Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу Ережелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1998 жылғы 22 желтоқсан N 459 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 29 сәуірде N 745 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 163 бұйрығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 04.03.2013 № 163 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу
Ережелері

       Ескерту: Барлық мәтін бойынша "облыстық ІІББ, ІІБ және көліктегі ІІБ", "ІІББ, ІІБ, КІІБ", "ІІББ, ІІБ және КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 280  бұйрығымен .

1. Жалпы тәртіптер

      1. Осы Ережелер жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеудің шарттарын белгілейді, сондай-ақ ішкі істер органдарында, ішкі әскерлер мен жоғары оқу орындарында осы жұмыстың жүргізілу тәртібін реттейді. 

      2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары жоғары білікті мамандармен толықтыруға жататын лауазымдарды жасақтау үшін ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің орта басшылық құрам кадрларын дайындайды. 

      3. Үміткерлерді оқуға іріктеу ішкі істер органдарының, салалық бөлімшелері мен кадр аппараттары жетекшілерінің маңызды міндеті болып табылады, ішкі істер органдарының қызмет тиімділігінің артуы оның сапалы түрде шешілуімен байланысты. 

      4. Күндізгі (сырттай) оқуға түсу үшін жіберілетін ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының, ішкі әскерлердің қатардағы және сержанттық құрамының адамдарына оқу орны орналасқан жерге дейін және кері қайтуға темір жол көлігімен жүру шығындары оқуға жіберуші ішкі істер органдары есебінен өтеледі. 

      5. Күндізгі оқуға қабылдау емтихандарын тапсыру үшін оқу орындарына келген үміткерлер оқу орындарының жанындағы казармалық жағдайда тұратын болса, ақылы түрде - солдаттық азық мөлшері бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. 

      6. Қабылдау емтихандарын тапсыру уақытында талапкерлерге мекендеу шығындарының өтелуі арқылы оқу орнының жатақханасы берілуі мүмкін. 

      7. Жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімшелерінде тыңдаушыларды оқытудың толық курсы мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріліп, ішкі істер органдарында қызмет ету өтіліне есептеледі. 

      8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындарына басқа мемлекеттердің азаматтарынан үміткерлерді іріктеу, сондай-ақ басқа мемлекеттердің Ішкіісмині оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу тәртібі тиісті ішкі істер министрліктерінің арасындағы контрактілердің (шарттардың) мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердің негізінде белгіленеді. 

  2. Іріктеу мен оқуға жіберудің шарттары

        9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу (Осы Ережелерге 1-қосымша) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жүргізіледі.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

      10. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мен зерттеуді Ішкіісминінің, ІІД, көліктегі ІІД кадр аппараттары, ҚР Ішкіісмині бекіткен тәртіптемеге сәйкес, салалық бөлімшелердің басшыларымен өзара тығыз іс-қимылда жүргізеді. Оқу орнын бітіргеннен кейін колледж түлектері, оқуға дайындаған салалық бөлімшелерге қызметке жіберіледі. 

      11. Үміткерлерді іріктеу үшін Ішкіісминнің, ІІД, көліктегі ІІД бұйрықтары бойынша ішкі істер органдарының кадрлар аппараттары басшысының төрағалық етуімен, ал Ішкі істер министрлігінде кадр аппаратына жетекшілік ететін ішкі істер министрі орынбасарының төрағалық етуімен іріктеу комиссиялары құрылады. Комиссияның құрамына Ішкіісмин Департаменттері мен қызметтерінің, ІІД, көліктегі ІІД бастықтары енгізіледі. 

      12. Оқуға үміткерлерді іріктеудің негізгі қағидалары: 
      - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар арасында белсенді түрде кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру; 
      - үміткерлерді оқуға іріктеу кезінде білім беру мекемелерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл жасау; 
      - үміткерлердің жеке басын жан-жақты және объективті зерттеу; 
      - білімді, саналы және денсаулығы мықты, күш-қуаты мол адамдарды іріктеу. 

      13. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері команда бойынша оқу орны мен мамандығын көрсете отырып, ішкі істер органы бастығының, бөлімше командирінің атына рапорт береді. Жай адамдар тұрғылықты жері бойынша Ішкіісминнің, ІІД, көліктегі ІІД кадр аппараттарына тікелей арыз береді. 

      14. Ішкі істер органының жетекшісі әр үміткердің рапортын (арызын) жеке қарап, онымен әңгіме өткізіп, қабылдау шарттарына сай келген жағдайда ресімдеу үшін кадр аппаратына жібереді. Кадр аппараты оқуға үміткерді медициналық куәландыру үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жібереді. 

      15. Ішкіісминнің, ІІД әскери-дәрігерлік комиссиялары Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің 1998 жылғы 24 желтоқсанындағы N 470  бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлеріндегі әскери-дәрігерлік сараптау туралы Ережені" және "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлеріндегі медициналық куәландыру туралы Ережені", басшылыққа ала отырып, үміткердің қызметке және оқуға түсуге жарамдығын анықтайды (мемлекеттік тіркеуден 1999 жылдың 26 наурызында өткен).
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 280  бұйрығымен .

      16. Оқып-зерттеу үдерісі кезінде үміткерді ары қарай оқып-зерттеу немесе осы жұмысты тоқтату үшін негіз бола алатын үміткердің іскерлік және жеке дара, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы анықталады. 

      17. Күндізгі (сырттай) оқуға жіберу туралы мәселені шешу үшін әрбір үміткердің жеке (оқу) ісі іріктеу комиссиясының қарауына жіберіледі. 

      18. Іріктеу комиссиясы осы Ережелерді басшылыққа ала отырып, келіп түскен материалдарды тиянақты түрде оқып-зерттеп, әрбір үміткерге қатысты өз шешімін шығарады. Іріктеу комиссия отырысының қорытындылары хаттамамен ресімделеді, оны төраға бекітіп, комиссия хатшысы куәландырады. 

      19. Жоғары оқу орындарына түсу үшін үміткерлердің материалдарын қабылдау комиссиялары қарап, үміткерді түсу емтихандарына жіберу туралы түпкілікті шешім шығарады. Жоғары оқу орынның бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. 

      20. Үміткерлер үшін оқуға түсу емтихандарына келу уақыты көрсетілген жоғары оқу орындары қабылдау комиссиясының шешімдері жасақтаушы ішкі істер органдарына оқуға түсу емтиханының басталуынан 10 күн бұрын хабарланады. 

      21. Ішкі істер органдары, ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің ішінен күндізгі оқуға түсу емтихандарына жіберілген үміткерлердің кезекті демалысы жоғары оқу орнына іссапарға жіберілгенге дейін олардың толық пайдалана алуы есептеле отырып беріледі. 
      Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің ішінен күндізгі оқуға түсуге үміткерлер ретінде бекітілген адамдарды олардың оқуға түсуі жөніндегі мәселе түпкілікті шешілгенге дейін басқа бөлімшелерге ауыстыруға, бөлімше ішінде басқа қызметтерге ауыстыруға және штаттық қысқарту бойынша жұмыстан шығаруға тыйым салынады. 

      22. Оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін үміткерлерді іссапарға жіберуді Қазақстан Республикасының оқу орындары бастықтарының шақыртуы бойынша Ішкіісмин, ІІД, көліктегі ІІД іске асырады. 

      23. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері ішінен күндізгі оқуға түсетін үміткерлер түсу емтихандарын тапсыру үшін оқу орындарына кетердің алдында белгіленген тәртіп бойынша атқаратын лауазымдары бойынша істерді тапсырады, бірақ оқуға қабылданғанға дейін ол лауазымынан босатылмайды. 

      24. Күндізгі оқуға түсетін ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері 31 тамызға дейін ақшалай қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қаржы қызметтері оларға ақшалай және киім-кешек аттестаттарын береді. 

  3. Оқуға үміткерлердің жеке (оқу) істерін
ресімдеу тәртібі

        25. Күндізгі оқуға үміткерлердің жеке істері Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің белгіленген талаптарына сәйкес ресімделеді. Оқуға (оқытудың күндізгі нысаны) үміткердің жеке ісіне:
      - оқуға жіберу туралы рапорты (арызы);
      - ішкі істер органының қызметкері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері мен офицерлері үшін оқуға жіберу туралы қорытындылары бар аттестация;
      - соңғы оқу және жұмыс орнынан мінездеме;
      - оқуға жіберу туралы қорытынды (N 2 қосымша);
      - ішкі істер органының кадр аппаратымен расталған білім туралы құжаттың көшірмесі;
      - әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру картасы;
      - расталған үш фотосуреті (бас киімсіз, күнделікті формада, көлемі 3х4 см, бұрышсыз) қоса тіркеледі.

      26. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері қатарынан сырттай оқуға іріктеліп алынған үміткерлердің оқу істері ресімделеді, оларға:
      - рапорты;
      - кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақшасы;
      - қызметтік мінездеме;
      - оқуға жіберу туралы қорытынды (N 3 қосымша);
      - 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      - ішкі істер органдарының кадр аппараттарымен расталған көшірмесі бар білім туралы құжаттың көшірмесі;
      - расталған үш фотосуреті (көлемі 3х4) кіреді.
       Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 280  бұйрығымен .

      27. Күндізгі оқуға ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері және 25 жасқа дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білімі бар басқа да азаматтар жіберіледі.
       Ескерту: 4-тараудың атауы алынып тасталды, 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

      28. Оқуға түсуге келген әйел жынысты адамдардың мекендеу орны туралы мәселені оқу орнының басшылығы жеке тәртіпте шешеді.

      29. Сырттай оқуға жасы 40-қа дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары (заңгерлік емес) білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жіберіледі.
       Ескерту: 5-тараудың атауы алынып тасталды, 29-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен , 29-тармақ жаңа редакцияда - 2006 жылғы 20 маусымдағы N 280  бұйрығымен .

        30. <*>
       Ескерту: 30-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен

      31. Екінші жоғары білім алу үшін оқуға тілек білдірген үміткерлерді жіберу ұқсас мамандық алу немесе қайта мамандану қажеттілігі туған ерекше жағдайларда ғана рұқсатталады. 

      32. Оқуға түсетін үміткерлердің жасы мен олардың тиісті қызметтегі қызмет өтілі оқуға қабылдану сәтіндегі жағдай бойынша белгіленеді. 

                                           Қазақстан Республикасы
                                          Ішкіісминінің жоғары оқу
                                           орындарына үміткерлерді
                                             іріктеу ережелеріне
                                                   1-қосымша

       Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

             Қазақстан Республикасының Ішкі істер
        министрлігі жоғары оқу орындарының тізбесі

___________________________________________________________________
N |   Оқу орындарының атауы | Оқу мерзімі |    Дайындау саласы
___________________________________________________________________
1. ҚР Ішкісмині Академиясы                  N 050303 "Құқық қорғау
   (480060, Алматы қаласы,                  қызметі" мамандығы
   Өтепов көшесі, 29)                       бойынша (Бакалавриат)
                                            жоғары кәсіптік
   күндізгі оқыту                4 жыл      (заңгерлік) білімі бар
   сырттай оқыту:                           мамандарды:
   жалпы орта білім негізінде;   5 жыл      тергеу-криминалис-
   жоғары кәсіптік (заңгерлік               тикалық;
   емес) және кәсіптік орта      3 жыл      жедел-криминалистикалық;
   (заңгерлік) білім негізінде              жедел-іздестіру;
                                            әкімшілік-құқықтық
                                            маманданулар бойынша
                                            дайындау.

2. ҚР Ішкісминінің Б. Бейсенов              N 050303 "Құқық қорғау
   атындағы Қарағанды заң                   қызметі" мамандығы
   институты (470064, Қарағанды             бойынша (Бакалавриат)
   қаласы, Ермеков көшесі, 124)             жоғары кәсіптік
                                            (заңгерлік) білімі бар
   күндізгі оқыту                4 жыл      мамандарды:
   сырттай оқыту:                           жедел-іздестіру;
   жалпы орта білім негізінде;   5 жыл      тергеу-криминалистикалық
   жоғары кәсіптік (заңгерлік               маманданулар бойынша
   емес) және кәсіптік орта      3 жыл      дайындау.
   (заңгерлік) білім негізінде
___________________________________________________________________

                                        ҚР Ішкіісминінің жоғары оқу
                                        орнына үміткерлерді іріктеу 
                                                 мен қабылдау 
                                           Ережелеріне N 2 қосымша

                                                  "Бекітемін"                                        ___________________________________
                                  (орта және жоғары басшы құрам
                                ___________________________________
                                лауазымдарына тағайындау құқығы бар
                                    ішкі істер органның бастығы)
                                199 ____ ж. "___" _________________

____________________________________________________________________                        (оқу орнының атауы)
________________________________________________ оқуға жіберу туралы
  (үміткердің аты-жөні, ілік септікте)       

                            Қорытынды

        1. Үміткерлерді алдын-ала зерттеудің нәтижелері туралы анықтама __________________________________________________________
        (Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы ____________________________________________________________________
   және басшы құрам адамдарының қызмет өткеру Ережесіне сәйкес)      ____________________________________________________________________  ___________________________________________________________________

     __________________
     (органның бастығы
     __________________              _____________    ______________
     арнайы атағы)                      (қолы)              (тегі) 

     19____ ж. "___" ________________

     2. Арнайы тексерудің нәтижелері________________________________
____________________________________________________________________    _______________________         _____________     _______________
  (қызметі, арнайы атағы)             (қолы)              (тегі)

     19____ ж. "___" ________________

     3. Үміткерлердің әскери қызметке (оқуға) жарамдығы туралы
әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы    ____________________________________________________________________
            (үміткерді психофизиологиялық тексеру нәтижелері)     

     _______________________
     (қызметі, арнайы атағы)      

     19____ ж. "___" ________________     

     4. Үміткерді зерттеу нәтижелері________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Үміткерді зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды    ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
      (оқу орны мен мамандығын көрсете отырып, оқуға жіберу)     

     _____________________
     (үміткерді зерттеген
     органның, бөлімшенің
     бастығы)
     __________________              _____________     _____________
     (арнайы атағы)                      (қолы)           (тегі)

     19____ ж. "___" ________________

     __________________
     (кадр аппаратының
     бастығы, арнайы
     атағы)      

     19____ ж. "___" __________   _____________     _______________
                                      (қолы)              (тегі)

     __________________
     (орган бастығының      
     жетекшілік ететін
     қызмет бойынша орынбасары,
     арнайы атағы)

     19____ ж. "___" __________   _____________     _______________
                                      (қолы)              (тегі)

                                       ҚР Ішкіісминінің жоғары оқу
                                       орнына үміткерлерді іріктеу 
                                                мен қабылдау 
                                          Ережелеріне N 3 қосымша

                                              "Бекітемін"          
                                 ___________________________________
                                    (орта және жоғары басшы құрам
                                 ___________________________________
                                 лауазымдарына тағайындау құқығы бар
                                     ішкі істер органның бастығы)
                                 199 ____ ж. "___" _________________

                             Қорытынды

  ___________________________________________________________________
                 (атағы, аты-жөні, тегі, лауазымы)
____________________________________________________________________
     19___ж. туылған, 19____ж. орта мектебін, орта арнайы ____________________________________________________________________
     оқу орнын, ЖОО бітірген, N ______ аттестаты (дипломы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ішкі істер органындағы қызметтік және қоғамдық қызметін көрсететін ____________________________________________________________________                     мінездеменің қысқаша мазмұны)   ____________________________________________________________________

    ________________________
    (ұсынушы органның атауы)
    _______________________________________________
            (оқу орнының атауы)

    19__ ж. күндізгі (сырттай) оқуға түсу үшін    

    _____________________________________________ жолдасты ұсынады.
              (тегі, аты, әкесінің аты)
    Негіз:_________________________________________________________
                             (ұсынушы органның)
    іріктеу комиссиясының шешімі (қорытындысы).     

    19 _____ ж. "____" ____________ N ______________     

    _______________________
     (органның бастығы, 
     арнайы атағы)     

     19____ ж. "___" __________   _____________     _______________
                                     (қолы)              (тегі)

                                    Қазақстан Республикасы Ішкі 
                                     ісминінің жоғары оқу орнына 
                                       үміткерлерді іріктеу мен 
                                   қабылдау Ережелеріне N 4 қосымша

                                               "Бекітемін"
                                    Іріктеу комиссиясының төрағасы
                                   _________________________________
                                      (қызметі, атағы, аты-жөні,  
                                   _________________________________
                                            тегі, қолы, датасы)     
    Іріктеу комиссиясының __________________________________________
                           (жасақтайтын ішкі істер органның атауы)

                       Қазақстан Республикасы
         Ішкіісминінің оқу орындарын жасақтау жөніндегі
                      N ___________ Хаттамасы

____________________________________________________________________
N!Тегі, аты   !Туы!Жұмыс  !Білімі!Ата!ІІО !Оқуға !Мінез!Қай оқу 
!жөні        !лға!орны,  !      !ғы !жұ  !кім   !деме !орнына 
!            !н  !лауазы !      !   !мыс !ұсынды!     !ұсынылды
!            !жы !мы     !      !   !өті !      !     !
!            !лы !       !      !   !лі  !      !     !
____________________________________________________________________
1!      2     ! 3 !    4  !  5   ! 6 !  7 !  8   ! 9   !   10
____________________________________________________________________
__________________________________________________
Оқыту нысаны  !Тәртіптеме  !Комиссия!Ескерту   
              !мен көзделді!шешімі  !     
__________________________________________________
     11       !       12   !   13   !     14
__________________________________________________

Іріктеу комиссиясының хатшысы ___________________

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрлігінің
1998 жылғы 22 желтоқсан 
N 459 бұйрығына    
N 2 қосымша      

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
колледждеріне үміткерлерді іріктеу
Ережелері 

       Ескерту: Барлық мәтін бойынша "облыстық ІІББ, ІІБ және көліктегі ІІБ", "ІІББ, ІІБ, КІІБ", "ІІББ, ІІБ және КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылды, барлық мәтін бойынша "(сырттай)" деген сөз алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 280  бұйрығымен .

1. Жалпы тәртіптер 

      1. Осы Ережелер колледждерге үміткерлерді іріктеудің шарттары белгілейді, сондай-ақ ішкі істер органдарында, ішкі әскерлер мен колледждерде осы жұмыстың жүргізілу тәртібін реттейді. 

      2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждері орта біліктілікті мамандармен толықтырылуға жататын лауазымдарды жасақтау үшін ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің орта басшылық құрам кадрларын дайындайды. 

      3. Үміткерлерді оқуға іріктеу ішкі істер органдарының, салалық бөлімшелері мен кадр аппараттары жетекшілерінің маңызды міндеті болып табылады, ішкі істер органдарының қызмет тиімділігінің артуы оның сапалы түрде шешілуімен байланысты. 

      4. Күндізгі оқуға түсу үшін жіберілетін ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының, ішкі әскерлердің қатардағы және сержанттық құрамының адамдарына оқу орны орналасқан жерге дейін және кейін темір жол көлігімен барып-қайтуға шыққан шығындар оқуға жіберген ішкі істер органдары есебінен өтеледі. 

      5. Күндізгі оқуға қабылдау емтихандарын тапсыру үшін оқу орындарына келген үміткерлер оқу орындарының жанындағы казармалық жағдайда тұратын болса, ақылы түрде - солдаттық азық мөлшері бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. 

      6. Қабылдау емтихандарын тапсыру уақытында талапкерлерге мекендеу шығындарының өтелуі арқылы оқу орнының жатақханасы берілуі мүмкін. 

      7. Колледждердің күндізгі бөлімшелерінде тыңдаушыларды оқытудың толық курсы мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріліп, ішкі істер органдарында қызмет ету өтіліне есептеледі. 

      8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне басқа мемлекеттердің азаматтарынан үміткерлерді іріктеу, сондай-ақ басқа мемлекеттердің Ішкіісмині оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу тәртібі тиісті Ішкі істер министрліктерінің арасындағы контарктілердің (шарттардың) мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер негізінде белгіленеді. 

  2. Іріктеу мен оқуға жіберудің шарттары 

      9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждерінде оқуға үміткерлерді іріктеу (осы Ережелерге 1-қосымша) жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жүргізіледі.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

      10. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне үміткерлерді іріктеу мен зерттеуді Ішкіісминінің, ІІД, көліктегі ІІД кадр аппараттары, үміткерлерді пайдалану көзделіп отырған салалық бөлімшелердің басшыларымен өзара тығыз іс-қимылда жүргізеді. Оқу орнын бітіргеннен кейін колледж түлектері, оқуға дайындаған салалық бөлімшелерге қызметке жіберіледі. 

      11. Үміткерлерді іріктеу үшін Ішкіісминнің, ІІД, көліктегі ІІД бұйрықтары бойынша ішкі істер органдарының кадрлар аппараттары басшысының төрағалық етуімен, ал Ішкі істер министрлігінде кадр аппаратына жетекшілік ететін ішкі істер министрлігі орынбасарының төрағалық етуімен іріктеу комиссиялары құрылады. Комиссияның құрамына Ішкіісмин Департаменттері мен қызметтерінің, ІІД, көліктегі ІІД бастықтары енгізіледі. 

      12. Оқуға үміткерлерді іріктеудің негізгі қағидалары: 
      - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар арасында белсенді түрде кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру; 
      - үміткерлерді оқуға іріктеу кезінде білім беру мекемелерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл жасау; 
      - үміткерлердің жеке басын жан-жақты және объективті зерттеу; 
      - білім мен сана деңгейі, денсаулығы мықты және күш-қуаты мол адамдарды іріктеу. 

      13. ҚР Ішкіісминінің колледждеріне түсуге тілек білдірген ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері команда бойынша оқу орны мен мамандығын көрсете отырып, ішкі істер органы бастығының, бөлімше командирінің атына рапорт береді. Жай адамдар тұрғылықты жері бойынша Ішкіісминнің, ІІД, көліктегі ІІД кадр аппараттарына тікелей арыз береді. 

      14. Ішкі істер органының жетекшісі әр үміткердің рапортын (арызын) жеке қарап, онымен әңгіме өткізіп, қабылдау шарттарына сай келген жағдайда ресімдеу үшін кадр аппаратына жібереді. Кадр аппараты оқуға үміткерді медициналық куәландыру үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жібереді. 

      15. Ішкіісминнің, ІІД әскери-дәрігерлік комиссиялары Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің 1998 жылғы 24 желтоқсанындағы N 470  бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлеріндегі әскери-дәрігерлік сараптау туралы Ережені" және "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлеріндегі медициналық куәландыру туралы Ережені", басшылыққа ала отырып, үміткердің қызметке және оқуға түсуге жарамдығын анықтайды (мемлекеттік тіркеуден 1999 жылдың 26 наурызында өткен). 
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 280  бұйрығымен .

      16. Оқып-зерттеу үдерісі кезінде үміткерді ары қарай оқып-зерттеу немесе осы жұмысты тоқтату үшін негіз бола алатын үміткердің іскерлік, жеке дара және моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы анықталады. 

      17. Күндізгі оқуға жіберу туралы мәселені шешу үшін әрбір үміткердің жеке (оқу) ісі іріктеу комиссиясының қарауына жіберіледі. 

      18. Іріктеу комиссиясы осы Ережелерді басшылыққа ала отырып, келіп түскен материалдарды тиянақты түрде оқып-зерттеп, әрбір үміткерге қатысты өз шешімін шығарады. Іріктеу комиссия отырысының қорытындылары хаттамамен ресімделеді, оны төраға бекітіп, комиссия хатшысы куәландырады. 

      19. Колледждерге түсу үшін үміткерлердің материалдарын қабылдау комиссиялары қарап, үміткерді түсу емтихандарына жіберу туралы түпкілікті шешім шығарады. Колледж бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. 

      20. Үміткерлер үшін оқуға түсу емтихандарына келу уақыты көрсетілген жоғары оқу орындары қабылдау комиссиясының шешімдері жасақтаушы ішкі істер органдарына оқуға түсу емтиханының басталуынан 10 күн бұрын хабарланады. 

      21. Ішкі істер органдары, ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің ішінен күндізгі оқуға түсу емтихандарына жіберілген үміткерлердің кезекті демалысы жоғары оқу орнына іссапарға жіберілгенге дейін олардың толық пайдалана алуы есептеле отырып беріледі. 
      Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің ішінен күндізгі оқуға түсуге үміткерлер ретінде бекітілген адамдарды олардың оқуға түсуі жөніндегі мәселе түпкілікті шешілгенге дейін басқа бөлімшелерге ауыстыруға, бөлімше ішінде басқа қызметтерге ауыстыруға және штаттық қысқарту бойынша жұмыстан шығаруға тыйым салынады. 

      22. Оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін үміткерлерді іссапарға жіберуді Қазақстан Республикасының оқу орындары бастықтарының шақыртуы бойынша Ішкіісмин, ІІД, көліктегі ІІД іске асырады. 

      23. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері ішінен күндізгі оқуға түсетін үміткерлер түсу емтихандарын тапсыру үшін оқу орындарына кетердің алдында белгіленген тәртіп бойынша атқаратын лауазымдары бойынша істерді тапсырады, бірақ оқуға қабылданғанға дейін ол лауазымынан босатылмайды. 

      24. Күндізгі оқуға түсетін ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері 31 тамызға дейін ақшалай қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қаржы қызметтері оларға ақшалай және киім-кешек аттестаттарын береді. 

  3. Оқуға үміткерлердің жеке (оқу) істерін
ресімдеу тәртібі

        25. Күндізгі оқуға үміткерлердің жеке істері Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің белгіленген талаптарына сәйкес ресімделеді. Оқуға (оқытудың күндізгі нысаны) үміткердің жеке ісіне:
      - оқуға жіберу туралы рапорты (арызы);
      - ішкі істер органының қызметкері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері мен офицерлері үшін оқуға жіберу туралы қорытындылары бар аттестация;
      - соңғы оқу және жұмыс орнынан мінездеме;
      - оқуға жіберу туралы қорытынды (N 2 қосымша);
      - ішкі істер органының кадр аппаратымен расталған білім туралы құжаттың көшірмесі;
      - әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру картасы;
      - расталған үш фотосуреті (бас киімсіз, күнделікті формада, көлемі 3х4 см, бұрышсыз) қоса тіркеледі.

      26. <*>
       Ескерту: 26-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

      27. Күндізгі оқуға ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері және 25 жасқа дейінгі жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімі бар басқа да азаматтар жіберіледі.
       Ескерту: 4-тараудың атауы алынып тасталды, 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

      28. Оқуға түсуге келген әйел жынысты адамдардың мекендеу орны туралы мәселені оқу орнының басшылығы жеке тәртіпте шешеді.     

  5. Сырттай оқуға

       Ескерту: 5-тарау (29-31 тармақтар) алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

                                           Қазақстан Республикасы
                                         Ішкісминінің колледждеріне
                                            үміткерлерді іріктеу
                                            ережелеріне 1-қосымша

       Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650   бұйрығымен .

                Қазақстан Республикасының Ішкі істер
                министрлігі колледждерінің тізбесі

___________________________________________________________________
N |   Оқу орындарының атауы | Оқу мерзімі |    Дайындау саласы
___________________________________________________________________
1. ҚР Ішкісминінің Ақтөбе заң               N 0202002 "Құқық қорғау
   колледжі (463000, Ақтөбе                 қызметі" мамандығы
   қаласы, 41 - разъезд,                    бойынша кәсіптік орта
   Курсанттар тас жолы)                     (заңгерлік) білімі бар
                                 2 жыл      мамандарды әкімшілік-
   күндізгі оқыту                           құқықтық мамандану
                                            бойынша дайындау.

2. ҚР Ішкісминінің Семей заң                N 0202002 "Құқық қорғау
   колледжі (490026, Семей                  қызметі" мамандығы
   қаласы, Қаржаубайұлы                     бойынша кәсіптік орта
   көшесі, 245)                  2 жыл      (заңгерлік) білімі бар
                                            мамандарды жедел-
   күндізгі оқыту                           іздестіру мамандану
                                            бойынша дайындау.

3. ҚР Ішкісминінің Шымкент                  N 0202002 "Құқық қорғау
   заң колледжі (480163,                    қызметі" мамандығы
   Шымкент қаласы,                          бойынша кәсіптік орта
   Чернышевский көшесі, 139)                (заңгерлік) білімі бар
                                            мамандарды әкімшілік-
   күндізгі оқыту                2 жыл      құқықтық мамандану
                                            бойынша дайындау.
___________________________________________________________________

                                    ҚР Ішкіісминінің колледждеріне
                                   үміткерлерді іріктеу мен қабылдау
                                         Ережелеріне N 2 қосымша

                                             "Бекітемін"
                                 ___________________________________
                                   (орта және жоғары басшы құрам
                                 ___________________________________
                                 лауазымдарына тағайындау құқығы бар
                                     ішкі істер органның бастығы)
                                 199 ____ ж. "___" ________________

____________________________________________________________________
                        (оқу орнының атауы)
_______________________________________________ оқуға жіберу туралы
   (үміткердің аты-жөні, ілік септікте)

                              Қорытынды

        1. Үміткерлерді алдын-ала зерттеудің нәтижелері туралы анықтама __________________________________________________________
         (Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы ____________________________________________________________________
  және басшы құрам адамдарының қызмет өткеру Ережесіне сәйкес)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________      __________________
    (органның бастығы
    __________________              _____________     ______________
     арнайы атағы)                      (қолы)              (тегі)

