Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 348 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес және нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:
      1) "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта білім беру мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегі  N 639 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 1981 тіркелген, 2002 жылы, N 41-42, 7236 "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде" жарияланған);
      2) "Кәсіптік бастауыш білім беру кәсіптерінің (мамандықтарының) тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 21 тамыздағы N 685 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қыркүйекте N 1650 тіркелген);
      3) "Қазақстан Республикасының кәсіптік техникалық оқу орындарының өндірістік оқыту шебері туралы ережені бекіту туралы" 1994 жылғы 15 маусымдағы N 237 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 20 қаңтарда N 52 тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков)- осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Ж. Түймебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады