"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2013 жылғы 29 қарашадағы № 193/27-V "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 29 қарашада № 792 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 қарашадағы № 136 "Астана Ақшамы", 2013 жылғы 30 қарашадағы № 143 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 196/28-V "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 13 желтоқсанда № 794 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 желтоқсандағы № 142 "Астана Ақшамы", 2013 жылғы 14 желтоқсандағы № 149 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешімі оны қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласының мәслихаты
сессиясының төрағасы Қ. Жауханов
Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов