Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 29 қазандағы № 386, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 273, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 қазандағы № 369-п, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 19 қазандағы № 161-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3915 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 15 қарашада № 147 (771) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрі Әділет министрі
А. Жұмағалиев Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Жер ресурстарын басқару
Б. Жәмішев агенттігінің төрағасы
Ө. Өзбеков