1. Қазақстан Республикасында реформаларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Iс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Ұйымдастыру-бақылау бөлiмi мен Iшкi саясат бөлiмiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк хатшысы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк хатшысының
1997 жылғы 9 қаңтардағы
N 1 өкiмiмен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында реформаларды
ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Реформаларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық комиссия, оның Кеңесi мен комиссиясы туралы қаулысының жобалары әзiрленсiн.
Жауапты: Тасмағамбетов И.Н.
1997 жылғы қаңтар
2. Қазақстан Республикасының облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi жанында, министрлiктерi мен ведомстволарында реформаларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөнiнде комиссиялар құру ұсынылсын.
Жауаптылар: Тасмағамбетов И.Н.,
Бәйменов Ә.М.,Тәжин М.М., Бижанов А.Қ.,
министрлiктер, ведомстволар басшылары
1997 жылғы қаңтар
3. Реформалардың ақпараттық-насихаттық бағдарламасын республикалық және мерзiмдi баспасөз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жөнiнде iс-шаралар; реформаларды насихаттық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк және басқа тiлдерде ғылыми-көпшiлiк, анықтамалық және басқа әдебиет шығару жоспары әзiрленсiн.
Жауаптылар: Тасмағамбетов И.Н.,
Тәжин М.М., Бижанова А.Қ.,
Сәрсенбаев А.С.
1997 жылғы 1 тоқсан
4. Жүзеге асырылып жатқан реформаларды насихаттайтын кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн курстардың тәртiбi мен бағдарламасы әзiрленсiн.
Жауаптылар: Тасмағамбетов И.Н.,
Бәйменов Ә.М., Бижанов А.Қ.
1997 жылғы 1 тоқсан
5. Қоғамдық татулықты қамтамасыз ету тетiгi әзiрленсiн, бұл ретте республикалық және жергiлiктi деңгейдегi атқарушы органдар жанында тұрақты жұмыс iстейтiн қоғамдық құрылымдар құру қажеттiгi ескерiлсiн.
Жауаптылар: Тасмағамбетов И.Н.,
Бәйменов Ә.М.
1997 жылғы ақпан
6. Қазақстан Республикасындағы мәдени, бiлiм беру және тiл саясатының мемлекеттiк бағдарламалары туралы ұсыныстар әзiрленiп, енгiзiлсiн.
Жауаптылар: Тасмағамбетов И.Н.,
Тәжин М.М., Бижанов А.Қ.,
Мұхаметжанов О.Б., Мамашев Т.А.,
Жұрынов М., Ким Г.В.
1997 жылғы 1 тоқсан
7. Реформаларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етудiң үлгiлерiн (идеологемалар, тетiктер, арналар, негiздер) қамтамасыз ететiн құрылымдар құру туралы ұсыныстар әзiрленiп, енгiзiлсiн.
Жауаптылар: Тасмағамбетов И.Н.,
Тәжин М.М., Бижанов А.Қ., Қасенов Ө.Т.
1997 жылғы наурыз
8. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының реформаларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру функциялары жүктелетiн құрылымдық бөлiмшесi туралы мәселе қаралып, белгiленген тәртiппен келiсiлсiн.
Жауапты: Тасмағамбетов И.Н.
1997 жылғы ақпан