Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1998 жылғы 20 қарашадағы N 242 "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiнде электрбайланысы қызметiн көрсету туралы" бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 265-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3809. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 252 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 № 252 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2005 жылғы 8 сәуiрдегi N 82-ө  өкiмiн iске асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi өкiлдерiмен 2005 жылғы 15 маусымдағы жұмыс кездесуiндегi хаттама шешiмiне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiнде электрбайланысы қызметiн көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1998 жылғы 20 қарашадағы
N 242  бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 700 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiсiнiң өзара байланысуына қызметтiк электр байланысын ұсыну ережесiнде:
      ескертудегi 6 тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген бұйрықтағы 1 қосымшада ескертудегi 3 тармақ алынып тасталсын.
      2. Байланыс саласындағы Мемлекеттiк саясат және қаржылық реттеу департаментi (А.А.Сейтiмбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшіне енедi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады