Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде электрбайланысы қызметін көрсету туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1998 жылғы 22 қарашадағы N 242 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 4 наурызда N 700 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 252 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 № 252 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы телекоммуникацияларының өзара жалғанған желісі, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісін, сондай-ақ ведомстволық желілері мен жеке операторлардың қосылу желілерін өзіне қосады. Операторлар арасында жедел-техникалық өзара іс-қимыл жасау кезінде қызметтік келіссөздер (қызметтік ақпараттармен алмасу) жүргізу үшін телекоммуникациялар құралдарын ұсынуды реттеу қажеттігіне байланысты,
      Бұйырамын:
     1. "Қазақстан Республикасының өзара жалғанған телекоммуникациялар желілерінде электрбайланысы қызметін көрсету ережелері" (1 қосымша) және пәтерде орнатылған қызметтік телефонмен тегін пайдалану құқығы берілетін электрбайланысы ұйымы қызметкерлерінің тізбесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық акті ұсынылсын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Почта және телекоммуникациялар департаментіне жүктелсін (А.Қ.Нәсиев).

      Министр

       Қазақстан Республикасының өзара байланыстырылған
              телекоммуникациялар желісінде
             қызметтік электр байланысты беру
                        Ережелері

     1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасында қызметтік электр байланысты беру тәртібін анықтайды және әрекеті Қазақстан Республикасының өзара байланыстырылған телекоммуникациялар желісіне (ӨТЖ) кіретін, ведомстволық қарастылығына және телекоммуникациялар құралдарына меншік нысаны мен операторлардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатыссыз, барлық операторларға таралатын ведомстволық нормативтік құқықтық акті болып табылады.
      Ескерту: Қызметтік электр байланыс - телекоммуникациялар желілерінде технологиялық үдерістерді ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды оперативті-техникалық және әкімшілік басқару үшін электр байланыс қызмет көрсетулерін ұсыну және пайдалану.
      2. ӨТЖ-де қызметтік электр байланысты байланыс операторлары почта байланысы және телекоммуникациялар саласында мемлекеттік басқару органының немесе почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік басқару органымен ӨТЖ басқаруға уәкілденген оператордың нұсқауына сәйкес ұйымдастырады.
      Операторды осы Ережемен қарастырылмаған қызметтік электр байланысты ұйымдастыруға мәжбүр етуге болмайды.
      3. ӨТЖ-де қызметтік электр байланысты ұсынудың негізгі қағидалары:
      1) қызметтік байланыс желілерін ұйымдастыру үшін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілерінің (ЖПТЖ) байланыс операторлары қажетті байланыс арналарын қолданылатын Техникалық пайдалану ережелерімен (ТПЕ) және почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік басқару органының басқа нормативтік-техникалық құжаттарымен, ал ведомстволық желілерде - тиісті ведомстволармен анықталатын тәртіпте бөледі;
      2) ЖПТЖ-де қызметтік электр байланысты ұйымдастыру үшін жалпы пайдаланымдағы телефон желісінің қызметтік байланысының, ұялы радиотелефон байланысы желілерінің, қозғалмалы радиотелефон және радиобайланыс желілерінің жеке радиошақыру желілерінің, "Искра" желісінің, АТ/Телекс желісінің, жалпы пайдаланымдағы телеграф желісінің, мәліметтерді жіберу және жалпы пайдаланымдағы телематикалық қызмет желілерінің, радиотелефон байланысы желілерінің, бөлінген желілердің АКТ АТС және АҚТС қызметтік құралдары мен арналары пайдаланылады;
      3) ЖПТЖ-де қызметтік электр байланыстың техникалық құралдары мен арналарының көлемі Қазақстан Республикасының ӨТЖ-де қолданылатын ТПЕ, технологиялық жобалаудың ведомстволық нормаларымен, почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік басқару органымен бекітілген өзге нормативтік-техникалық құжаттармен, сондай-ақ қажетті жағдайларда ведомстволық телекоммуникациялар желілері бар ведомство басшылығымен анықталады;
      4) ЖПТЖ-де қызметтік электр байланыстың қызмет көрсетулері пайдаланушыларға залал келтірусіз ұсынылады. Қызметтік электр байланыс қызмет көрсетулерінің көлемдері мыналардан аспауы тиіс:
      жергілікті телефон желілері, ұялы радиотелефон байланысы желілері, қозғалмалы радиотелефон және радиобайланыс желілері, жеке радиошақыру желілері нөмірлерінің саны оператор желісінің сыйымдылығынан 5%; сыйымдылығы 1 млн. нөмірден асатын жергілікті желілер үшін - 3%.
      Ескерту: Жергілікті телефон желілерінде тексеріс (бақылау) шақыру жүргізу мақсатында тексеру аппаратын қосу үшін пайдаланылатын телефон нөмірлері бөлінеді. Тексеріс нөмірлерін қызметтіктен өзге мақсаттарда пайдалануға болмайды.
      Қызметтік телефонмен (жергілікті, қалааралық, халықаралық) әңгімелердің саны - байланыс операторының желісінде шығатын төлемдік айырбастан 3%;
      шеткі телеграфтық қондырғылардың, мәліметтер жіберетін және телематикалық қызмет қондырғыларының саны - байланыс операторы желісінің сыйымдылығынан 4%.
      Ескерту: Телеграф желілерінде тексеріс (бақылау) шақыру жүргізу мақсатында тексеру аппаратын қосу үшін пайдаланылатын шеткі қондырғылар бөлінеді. Осы қондырғылар қызметтік есептелінеді және оларды өзге мақсаттарда пайдалануға болмайды.
      Қызметтік жеделхаттардың саны - байланыс операторының желісінде шығатын айырбастан 4%;
      мәліметтер жіберу желісі бойынша жіберілетін қызметтік ақпараттың көлемі, телематикалық қызметтердің қызметтік хабарларының көлемі - байланыс операторының мәліметтер жіберу желісі ақпаратының шығатын көлемінен, телематикалық қызметтердің шығатын хабарларының көлемінен 3%;
      5) ЖПТЖ-ің жергілікті телефон желілерінде қызметтік электр байланысты пайдаланушының нөміріне барлық қызметтік әңгімелерді есепке алуға мүмкіндік беретін арнайы санат беріледі;
      6) ЖПТЖ-дегі қызметтік электр байланыс почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік басқару органының лауазымды тұлғаларына, ведомстволық желілерде - соның мүддесінде ведомстволық желі құрылған саланың ерекшеліктерін ескерумен байланыс ұйымының қызметкерлеріне почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік басқару органымен анықталатын тізбелер және тәртіп бойынша тиісті ведомстволардың шешімімен беріледі (2 қосымша);
      7) байланыс операторы осы Ережелердің 4) тармақшасының талаптарын сақтау шартымен тізбені дербес түзетуі мүмкін.
      Ескертулер:
      1. Қызметтік телефондардан халықаралық телефонмен әңгімелесуді оперативті беру үшін "Апат" паролі және "Қызметтік" санаты пайдаланылады. Телефонмен парольдік әңгімелесуді беру тәртібін оператор ӨТЖ басқаруға уәкілденген почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік басқару органы анықтайды.
      2. Оқиғалар және байланыс құралдарының күйі, әуе, теңіз, өзен флоттарындағы, темір жолдардағы, автокөліктегі, кәсіпорындардағы апаттар туралы хабарлары бар қызметтік жеделхаттарға "Апат" белгісі беріледі.
      4. ЖПТЖ-де қызметтік электр байланысының техникалық құралдары мен арналары байланыс операторларымен техникалық құралдар бойынша мемлекеттік статистикалық есеп беру нысанында көрсетіледі және осы техникалық құралдардың иелерімен барлық ақылы телекоммуникациялық қызмет көрсету түрлерін ұсынудан алынатын кірістердің есебінен ұсталады.
      5. ЖПТЖ-де қызметтік электр байланысының қызмет көрсетулерден кірістері есептелінбейді, бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді.
      ЖПТЖ-де қызметтік электр байланыстың қызмет көрсетулері мемлекеттік статистикалық есеп беру нысанында көрсетілуі тиіс.
      6. (алынып тасталды)
      Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 265-ө бұйрығымен.
      7. Қызметтік электр байланыс үшін пайдаланылатын техникалық құралдар мен график операторлар арасында бір-біріне желілік ресурстарды және өзара іс-әрекет жасайтын байланыс операторлары желілерінің үлесін жіберу бойынша қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өзара есеп айырысу кезінде есепке алынбайды.

                                        Приложение 1
                                        Утверждено приказом
                                        Министра транспорта
                                        и коммуникаций
                                        Республики Казахстан
                                        от 20 ноября 1998 г. N 242

                               Перечень
                 работников организаций связи,
          которым предоставляется право бесплатного
               пользования служебным телефоном,
                   установленным в квартире

      РҚАО-ның ескертуі: Мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан мәтінді орыс тілдегі нұсқадан қараңыз.

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы N 265-ө бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады