Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мыналардың:
398
,
399
,
400
,
401
,
402-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
398-ҚОСЫМША
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
399-ҚОСЫМША
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
400-ҚОСЫМША
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Бірыңғай автоматтандырылған
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені құру"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 198568 мың теңге (бір жүз тоқсан сегіз миллион бес жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік
кодексі
; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471
Жарлығы
; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1686
Жарлығы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, оның жолын кесу және тергеу бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызметтік іс-әрекеттерінің процестерін автоматтандыру; автоматтандырылған тәртіпте қаржы полициясы органдарының Қазақстан Республикасының басқа органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру; қаржы полициясы органдарының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі бар бірыңғай ақпараттық мәліметтер банкін құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны
|
Iске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Бірыңғай
|
Қолданбалы бағ-
|
2008
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: экономикалық және қаржылық қылмыстардың ашылуын арттыру; криминалды экономиканың деңгейін төмендету; салық төлеуден жасырынған немесе криминалды айналымға тартылған қаражатты мемлекеттің бюджетіне қайтаруды арттыру; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылық деңгейін төмендету.
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі міндеттеген мақсаттарды орындау кезінде қаржы полициясы органдары жұмысы тиімділігінің елеулі өсуі күтіледі, ол өз кезегінде мемлекеттік экономикалық тұрақтылығына және елдің жалпы әл-ауқатының өсуіне оң ықпал етеді.
Соңғы нәтиже: қаржы полициясы органдарын автоматтандыруды біріктіру және аумақтық орталықтандыру қаржы полициясы органдарының қызметтік іс-әрекетінің ең жоғары тиімділігіне жету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтерін біріктіруге мүмкіндік береді.
Қызметтік қолдану үшін