    19____ ж. "___" ________________     

     2. Арнайы тексерудің нәтижелері _______________________________
____________________________________________________________________    _______________________         _____________     ________________
   (қызметі, арнайы атағы)             (қолы)              (тегі)

   19____ ж. "___" ________________     

     3. Үміткерлердің әскери қызметке (оқуға) жарамдығы туралы 
        әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы    ____________________________________________________________________
            (үміткерді психофизиологиялық тексеру нәтижелері)     

     _______________________
     (қызметі, арнайы атағы)      

     19____ ж. "___" ________________     

     4. Үміткерді зерттеу нәтижелері________________________________
____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
     Үміткерді зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды    ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
         (оқу орны мен мамандығын көрсете отырып, оқуға жіберу)     

     _____________________
     (үміткерді зерттеген
     органның, бөлімшенің
     бастығы)
     __________________              _____________     ____________
     (арнайы атағы)                     (қолы)            (тегі)

     19____ ж. "___" ________________

     __________________
     (кадр аппаратының
     бастығы, арнайы
     атағы)      

     19____ ж. "___" __________   _____________     _______________
                                     (қолы)              (тегі)    

     __________________
     (орган бастығының      
     жетекшілік ететін
     қызмет бойынша орынбасары,
     арнайы атағы)     

     19____ ж. "___" __________   _____________     ________________
                                      (қолы)              (тегі)

                                    ҚР Ішкіісминінің колледждеріне 
                                   үміткерлерді іріктеу мен қабылдау
                                        Ережелеріне N 3 қосымша

                                               "Бекітемін"
                                ___________________________________
                                   (орта және жоғары басшы құрам
                                ___________________________________
                                 лауазымына тағайындау құқығы бар
                                    ішкі істер органның бастығы)
                                199 ____ ж. "___" _________________

                             Қорытынды

  ____________________________________________________________________                 (атағы, аты-жөні, тегі, лауазымы)    ____________________________________________________________________
     19___ж. туылған, 19____ж. орта мектебін, орта арнайы  ____________________________________________________________________
     оқу орнын, ЖОО бітірген, N ______ аттестаты (дипломы)   ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ішкі істер органындағы қызметтік және қоғамдық қызметін көрсететін ____________________________________________________________________                     мінездеменің қысқаша мазмұны)    ____________________________________________________________________
    ________________________
    (ұсынушы органның атауы)
    _______________________________________________
             (оқу орнының атауы)

    19__ ж. күндізгі (сырттай) оқуға түсу үшін_____________________
_________________________________________________ жолдасты ұсынады.
            (тегі, аты, әкесінің аты)
    Негіз:_________________________________________________________
                             (ұсынушы органның)
іріктеу комиссиясының шешімі (қорытындысы).     

     19 _____ ж. "____" ____________ N ______________

     _______________________
      (органның бастығы, 
        арнайы атағы)     

     19____ ж. "___" __________   _____________     ________________
                                      (қолы)              (тегі)

                                     Қазақстан Республикасы Ішкі   
                                       ісминінің колледждеріне
                                       үміткерлерді іріктеу мен 
                                    қабылдау Ережелеріне N 4 қосымша

                                              "Бекітемін"
                                     Іріктеу комиссиясының төрағасы                                   ___________________________________
                                        (қызметі, атағы, аты-жөні,
                                 ___________________________________
                                            тегі, қолы, датасы)     
    Іріктеу комиссиясының __________________________________________
                           (жасақтайтын ішкі істер органның атауы)

               Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің
               оқу орындарын жасақтау жөніндегі
                    N ___________ Хаттамасы

____________________________________________________________________
N!Тегі, аты   !Туы!Жұмыс  !Білімі!Ата!ІІО !Оқуға !Мінез!Қай оқу 
!жөні        !лға!орны,  !      !ғы !жұ  !кім   !деме !орнына
!            !н  !лауазы !      !   !мыс !ұсынды!     !ұсынылды
!            !жы !мы     !      !   !өті !      !     !
!            !лы !       !      !   !лі  !      !     !
____________________________________________________________________
1!      2     ! 3 !    4  !  5   ! 6 !  7 !  8   ! 9   !     10
____________________________________________________________________

__________________________________________________
Оқыту нысаны  !Тәртіптеме  !Комиссия!Ескерту   
              !мен көзделді!шешімі  !     
__________________________________________________
     11       !       12   !   13   !     14
__________________________________________________

Іріктеу комиссиясының хатшысы ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады