Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiмiне) өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым N 238

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда K941000_ қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 жылғы 11 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 52-бапта:

     бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға
негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.";
     екiншi бөлiктегi "өзiне тиесiлi мүлiк есебiнен" деген сөздер алып
тасталсын;
     2) 53-баптың 2-тармағындағы "не борышкердiң өз банкроттығын несие
берушiлермен келiсiм негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми жариялауы
арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
     3) 55-баптың атауы мен мәтiнiндегi "тарату iсiн", "тарату iсi"
деген сөздер "конкурстық iстi", "конкурстық iс" деген сөздермен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi 
     
     
     оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Икебаева А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады