Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 89-бабының 3-тармағын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 893 тіркелді);
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 және «Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 08-1/31 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 08-1/363 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4025 тіркелді);
3) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 08-1-1-1/300 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5320 тіркелді).
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Қазыханов