"Қазақстан Республикасының кәсiптiк-техникалық оқу орындарының өндiрiс шеберi туралы Ереженi бекiту"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрлiгiнің Б Ұ Й Р Ы Ғ Ы 15 маусым 1994 ж. N 237 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 52. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 348 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.07.20  N 348Бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк-техникалық оқу орындарының өндiрiс шеберiнiң Ережесiн бекiтемiн. 2. ССРО Мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық бiлiм комитетiнiң 1988 жылғы "5" наурыздағы N 42 Бұйрығы "ССРО Мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық бiлiм комитетiнiң кәсiптiк-техникалық оқу орындарының өндiрiс шеберi туралы ереженi бекiту". Өз күшiн жойды деп табылсын. 3. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң негiзгi құжаттарының тiзбегiне енгiзiлсiн. Министр Ереже Қазақстан Республикасының кәсiптiк-техникалық оқу орындарының өндiрiс шеберi туралы I. Жалпы ереже.
      1. Кәсiптiк-техникалық оқу орындарының (өндiрiс шеберi) өндiрiсте оқытудың шеберi, оқушыларды өндiрiсте оқытудың негiзгi ұйымдастырушысы.
      Өндiрiс шеберiнiң басты мiндетi - мамандыққа даярлау, қайта даярлау және жұмысшылардың кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдеру, олардың күрделi бiлiм алуын және шеберлiгiн арттыруына, экономиялық бiлiмiн көтеру, жаңа техника мен технологияны меңгеруiн, ұжымның қоғамдық өмiрiне белсене араласыуына қамтамасыз етедi.
      Ол оқушылардың өндiрiстiк оқуын оқу жоспарымен және бағдарламасына сәйкес ұйымдастырушы. Оқушылардың алған бiлiмiн дұрыс пайдалануын, белгiленген жұмыс орындарында еңбектi қорғау тәртiбiн және нормаларын орындауын, оқушылардың оқуға деген ынтасын, мамандыққа сүйспеншiлiгiнiң, еңбекке және еңбек адамнын құрметтеуге үйретедi.
      2. Өндiрiс шеберi кәсiптiк-техникалық оқу орындарының басқарушысының бұйрығымен жоғарғы бiлiктi жұмысшылардан немесе орта арнаулы және жоғары бiлiмi бар мамандардан және мамандыққа шеберлiгi кәсiптiк-техникалық оқу орындарын бiтiрушiлерден ең болмаса бiр разряд жоғарғы болуы қажет.
      Автокөлiктi жүргiзуге үйрететiн шебердiң сол автокөлiктi жүргiзген 3 жылдық мерзiм мен қатар бағдарлама бойынша жүргiзудiң әдiстемесi жайлы оқудан өткенi туралы куәлiгi болуы керек. Педагогикалық бiлiмi жоқ шебер бiр жылдың iшiнде курстан өтiп педагогика, психология және өндiрiстiк оқытудың әдiстемесiнен зачет тапсырады.
      3. Жұмыс жағдайына байланысты шебер оқу тобына не оқу шеберханасына, лабораторияға, бөлiмге, өндiрiс цехына, полигонға, оқу шаруашылығына, оқушылардың өзгерiс құрамына тиiстi жұмыс пен бағдарламаға байланысты бекiтiледi. Оқушылардың өндiрiстiк оқуымен тәжiрибесiн шебер оқу жоспарымен кестесiне байланысты өткiзедi. Оқыту шеберханаларда, полигондарда және өндiрiстерде оқу топтарында (бригадада) 12-15 адамдармен, ал арнаулы кәсiптiк-техникалық оқу орындарында - 10 адаммен өткiзiледi.
      4. Еңбек заңына сәйкес шебердің жұмыс уақыты бiр жетiде - 41 сағат, оның құрамында: оқуға қажет оқу-жабдықтарын даярлайды, күрделi әдiстемелiк даярлау, өзiнiң даярлығы және өндiрiстiк оқуды өткiзуi, өндiрiсте қажет өнiмдi өндiрудi ұйымдастыру, оқушылардың әр-түрлi жұмыстарды орындауы, оның iшiнде оқудан тыс уақыты да кiредi.
      Шебердiң оқушыларды өндiрiсте оқытуының апталық жұмыс кестесi оқу жоспарын мен бағдарламаға байланысты, сонымен қатар басқа оқу тобына мамандығына сәйкес оқытуы жатады.
      5. Кәсiптiк-техникалық оқу орындарының басшыларының рұқсатымен шеберге қосымша ақы төленiп мына жұмыстарды iстеуiне болады.
      Әдiстемелiк комиссияны басқару, кружоктарды өткiзу, оқу кабинеттерiн (шеберхана, лаборатория) басқару, сонымен қатар басқа топтарды оқыту, оқудан тыс уақытында қажеттi өнiм өндiруге, шаруашылық ұйымдарда iстеуiне болады.
      6. Оқу-тәрбие iсiнде iстеген еңбегiмен аттестацияның қортындысында, оған мына дәрежелердi беруге болады: "Жоғарғы дәрежелi шебер", "Бiрiншi дәрежелi өндiрiс шеберi", "Екiншi дәрежелi өндiрiс шеберi", сонымен қатар белгiленген тәртiп бойынша "Қазақстанның еңбек сiңiрген-қызметкерi" деген атақ беруге болады.
 
      II. Шебердiң негiзгi мiндеттерi.
      7. Өндiрiс өнiмiн арттыру мақсатында оқушылардың мамандық алуын, нарықтық талаптарға сай тәрбие, бiлiм және бiлiктiлiгiн квалификациялық мiнездеме және өндiрiстiк оқытудың бағдарламасына сәйкес шебер қалыптастырады.
      Толық және тиянақты түрде өндiрiстiк оқытудың бағдарламасын орындалуын, жаңа технологияны оқуда пайдалану, өндiрiс заттарын шығару iсiне шебер жауапты.
      8. Оқушылар жұмыс iстегенде жаңа әдiстерге үйретiп жабдықтарды пайдалану және қызмет ету, алдыңғы қатарлы еңбек үлгiлерiн үйрету, энергоресурстарды және заттарды үнемдеп жұмыс iстеуге үйретедi.
      Оқушылардың шығарған өнiмiнiң сапалы болуын, оларға кететiн уақыт мөлшерiн және өндiрiстiк оқытудан жоспарын орындау, технологиялық тәртiппен еңбек қауіпсіздігін сақтап, стандартын тиiстi қағидаларын ескерiп, дайын бұйымдарды қабылдап, тиiстi бақылау қажет.
      9. Өндiрiстiк оқудың жоспарын, есеп және есеп беру құжаттарын жүргiзедi. Техникалық-заттарды және сабаққа қажеттi әдiстемелiктердi, өндiрiстiк-оқуға қажет жұмыстарды және эталондық үлгiлердi даярлайды. Технологиялық құжаттарды чертеж, үлгi, эскиз т.б. даярлайды.
      Училищедегi әдiстемелiк жұмысына белсене қатысуға тиiс.
      10. Келiсiм шарт бойынша мемлекеттiк, мемлекетке қарамайтын өндiрiстерде, ұйымдарда және жеке адамдарға оқушыларды уақытында жұмыс орындарында орналастырады кезектi аттестацияның қортындысына байланысты. Оларды жақсы өндiрiс бригада құрамына енгiзiп алдыңғы қатарлы, жаңашыл және еңбек озаттарына бекiтiп бередi. Оқушылардың өндiрiстiк оқуы мен тәжiрибе өткiзуiн ұйымдастырады. Озық жұмысшылар мен мамандар жұмысты қалай iстеуге дәрiс берiп, оларды жұмысты ауыстыру кестесiмен таныстырады. Барлық оқушыларды өндiрiстiк-қоғам жұмыстарына араластырып еңбек ұжымдарының өндiрiсте шығарып жатқан бұйымдарының сапасын, ұқыптылығын және үнемдiлiгiн көрiп, үйренiп өздерiнiң мамандығын өндiрiсте жетiлдiре түседi.
      11. Оқушылардың бұл мекемелерде жұмыс iстегенде алатын жалақыларын қадағалап уақытында оқу орындарынан тиiстiсiн және өндiрiсте бригада құрамында iстегенде тиiстi жалақыларын алуын бақылайды.
      12. Оқушыларды есептеу техникасын меңгеруiн, техникалық және жаңалықтар ашуға қабiлетiн қалыптастырып, мамандық алу шеберлiгiн қалыптастырады. Оқушыларды кезектi аттестацияға, жақсы мамандық алу сайысына, квалификациялық емтиханға даярлайды және өзi де араласып қатысып отырады.
      Алдыңғы қатарлы педагогикалық және өндiрiстiк тәжiрибе жөнiндегi ғылыми-әдiстемелiк нұсқауларды кең түрде оқу жүйесiнде пайдаланады.
      13. Класс жетекшiсiне әр дайым көмектесiп отырады, Қазақстанның Гербiне, Туына, Гимне қадырлеп қарауға тәрбиелейдi, заңдарды қабылдап, әкiмдердi құрметтеуге, тәртiп сақтауға, оқу орынының iшкi тәртiбiн және өндiрiстерде еңбек тәртiбiн қатаң сақтауын қадағалайды, оқушылардың дене тәрбиесiне көңiл бөледі, Армия қатарына қызмет етуiне даярлайды, оқушыларға баға қоюына қатысады.
      14. Өндiрiстiк оқу жабдықтарын техникалық нұсқауларға сәйкес күтiп жұмыс iстеуге даярлайды. Шеберхананың жабдықтарын, құралдарын, әр түрлi жабдықтарын ұқыпты сақтайды, күтедi және сабақтарға даярлайды. Кәсiптiк-техникалық училищенiң басшыларына осы шеберхана, жабдықтарды оңдау, жөндеуден өткiзуге ұсыныстар бередi. Ескiрген жабдықтардың орнына жаңасын алып, толықтырып отырады. Өз ұсыныстарын орындауды белсене араласып отырады.
      15. Мамандыққа даярлау кезеңiнде кәсiптiк-техникалық оқу орындарында өндiрiстерде (бiрлестiктерде, ұйымдарда) оқу кезiнде шебердi белгiлi бiр оқу тобына не шеберханаларды меңгерумен қатар ол бригадалық үлгiмен не басқа түрде ұйымдастырлуы мүмкiн.
 
      III. Шебердiң хұқылары
      16. Кәсiптiк-техникалық оқу орындарының экономикалық және әлеуметтiк дамуының жоспарын талқылауға қатысады, бiлiктi жұмысшыларды дайындаудың үздiк әдiстерiн пайдаланады, оқу-өндiрiстiк шеберханалардың базасын толықтырып және оның дамуын үнемi қарастырады. Оқушылардың тәжiрибесiн өткiзу үшiн өндiрiстер, ұйымдар, кооперативтер және жеке адамдар мен келiсiм-шарт жасауға қатысады.
      17. Оқу орынының кеңесiнде, педагогикалық кеңесте, әдiстемелiк ұйымдарда, жиналастырда, отырыстарда, конференцияларда оқушыларды оқыту және тәрбиелеу жөнiнде жiберiлген кемшiлiктердi сынап, ашық түрде өз пiкiрiн айтып, оқушылардың өндiрiстiк оқуын, оқу-тәрбие жұмыстарын және әдiстемелiк жұмыстарды, оқу орнының басшыларының ұйымдастыру жұмыстарын және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының жоғарғы мекемелердiң және басқа ұйымдарының жұмыстарын жақсарту жөнiнде ұсыныстар бередi.
      18. Оқу жоспарларына сәйкес оқушылардың өндiрiстiк оқуын және қоғамдық еңбек жұмыстарын орындаған жағдайда жабдықтар, құралдар iстен шыққанда және еңбектi қорғау тәртiбiн бұзған жағдайда оқу бағдарламасына сәйкес болмаған жағдайда тоқтатуға құқылы.
      Шебер өзiнiң шешiмi жөнiнде оқу орнының және өндiрiстердiң (бiрлестiктер, ұйымдар және жекелiк өндiрiстер) басшыларына мәлiмдейдi.
      19. Оқу ұжымдарының оқу-өндiрiстiк қызметiнде, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшiн, тәрбиелiктерiнде жоғарғы көрсеткiштерге жеткенi үшiн класс жетекшi мен оқу тобының активi мен бiрлесiп мадақнамаға ұсынады. Кәсiптiк-техникалық оқу орынының әкiмшiлiгiне озық оқушыларды мадақнамаға немесе iшкi тәртiптi бұзғаны мен өзiнiң тәртiпсiздiгi үшiн қатаң шаралар қолдануға ұсыныс бередi.
      20. Кәсiптiк-техникалық оқу орынының инженер-педагогтарын аттестациядан өткiзгенде комиссияға оқу шеберлерi бригадалар кеңестерiнiң атынан қатысуына болады.
      21. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оқу орындарының педагогтары және өндiрiстер мен ұйымдарды жұмысшыларды даярлайтын, қайта даярлайтын және бiлiктiлiгiн көтеретiн мамандар мен қызметкерлер сияқты жеке үй салу үшiн қаражат алуға құқылы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады