөзден кейін "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 8-бапта:

      2-тармақтың төртінші бөлігіндегі "Шетелдіктердің" деген сөз "Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы жаңадан берілетін орындармен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қамтамасыз ету бойынша жағдай жасайды. Жатақханаларда тұру үшін ақы төлеу студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың құрамына кірмейді.

      Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және жатақхананың меншік иесі арасында үш жылдан асатын мерзімге жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді. Жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жыл мерзімге тыйым салудың болуы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шартының міндетті талабы болып табылады.";

      4-1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;

      10) 9-1-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Білім беру ұйымдары танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      11) 14-бапта:

      1-тармақта:

      үшінші бөліктегі "жоспарлары мен үлгілік" деген сөздер "жоспарларының және (немесе) үлгілік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жалпы білім беретін пәндер циклінің жұмыс оқу бағдарламаларын қоспағанда, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жұмысшы кадрлары" деген сөздер "кадрлар, оның ішінде жұмысшы кадрлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 21-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары міндетті құрауыштың және таңдау бойынша құрауыштың пәндерін қамтиды.

      Білім алушы таңдау бойынша құрауыш шеңберінде жеке оқыту траекториясын айқындау кезінде:

      1) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді;

      2) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдай алады.

      Негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді меңгерудің тәртібі мен көлемі кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында белгіленеді.

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.";

      3-тармақтағы "және ол кемінде төрт жыл болуға тиіс" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "Интернатура туралы ережені" деген сөздер "Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды, оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кәсіптік практиканы, диссертация (бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларына арналған жобаны) жаза отырып, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.";

      14) 23-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.";

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "қатысты" деген сөз "қарай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "білім беру" деген сөздер "білім беру бағдарламалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "біліктілікті" деген сөз "құзыреттерді" деген сөзбен, "арттыру бағдарламалары болып бөлінеді." деген сөздер "арттыру бағдарламалары;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) жетекші ғалымның жетекшілік етуімен мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдетуге, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған докторлықтан кейінгі бағдарламалар болып бөлінеді.";

      15) 26-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.";

      1-1-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "азаматының" деген сөз "азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтың 3) тармақшасындағы "мамандықтар бойынша" деген сөздер "білім беру бағдарламалары бойынша оқуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының тізбесі мен арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін білім алушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.";

      11-тармақ "мамандықтары" деген сөзден кейін "немесе білім беру бағдарламалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 28-баптың 6-тармағындағы ", ал жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери кафедраларда" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 29-баптың 2-тармағы:

      үшінші абзацтағы "кабинеттеріне жүктеледі." деген сөздер "кабинеттеріне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.";

      18) 35-бапта:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады.";

      екінші бөліктегі "ұлттық жоғары оқу орны" деген сөздер "ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "бакалавр" дәрежесі беріледі немесе "маман" біліктілігі беріледі.";

      19) 36-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.";

      2-тармақтағы "жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында," деген сөздер "қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "Резидентура туралы ережені" деген сөздер "Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 37-бапта:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады.";

      екінші бөліктегі "Ересектерге" деген сөз "Ересектерге қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.

      Ересектердің формальды емес білім беру арқылы өмір бойы алған оқу нәтижелері осы Заңда көзделген тәртіпке сәйкес танылады және одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру ғылыми мектептері бар және кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.

      Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.";

      21) 39-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.";

      22) 40-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

      4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;";

      23) 40-1-бап алып тасталсын;

      24) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруын, қайта ұйымдастыруын және таратуын қоса алғанда, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын коммерциялық емес ұйымдар етіп қайта ұйымдастыру "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      25) 43-бапта:

      3-тармақтың 17) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Осы бапта көрсетілген нормалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.";

      26) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

      "43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен мынадай қызмет түрлерін:

      1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;

      2) білім алушыларды тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;

      3) жұмыскерлерді тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;

      4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

      5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;

      6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, спорттық және шығармашылық секциялар құруды;

      7) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызметті;

      8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагог жұмыскерлер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру мен оларға қатысуды;

      9) білім алушыларды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлауды;

      10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруды;

      11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалау конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құруды;

      12) білім мен ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және ендіруге қатысуды;

      13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивтік білім беру ресурстарын және оқу фильмдерін ұйымдастыруды, жасауды және дамытуды;

      14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысуды;

      15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыруды, қаржыландыруды, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысуды;

      16) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

      Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және олармен үлестес тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерімен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:

      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;

      3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;

      5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;

      6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;

      8) білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" дәрежелерін беру;

      9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазының негізінде, босануына, бала асырап алуына байланысты бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыстар беру;

      12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын ендіру;

      15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

      17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;

      18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын ендіру;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну жатады.

      3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорын құруға;

      2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруға;

      3) стартап-компаниялар ашуға;

      4) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты мен материалдық құралдардың қосымша көздерін тартуға;

      5) шет мемлекеттерде филиалдар құруға құқылы.

      4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:

      1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындауға;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруге де құқылы.

      Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген қызмет түрлерін, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 6), 7), 9), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының осы баптың 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және

      15) тармақшаларында көзделген құзыреті әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.";

      27) 44-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігіндегі ", мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға" деген сөздер "мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:

      "9-2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 6), 7) тармақшаларында, 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген функциялар, сондай-ақ:

      1) штат санын бекіту;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;

      3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту;

      4) академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдерді қабылдау жатады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы бап байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға "Мемлекеттік мүлік туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.";

      28) 47-бапта:

      3-тармақтың 6) тармақшасы "мамандықтан" деген сөзден кейін "немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың төртінші бөлігіндегі "жоғары және" деген сөздер "жоғары және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім" деген сөздер "Білім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13-тармақтағы "және жоғары білім беретін ұйымдарда" деген сөздер ", жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақтың бесінші бөлігіндегі және 17-5-тармақтағы "орган сенім білдірген агентке" және "органның сенім білдірілген агентінің" деген сөздер тиісінше "органның операторына" және "орган операторының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 52-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      30) 55-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Білім беру сапасын басқару техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.";

      5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында – жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.";

      6-тармақтағы "сырттай бағалау жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары білімді мамандықтардың" деген сөздер "сыртқы бағалау жүргізілетін орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 56-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "білімнің" деген сөздің алдынан "оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      32) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды және атауы көрсетіледі.";

      33) 61-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) стипендиялық бағдарламаларды бюджеттік қаржыландыру;";

      5) тармақша "салымдары" деген сөзден кейін ", жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының эндаумент-қорларының инвестициялық кірістерінің қаражаты" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "мамандарды" деген сөз "кадрларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      34) 62-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде айқындалатын көлемде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік білім беру кәсіпорындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі медициналық, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ қаржыландыру көлемін тиісті саланың уәкілетті органы өзі дербес айқындайтын республикалық орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен айқындалады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Білім беру ұйымдары өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалған, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ағымдағы қаржы жылындағы кірістерін кезекті қаржы жылында пайдаланады.";

      4-1-тармақ алып тасталсын;

      4-2 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2. Жергілікті атқарушы органдар меншік нысанына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.";

      "5-1. Білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып, білім беру гранттары түрінде орналастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында стипендиялық бағдарламалар бойынша оқытуды қаржыландыру оқытудың тиісті кезеңіне бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.";

      35) 63-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарына:";

      екінші бөліктегі "жоғары" деген сөз "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік білім беру мекемелері және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:";

      9) тармақшадағы "ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беруге құқылы." деген сөздер "ұйымдастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери, арнаулы оқу орындары қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде беруге де құқылы.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы оқу орындары басшыларының ұсыныстары бойынша бекітеді.";

      36) 64-баптың 4-тармағындағы "мекемелері" деген сөз "ұйымдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      37) 9-тарау мынадай мазмұндағы 64-1-баппен толықтырылсын:

      "64-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша мемлекеттің жауаптылығы

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымында ақша жеткіліксіз болған кезде әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджеттің қаражатымен оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.";

      38) 12-тарауда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер";

      мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:

      "67-1-бап. Өтпелі ережелер

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға мамандықтар бойынша білім туралы құжатты беруге құқылы.".

      10. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 58-бапта:

      1-тармақта:

      екінші бөлік "енгізілген ақшаға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.";

      2-тармақта:

      екінші бөлік "енгізілген ақшаны" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны өндіріп алу бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.";

      2) 62-баптың 3-тармағында:

      төртінші бөлік "енгізілген ақшаны" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.";

      3) 98-бап:

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігі 19-1) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.".

      11. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; № 21-III, 135-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры – қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;";

      22) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;";

      "28) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер;";

      2) 4-бапта:

      14) тармақшадағы "ғылыми дәрежелерді" деген сөздер "дәрежелер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) тармақшадағы "ғылыми" деген сөз алып тасталсын;

      3) 12-баптың 2-тармағындағы "ғылыми дәрежесі" деген сөздер "ғылыми дәрежелері, дәрежелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы эндаумент-қорының инвестициялық кірісі қаражатынан білім алушыларды, ғалымдарды, ғылыми жұмыскерлерді және ұйымдарды көтермелеу шарасы ретінде стипендия төленуі мүмкін.";

      5) 28-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұйым жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудан түскен кірістің бір бөлігін ғылыми зерттеу жүргізуді не оны коммерцияландыруды қаржыландыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорына бөлуге жол беріледі.".

      12. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 134-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "денсаулық сақтау;" деген сөздерден кейін "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 139-баптың 3-тармағы "басшыларын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 142-бап "кеңесі" деген сөзден кейін "немесе құрылуы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де алқалы басқару органдары" деген сөздермен толықтырылсын.

      13. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы – Қарулы Күштердің білім беру, ғылыми, әдістемелік қызметпен айналысатын әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;";

      2) 26-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтен шығарылған немесе əскери оқу орындарынан шығарып жіберілген, осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының əскери қызметшілері, мерзімді қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери бөлімдерге, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.

      Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне шығарып жіберілген əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.

      Əскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін əскери қызметшілер мəртебесінде əскери оқу орындарында оқыту уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.

      Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

      Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.

      Оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне қаражатты өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізулер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерге қатысты беріледі.

      Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады.

      Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, әскери қызметші мәртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, оларға стипендия төлеуге және олардың жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтеуге міндетті.

      Техникалық және кәсіптік білім беру (негізгі орта білім беру базасында) бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнының түлегі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түспеген және әскери қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда, өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты өтелместен, мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскери бөлімдерге, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.

      Əскери оқу орындарында əскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.";

      3) 39-1-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жолдамасы бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің, мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің және мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы ғана білім алады.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.".

      14. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1-қосымшаның 3-жолының 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бастауыш білім беру.

      2. Негізгі орта білім беру.

      3. Жалпы орта білім беру.

      4. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру.

      5. Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру.

      6. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру.

      7. Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

      8. Діни білім беру.".

      15. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот – кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды жекеше әріптес орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;";

      2) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі

      1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жекеше әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.

      2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.

      3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, жекеше әріптестің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.

      Жекеше әріптес кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.";

      3) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.

      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кредиторға кепілге беру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.

      3. Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын кредиторға кепілге беруі және осы құқықтардың құнын есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдалануға берілген объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:

      "51-1-бап. Жекеше әріптесті ауыстыру

      1. Жекеше әріптес кредитор алдындағы және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, мемлекеттік әріптеспен және кредитормен келісу бойынша жекеше әріптесті ауыстыруға жол беріледі, ол жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында мемлекеттік әріптестің конкурс өткізуі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Жекеше әріптес ауыстырылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша құқықтар мен міндеттер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап жаңа жекеше әріптеске беріледі.

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      16. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):

      1) 1-баптың 2-тармағының 54) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) 62-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      Білім беру тапсырысының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.";";

      2) 2-бапта:

      3-тармақтың бірінші абзацындағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші абзацындағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      17. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 67-құжат):

      1-баптың 11-тармағы 10) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары береді.".

      18. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      27-бапта:

      10-тармақта:

      үшінші бөлік 5) тармақшадағы "активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "активтеріне;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың үшінші бөлігі 6) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.";

      11-тармақтың екінші бөлігі "банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға," деген сөздерден кейін "инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға," деген сөздермен толықтырылсын.

      19. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 96-құжат):

      1-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.".

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 18) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын,19) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын;

      3) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 28) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 5) тармақшасының отыз жетінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "14-3) экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады