"Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 29 қазандағы № 386, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 273, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 қазандағы № 369-п, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 19 қазандағы № 161-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 248, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 115, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 15 және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 67-П Бірлескен бұйрығы

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 29 қазандағы № 386, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 273, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 қазандағы № 369-п, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 19 қазандағы № 161-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3915 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 15 қарашада № 147 (771) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Байланыс және ақпарат министрі     Әділет министрі
      А. Жұмағалиев                      Р. Түсіпбеков

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                     Жер ресурстарын басқару
      Б. Жәмішев                         агенттігінің төрағасы
                                         Ө. Өзбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады