"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетінің кейбір бірлескен шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.Қ.Наметчаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төраға орынбасары А.Ә.Әріпхановқа жүктелсін.
Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және Бәсекелестікті қорғау
байланыс агенттігі агенттігі (Монополияға
Төрағасы ______ Қ. Есекеев қарсы агенттік)
Төрағасы _____ М. Есенбаев
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі Төрағасы
___________ Н. Алдабергенов
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі 2009 жылғы 28 мамырдағы
N 233, Қазақстан Республикасы
бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
2009 жылғы 4 маусымдағы N 177-НҚ
және Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің 2009 жылғы
11 маусымдағы N 211-НҚ
бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің күші жойылған кейбір бірлескен шешімдерінің тізбесі
1. "Байланыс операторларының қалааралық, ұялы қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желілерінің өзара трафигіне секундалық тарифтеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-ө, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығы (2004 жылғы 8 маусымдағы N 2894 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген).
2. "Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникациялар желілерінің өзара трафигіне секундалық тарифтеуді енгізу туралы", N 2894 нөмірімен тіркелген" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-6 және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-6, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ бірлескен бұйрығы (2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 3095 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2005 жылғы N 14, 61 бабы Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған).
3. "Байланыс операторларының қалааралық қосылыстарды секундпен тарифтеу және телекоммуникацияның өзара іс-әрекет ететін желілері арасындағы трафикті енгізуі туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-6 және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 90-п, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 119-П бірлескен бұйрығы (2005 жылғы 6 сәуірдегі N 3548 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, Заң газетінің 2005 жылғы 11 қазандағы N 187 нөмірімен жарияланған).
4. "Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желілерінің өзара трафигіне секундалық тарифтеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-ө және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы 26 мамырдағы N 218-п, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 30 мамырдағы N 143-НҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2006 жылғы 26 мамырдағы N 135-НҚ бірлескен бұйрығы (2006 жылғы 12 маусымдағы N 4247 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, Заң газетінің 2006 жылғы 22 маусымдағы N 113 нөмірімен жарияланған).