Байланыс саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 252 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде электрбайланысы қызметін көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 20 қарашадағы № 242 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 700 тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 20 қарашадағы № 242 «Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде электрбайланысы қызметін көрсету туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 265-ө бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады