«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде электрбайланысы қызметін көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 20 қарашадағы № 242 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 700 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 20 қарашадағы № 242 «Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде электрбайланысы қызметін көрсету туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 265-ө бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев