Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 196/28-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 794 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 226/31-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 226/31-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексi 55-бабының 1-тармағы 5-тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Хамхоев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 196/28-V шешіміне   
қосымша         

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексi 55-бабының 1-тармағы 5-тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы, осы оқиғаларда қасақана кiсi өлтiргенi және милиция қызметкерiнiң, халық жасақшысының өмiрiне қастандық жасағаны үшiн сотталған, өздерiне қатысты қылмыстық iстердi қайта қараудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
      2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
      3. Әлеуметтiк көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi әкiмшісі (бұдан әрi – Әкiмші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттiк бағдарламасына (бұдан әрi – Бағдарлама) сәйкес және қала бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
      4. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Астана қалалық филиалы (бұдан әрi – ЗТМО) Әкiмшіге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы, осы оқиғаларда қасақана кiсi өлтiргенi және милиция қызметкерiнiң, халық жасақшысының өмiрiне қастандық жасағаны үшiн сотталған, өздерiне қатысты қылмыстық iстердi қайта қараудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына жататын азаматтар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ай сайын ЗТМО деректер қорында тiркелген, жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәлiметтердi ұсынады.

2-тарау. Әлеуметтiк көмек төлеу тәртібі

      5. Біржолғы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ақшалай төлем түрінде 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде беріледі.
      6. Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады