Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Каргалинского района

Решение маслихата Каргалинского района Актюбинской области от 22 декабря 2016 года № 87. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 11 января 2017 года № 5215.

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Каргалинского районного маслихата Актюбинской области от 03.04.2020 № 447 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Каргалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Каргалинского района, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из районного бюджета, повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Каргалинского районного маслихата Актюбинской области от 03.04.2020 № 447 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу решения Каргалинского районного маслихата согласно приложения к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь районного
      районного маслихата маслихата
      Р.Сактаганов Н.Заглядова

  Приложение
  к решению районного маслихата
  от 22 декабря 2016 года № 87

      1. Решение районного маслихата от 22 октября 2008 года № 90 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам, работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-6-73, опубликованное 18 ноября 2008 года в районной газете "Қарғалы");

      2. Решение районного маслихата от 29 марта 2013 года № 99 "О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 октября 2008 года № 90 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам, работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3565, опубликованное 7 мая 2013 года в районной газете "Қарғалы");

      3. Решение районного маслихата от 30 июля 2013 года № 136 "О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 октября 2008 года № 90 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам, работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3641, опубликованное 5 сентября 2013 года в районной газете "Қарғалы");

      4. Решение районного маслихата от 16 апреля 2014 года № 212 "О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 октября 2008 года № 90 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам, работающим в сельских населенных пунктах", зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3882, опубликованное 15 мая 2014 года в районной газете "Қарғалы");

      5. Решение районного маслихата от 21 октября 2014 года № 243 "О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 октября 2008 года № 90 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам, работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4077, опубликованное 27 ноября 2014 года в районной газете "Қарғалы").

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 87 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 5215 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 03.04.2020 № 447 шешімімен (алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 03.04.2020 № 447 шешімімен (алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2..Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қарғалы аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3..Осы шешім оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Р.Сақтағанов Н.Заглядова

  Аудандық мәслихаттың
  2016 жылғы 22 желтоқсандағы
  № 87 шешіміне
  қосымша

      1. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-73 тіркелген, 2008 жылы 18 қарашада "Қарғалы" газетінде жарияланған);

      2. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 29 наурыздағы № 99 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3565 тіркелген, 2013 жылы 7 мамырда "Қарғалы" газетінде жарияланған);

      3. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 30 шілдедегі № 136 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3641 тіркелген, 2013 жылы 5 қыркүйекте "Қарғалы" газетінде жарияланған);

      4. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 212 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3882 тіркелген, 2014 жылы 15 мамырда "Қарғалы" газетінде жарияланған);

      5. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 қазандағы № 243 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4077 тіркелген, 2014 жылы 27 қарашада "Қарғалы" газетінде жарияланған).