Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарының:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу Ережелері» туралы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 745 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 650 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3297 болып тіркелген);
3) «Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 20 маусымдағы № 280 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын және оны мерзімді баспасөз басылымдарда жарияласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Полиция генерал-лейтенанты К.Қасымов