Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 226/31-V шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      2013 жылғы 29 қарашадағы № 193/27-V "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 29 қарашада № 792 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 қарашадағы № 136 "Астана Ақшамы", 2013 жылғы 30 қарашадағы № 143 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 196/28-V "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 13 желтоқсанда № 794 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 желтоқсандағы № 142 "Астана Ақшамы", 2013 жылғы 14 желтоқсандағы № 149 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы шешімі оны қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Қ. Жауханов

      Астана қаласы мәслихатының хатшысы         С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады