Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 193/27-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 792 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 226/31-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 226/31-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы 3-бабыңын Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Хамхоев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 193/27-V шешіміне   
қосымша           

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана
қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы
әлеуметтiк көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету (бұдан әрi – әлеуметтiк көмек) Астана қаласында тiркелген және тіркелген жерінде тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
      2. Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджеті болып табылады.
      3. Әлеуметтiк көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің әкiмшісі (бұдан әрi – Әкiмші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттiк бағдарламасына (бұдан әрi – Бағдарлама) сәйкес және қала бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.

2-тарау. Әлеуметтiк көмек төлеу тәртібі

      4. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай (1 желтоқсан) ақшалай төлем түрінде және азық-түлік жиынтығы түрінде ұсынылады.
      5. Әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен жиынтық табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасына) азық-түлік жиынтығы түрінде ұсынылады.
      6. Қағида шеңберінде азық-түлік жиынтығы:
      макарон өнімдері – 25 килограмм;
      күріш – 25 килограмм;
      қант – 5 килограмм;
      күнбағыс майы – 5 литрді құрайды.
      7. Азық-түлік жиынтығын сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Азық-түлік жиынтығын беруді мемлекеттік сатып алу туралы конкурс жеңімпазы болып танылған жеткізуші жүзеге асырылады.
      8. Ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алушы азаматтардың келесі санаттарына:
      20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, олардың жесiрлерiне;
      10 000 (он мың) теңге мөлшерінде:
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға, олардың жесiрлерiне:
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай тылда жұмыс iстеген (қызмет атқарған) және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға;
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы 9-бабының 1-тармағымен олардың мәртебесі белгіленген қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына беріледі.
      9. Әлеуметтiк көмектiң сомасын төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады