Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
13-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
13-ҚОСЫМША
106 - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңы
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы
Заңы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегі N 947
Жарлығы
; "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 992
Жарлығы
.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды жүзеге асыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және оған адамның және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын бақылауды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының құқықтар мен бостандықтар және халықты құқықтық ағарту саласындағы заңдарын жетілдіруде жан-жақты жәрдемдесу. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігін кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Адам құ-
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Мониторингті жүзеге асыру, ақпаратты қорыту, жүйелеу және талдау; адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және халықаралық шарттарымен кепілдік берілген құқықтарын және бостандықтарын бұзатын іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарауы; адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ресми хабарлар дайындау; іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соққан адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл енгізетін ұсынымдарды дайындау; Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі қорытындылардың жобаларын даярлау. Құқық қорғау іс-шараларын өткізу. Қызметтік автокөлікті жалдау, ұйымдастыру техникасын ұстау, байланыс қызметтерін, полиграфия қызметтерін сатып алу, бланк өнімдерін сатып алу. |
Жыл бойы |
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық |
3 |
|
007 |
Мемле-
|
Мемлекеттік тілді оқыту бойынша қызметтер сатып алу. |
Жыл бойы |
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық |
4 |
|
009 |
Мемле-
|
Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру. |
Жыл бойы |
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық |
5 |
|
017 |
Ақпарат-
|
Ақпарат жүйелерін техникалық және технологиялық, бағдарламалық, сүйемелдеу және күтушілік қызметімен қамтамасыз ету: Интернет, негізгі дерек "Заң", программа 1С-бұғалтір |
Жыл бойы |
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелері:
Тікелей нәтиже:
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық лимитіне сай саны 15 бірлік аппаратты ұстау;
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасының
Конституциясымен
және халықаралық шарттармен кепілдік берілген құқықтарын және бостандықтарын бұзатын іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарауы;
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін қазақ және орыс тілдерінде 500 данадан шығару және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы хабардар ету үшін Президентке, Парламентке, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратура мен басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жіберу, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен халықаралық ұйымдарына жіберу;
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ресми хабарлар дайындау;
іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соққан адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл енгізетін ұсынымдар дайындау; мемлекеттік тілге 14 адамды оқыту; кеңсе және шаруа тауарларымен қамтамасыз ету; компьютерлік техникамен қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже:
адам мен азаматтың, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың бұзылған,
Конституциямен
және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру;
мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытумен 100 пайызға қамтамасыз ету;
компьютерлік техникамен 100 пайызға қамтамасыз ету;
кеңсе және шаруа тауарларымен 100 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджеттің қаражатын тиімді жұмсау;
ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 26,1 мың теңге.
Уақыттылығы:
азаматтардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарау;
орталықтың жұмыс жоспарларына сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау және көрсетілген уақыт мерзімімен орындау;
жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
қарауға қабылданған азаматтардың шағымдарын қанағаттандыру және олар бойынша шағым иелеріне жауаптар жіберу;
кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейінгі іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 40 пайыз.