«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 9/2-V «Наурыз мейрамы мерекесіне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 720 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 47 «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 44 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы М. Шекенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов