"Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 280 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4281. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 163 бұйрығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 04.03.2013 № 163 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 459  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 745 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3297 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650  бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың 2-тармағындағы "ІІББ, ІІБ, КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу Ережелерінде:
      барлық мәтін бойынша "облыстық ІІББ, ІІБ және көліктегі ІІБ", "ІІББ, ІІБ, КІІБ", "ІІББ, ІІБ және КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      15-тармақта "ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      26-тармақта:
      "оқуға жіберу туралы қорытындылары бар аттестация" деген сөздер "қызметтік мінездеме" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "белгіленген нысандағы медициналық анықтама" деген сөздер "086-У нысанындағы медициналық анықтама" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Сырттай оқуға жасы 40-қа дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары (заңгерлік емес) білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жіберіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждеріне үміткерлерді іріктеу Ережелерінде:
      барлық мәтін бойынша "облыстық ІІББ, ІІБ және көліктегі ІІБ", "ІІББ, ІІБ, КІІБ", "ІІББ, ІІБ және КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      барлық мәтін бойынша "(сырттай)" деген сөз алынып тасталсын;

      15-тармақта "ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

      2. Кадр жұмысы департаменті (Б.Ғ. Рахымбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады