"Мемлекеттік органды айқындау немесе Қазақстан Республикасында өтеусіз қаржылық және техникалық көмек гранттары шеңберінде беретін тауарлар алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлғаның Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 48 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 151 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органды айқындау немесе Қазақстан Республикасында өтеусіз қаржылық және техникалық көмек гранттары шеңберінде беретін тауарлар алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлғаның Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 48 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1846 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 30, 647-бап).
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады