Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 шілдедегі № 136 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 тамызда № 3641 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 22.12.2016 № 87 шешімімен (алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 21.10.2014 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарғалы аудандық мәслихатының "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-73 тіркелген, 2008 жылдың 18 қарашасында аудандық "Қарғалы" газетінің № 54 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Заңының 238 бабының 2 тармағына" деген сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы хатшысы
      Г.Нуредилова Х. Жылқыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады