"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес және нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:
1) "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта білім беру мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 639 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 1981 тіркелген, 2002 жылы, N 41-42, 7236 "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде" жарияланған);
2) "Кәсіптік бастауыш білім беру кәсіптерінің (мамандықтарының) тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 21 тамыздағы N 685 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қыркүйекте N 1650 тіркелген);
3) "Қазақстан Республикасының кәсіптік техникалық оқу орындарының өндірістік оқыту шебері туралы ережені бекіту туралы" 1994 жылғы 15 маусымдағы N 237 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 20 қаңтарда N 52 тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков)- осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ж. Түймебаев