Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ETEMIH:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгіне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүктелсiн.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 108-құжат; 2003 ж., N 44, 472-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 10 қарашадағы
N 1471 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет"
қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2004 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет"
атауы қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге
негiз қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлетті
экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн"
атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан
халқына Жолдауы
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Мақсаты Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет
көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңiнен қолдану жолымен
мемлекеттiк органдардың жұмыс істеу тиiмдiлігін
арттыру
Міндеттері Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық
қоғам жағдайында жұмыс істеуге мүмкiндiк
беретiн нормативтiк құқықтық және әдіснамалық
база құру;
мемлекеттік органдардың электрондық қызмет
көрсетулерiн қалыптастыру және дамыту;
"электрондық үкіметтің" қызмет көрсетулерiне
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық
теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру
жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас
бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк
органдардың ақпараттық инфрақұрылымын
оңтайландыру;
"электрондық үкiметтің" ақпараттық
инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету
Iске асыру 2005-2007 жылдар
мерзiмi
Қаржыландыру. Бағдарламаны іске асыруға 2005-2007 жылдары
дың қажетті республикалық бюджеттен (мемлекеттiк органдардың
ресурстары мен бірыңғай көліктік ортасын құруға арналған 31,9
көздерi млрд. теңге көлемiндегі шығынды қоса алғанда),
51,9 млрд. теңге көлемiнде бөлiнетiн қаражат
берiлетiн болады, оның iшiнде 2005 жылға - 4,5
млрд. теңге, 2006 жылға - 25,3 млрд. теңге,
2007 жылға - 22,1 млрд. теңге;
ақпараттандыру жөнiндегi бағдарламаларды iске
асыратын жергiліктi бюджеттердің жылына шамамен
150,0 млн. теңге көлемiндегi қаражаты; жекеше
инвестициялар, халықаралық және отандық қаржы
ұйымдарының гранттары
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
нәтижелер мемлекеттiк органдардың әкiмшілiк рәсімдерін
оңтайландыру үшiн жағдайлар жасалатын болады
және ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк
ресурстарды ықпалдастыру жүзеге асырылады;
мемлекеттiк органдардың бірыңғай қорғалған
мультисервистiк көліктік ортасы ұйымдастырылатын
болады. Жоба iске асырылғаннан кейiнгi 8 жылдың
iшiнде бюджеттiк қаражатты үнемдеу есебінен
инвестицияларды қайтару болжанып отыр;
мемлекеттiк органдарды ақпараттандыруға арналған
шығыстар оңтайландырылатын болады;
2005 жылдың iшiнде мемлекеттiк органдар ұсынатын
қызмет көрсетулердің 15 %-ы электрондық нысанда
iске асырылатын болады;
мемлекеттiк қызмет көрсетулер уақыты
қысқартылады;
2006 жылы мемлекеттiк органдардың бiрыңғай
электрондық құжат айналымы жүйесiн енгiзуi
аяқталады;
2007 жылдың аяғына қарай:
"электрондық үкiметтің" базалық құрамдас
бөлiктерi құрылатын болады, оған e-үкiметтiң
порталы мен шлюзi, "төлем шлюзi", ұлттық
сәйкестендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың
бірыңғай көлiктiк ортасы, жүйеқұраушы
деректер базасы жатады;
ұлттық сәйкестендiру жүйесін құру шеңберінде
азаматтың жеке басының куәлiгiнiң нөмiрiн,
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн, азаматтың
әлеуметтік жеке код және басқаларын
бiрiктiретiн сәйкестендiру нөмiрлерi жүйесін
қолданысқа енгiзуге көшу жүзеге асырылатын
болады;
мемлекеттiк органдардың электрондық қызмет
көрсетулеріне неғұрлым кең қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету мақсатында кемiнде 50 арнаулы
пункт құрылатын болады;
25 интерактивтi қызмет көрсетулер ұсынылатын
болады, сондай-ақ транзакциялық қызмет
көрсетулердi iске асыру үшiн жағдай жасалады,
мемлекеттiк органдардың электрондық қызметтерiн
пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың үлесi 2-3
есеге ұлғайтылады;
ұлттық бiрегейлендiру жүйесi құрылатын болады,
Қазақстан Республикасының экономикалық белсендi
халқының 15-18 %-ы смарт-технологиялар
негiзiнде жаңа үлгiдегi жекебас куәлiктерiн
алады;
мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерi мен
ресурстарын тиiмдi қорғау қамтамасыз етiлетiн
болады;
салық төлеушiлер мен фискалды органдардың өзара
iс-қимыл рәсiмдерiн жеңiлдету есебiнен салықтар
мен бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi
төлемдердi жинау ұлғайтылады;
пайдаланушылардың компьютерлiк бiлiмдiлiк
деңгейiн 2004 жылмен салыстырғанда Қазақстанның
кәмелетке толған жұртшылығы санының 26,5%-ына
көтеру жоспарланып отыр;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18
ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының телекоммуникациялар саласын
дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру шеңберiнде қоғамдық
қолжетiмдi пункттер үшiн арнайы тарифтер
белгiленiп, оны одан әрі 2 eceгe төмендету үшiн
жағдайлар жасау жоспарлануда;
тұрғыны 50 адамнан асатын 7523 ауылдық елдi
мекеннiң барлығына телефон орнатып, телефонның
жиiлiгiн 100 тұрғынға шаққанда 9 телефонға
дейiн жеткiзу жоспарлануда;
2007 жылдың аяғына қарай Интернетке қосылған
мектептер санын 100 %-ға жеткiзу жоспарланып
отыр;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласындағы бiлiм деңгейін көтеру шеңберiнде
мектептердегi 1 компьютерге шаққанда оқушылар
санын 54-тен 36-ға дейiн төмендету, қашықтан
оқыту спутниктiк арнасына қосылған мектептер
санын 8,7%-дан 20,8%-ға ұлғайту жоспарланып
отыр.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы "электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.
Әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере отырып, Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асырылатын болады.
Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Аталған кезең шеңберiнде осы Бағдарламаны iске асыру "электрондық үкiметтiң" шлюзi мен порталы, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзi", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ведомствоаралық және үлгілiк жүйесiн құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар жүргiзу, ақпараттық теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық құрамдас бөлiктердi құруға бағытталатын болады.
Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi.
Осы Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнiң аяқталу қортындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi республикада "электрондық үкiметтi" дамыту жөніндегі бағдарламалық құжатты одан әрi әзiрлеу туралы шешiм қабылдайтын болады.
Осы Бағдарламада жағдайлар жасауға және "электрондық үкiметтiң" мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар көзделедi, олар мынадай шешушi сәттерге шоғырландырылатын болады:
1) "электрондық үкiмет" пен оны пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны дамыту.
Бұл тұрғыда "электрондық үкiмет" құру мемлекеттiк қызмет көрсетулер регламенттерiн талдауды көздейдi, мұның өзi әкiмшiлiк рәсiмдерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу мен мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту тетiктерiнiң бiрi болып табылады;
2) халықты "электрондық үкiмет" мүмкiндiктерiне тарту, яғни бiлiм алу және ақпарат теңсiздігін еңсеруге, электрондық iс-қимыл рәсiмдерiн орындау мен халықтың қалың жiгі үшін "электрондық үкiмет" қызмет көрсетулерiне қолжетiмділіктi ұйымдастыру үшiн қоғамды қажеттi білімдiлiк деңгейiмен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды iске асыру қажеттiлiгі;
3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде әкiмшiлiк процестердi стандарттау мен нысандандыруды, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мен басқарудың бiрыңғай саясатын әзiрлеу мен iске асыруды бiлдiретiн мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
"Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастыру екi өзара байланысты, бiрақ функциялық дербес контурларды iске асыру жағдайында мүмкiн болады.
Iшкi контур "үкiмет-үкiмет" үлгiсiндегі өзара қарым-қатынастарды қамтиды және ведомствоаралық әкiмшiлiк рәсiмдерге қызмет көрсететiн ақпараттық жүйелердi құрайды.
Cыртқы контур "үкiмет-азаматтар" және "үкiмет-ұйымдар" үлгiсiндегi өзара қарым-қатынастарды қамтиды және мемлекеттiң азаматтармен және ұйымдармен өзара іс қимылын қамтамасыз етедi.
Бағдарламада Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi ескерiледi және салааралық сипатта болады.
Бағдарламада мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
e-қызмет - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
көрсетулер құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;
е-үкiмет - мемлекеттiк органдардың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кеңiнен қолдану жолымен азаматтар
мен ұйымдарға қызмет көрсетулердi ұсынуға барынша
бағдарланған жұмыс iстеу тетiгi;
мемлекеттiк - мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға
қызмет көрсететiн және Қазақстан Республикасының
көрсетулер қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк
рәсiмдердi атқаруға бағытталған қызмет көрсетулер;
АКТ - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
е-банкинг - интернет арқылы қолжетiмдiлiктi ұйымдастыру
жолымен банк шоттарын басқару;
ақпараттық - бiлiм мен ақпаратқа қолжетiмділігiнiң әртүрлi
теңсiздiк деңгейiне байланысты халықтың түрлi әлеуметтiк
топтарының АКТ-ны пайдалану мүмкiндiктерiнiң
теңсiздiгі;
e-қызмет - АКТ құралдарымен қызмет көрсететiн мемлекеттiк
көрсетулердi органдар, ұйымдар және өзге де шаруашылық
жеткiзушiлер субъектiлерi;
e-қызмет - азаматтар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар және
көрсетулердi өзге де шаруашылық субъектiлерi;
тұтынушылар
e-қызмет - түпкi нәтижесi e-қызмет көрсетулердi
көрсетулер жеткiзушiлердiң функциялық мақсаттарына қол жеткізу
регламентi болып табылатын әкiмшiлiк және өзге де процестердi
жүзеге асыруға бағытталған жүйелi iс-әрекеттер
жиынтығы.
3. Мемлекеттiк органдарды ақпараттандырудың
қазiргi жай-күйiн талдау
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлi қызмет салаларында АКТ-ны дамыту мен қолдануға бағытталған iс-шаралар кешенi кеңiнен iске асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаннан кейiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құру жөнiндегі жұмыстар жандана түстi.
Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгiзу негiзiнде мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру жүзеге асырылуда. "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Мекенжай тiркелiмi", "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесi", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi", "Салық төлеушілер мeн салық салынатын объектiлер тiзілімi" деген мемлекеттiк дерек қорларын, сондай-ақ "Электрондық мемлекеттік сатып алу орталығы" ақпараттық жүйесiн құру жөнiнде iс-шаралар орындалуда.
Мемлекеттiк органдардың Интернетте электрондық өкiлдiктер құру жолымен ақпараттар ұсынуын 42 мемлекеттік органның 32-сi жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердiң 170 түрiне жүргізiлген талдау нәтижесi бойынша е-үкiметтiң 85 e-қызмет көрсетулерiнен тұратын, осы Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын базалық қызмет көрсетулер тiзбесi қалыптастырылды.
Жекелеген мемлекеттiк органдар интерактивтi қызмет көрсетулердi iске асыруға көшуде. Қазiргi уақытта нақты уақыт режимiнде электрондық цифрлық қолтаңба тетіктерiн пайдалана отырып, байланыстың электрондық арналары бойынша барлық салық есептерiн беруге, сондай-ақ мемлекеттiк бюджетпен өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге болады, бұл Қазақстанды ТМД елдерi арасында бөлiп көрсетiп отыр. Әлеуметтiк төлем алушылардың деректер банкiн құру, әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және төлеу, жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi есепке алу мен талдау жөнiндегi процестердi автоматтандыру, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру және мүгедек адамдардың дерек қорын құру саласындағы ақпараттық жүйелер дамуда.
Е-үкімет элементтерi жергiлiктi атқарушы органдардың кейбiр ақпараттық жүйелерiнде де бар. Алматы қаласы әкiмдігінiң жанында азаматтарды тұрғылықты жерлерi бойынша тiркеу, жылжымайтын мүлiк объектілерiн, автокөлiктердi, халықтың көшi-қон жөнiндегi деректерiн және басқаларды тiркеудi iске асыратын ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен өзара iс-әрекеттi қамтамасыз ететiн бiрыңғай ақпараттық жүйе құрылған.
Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру бөлiгiнде белгiлi бiр проблемалар да бар, олар:
ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық базаның жетiлмегендiгi;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi қалыптастыру жөнiндегi функциялар мен жауапкершiлiктi бөлудi регламенттеудiң болмауы;
көптеген мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру қызметтерiнiң болмауы және ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілік деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты кедергілердің бiрi - ақпараттық теңсiздiк деп аталатын кедергiнi жою өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстанда "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының заңдарынан, басқа да заңға тәуелдi актiлер мен жүйеқұраушы ақпарат жүйелерiнен, атап айтқанда:
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Атаулы тiркелiм", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" дерек қорларынан;
электрондық құжаттар айналымының ақпараттық жүйелерiнен, электрондық мұрағаттардан;
Үкiметтiң вeб-порталынан;
е-үкiметтiң элементтері (ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйе, салық төлеушiлер мен салық салынатын объектілер тiзiлімi, кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе, Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың ақпараттық жүйесi және басқалар) бар ведомстволық ақпараттық жүйелерден тұратын, нормативтік құқықтық базаны қамтитын е-үкiмет құру үшiн база қалыптастырылды.
Iске асырылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында тиiстi қаржыландыру көлемiмен 2005 жылы көзделген iс-шаралар олардың негiзгi мақсаты е-үкiметтiң негiзiн құрайтын инфрақұрылымның құрамдас бөлiктерiн құру болып табылатындықтан, осы Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;
мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
e-үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;
е-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
2) мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту;
3) е-үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4) e-үкiметтiң порталы мен шлюзiн, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл yшiн "төлем шлюзiн" ұлттық бiрегейлендiру жүйесiн, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын қамтитын e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;
5) ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту;
7) халықаралық стандарттар базасында e-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
5.1. Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетілдіpу
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi дамыту қоғамның ақпараттық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, e-қызмет көрсетулердi тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құзыретiн белгiлеу, сондай-ақ е-үкiметтің жұмыс iстеу жағдайларында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру бөлiгiнде ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталатын болады.
Нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру жөніндегі іс-шараларды iске асыру жүйелілiк, объективтiлiк және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкес принциптерi бойынша жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызметтер көрсетуi үшiн құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы әртүрлi аспектiлердi реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына талдау жасау жүзеге асырылатын болады және е-үкiметтiң жұмыс iстеу тәртiбi мен жағдайларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер кешенi әзiрленедi.
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында е-қызмет көрсетулерді қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсетулер мен әкiмшiлiк процестердi жүзеге асыру регламенттерiне талдау жүргiзiлетiн болады, соның негiзiнде тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.
Базалық құрамдас бөлiктер мен ведомстволық ақпараттық жүйелердi құрған кезде бiрыңғай көзқарасты жүзеге асыру және олардың үйлесiмдiлігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң деректерi мен сервистерiн ықпалдастыру бiрыңғай тетiгiн қамтамасыз ететiн ұлттық технологиялық стандарттар әзiрлеудi және/немесе халықаралық технологиялық стандарттар қабылдауды көздейтiн e-үкiмет инфрақұрылымының бiрыңғай әдiснамалық базасы әзiрленетiн болады.
5.2. Е-үкiметтiң қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және
АКТ саласында бiлiм деңгейiн көтеру жөнiнде
жұмыстар ұйымдастыру
АКТ-ны пайдалануда халықтың түрлi әлеуметтiк топтары мүмкiндiктерiнiң тең болмауы e-үкiметтiң бастамаларын iске асырудағы негiзгi кедергілердiң бiрi болып табылады. Ақпараттық теңсiздiктiң жоғары дәрежелi басымдығы бар әлеуметтiк проблема екенiн мойындау және оны рет-ретiмен жою стратегиясын әзiрлеу қажет.
АКТ саласындағы кәсiби бiлiмдi жетiлдiру жолымен "адами капиталға", әсiресе өскелең ұрпаққа инвестиция салу әлеуметтік-экономикалық проблемаларды еңсерудiң басты бағыты болып табылады.
АКТ саласында бiлiмдi көтеру мен компьютерлiк сауаттылықтың бiрыңғай саясаты iске асырылатын болады, ол мынадай iс-шаралар орындауды көздейдi:
ақпараттық қоғамның қажеттiктерiне байланысты жаңа мамандықтар енгiзу мақсатында жоғары және орта арнаулы бiлiм беру деңгейлерiнде оқу бағдарламаларын қайта қарау;
бiлiм берудiң барлық деңгейлерiндегi оқыту бағдарламаларының тiзбесiне "электрондық үкiмет" шеңберiнде оқыту курстарын енгiзу;
ұлттық оқу бағдарламаларына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептерге арналған электрондық көмекшi оқу құралдары кешенiн және АКТ бойынша оқыту бағдарламаларын әзiрлеу;
бiлiм беру саласын ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту жүйесiн дамытудың нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк құжаттарының жобаларын әзiрлеу;
e-үкiметтiң порталы арқылы мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл негiздерiн қашықтықтан оқыту орталығын құру.
E-үкiметтi қалыптастыру мен қолдауды ғылыми-әдiстемелiк, ақпараттық-талдау және кадрмен қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметшiлердiң компьютерлiк бiлiктiлiгiн арттыру семинарлары мен курстарын өткiзу мақсатында e-үкiметтiң құзырет орталығы құрылады.
Ақпараттық теңсiздiктi еңсеру мақсатында мынадай iс-шараларды iске асыру жоспарланады:
консультациялық орталықтарды, компьютерлiк курстарды қоса алғанда, компьютерлiк сауаттылыққа оқытып-үйрететiн жалпыға қолжетiмдi пункттер құру;
жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң Интернетке сенiмдi әрi арзан қолжетімділiгiн қамтамасыз ету.
E-қызмет көрсетулерге қоғамдық қолжетiмдiлiк желiсiн дамыту қоғамдық сектордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, атап айтқанда почта байланысы инфрақұрылымын тиiмдi пайдалану есебiнен қамтамасыз етілетiн болады. Пайдаланушылар санатына қарай e-қызмет көрсетулерге ақылы, тегiн және жеңiлдiктi негiздегi қоғамдық қолжетiмдi пункттер желiсi құрылады, бұл халықтың неғұрлым қалың жiгiн АКТ-ны пайдалануға тартуға мүмкiндiк бередi. Қоғамдық қолжетімділiк пункттерiн құру бiрiншi кезекте "Қазпочта" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ құрылымдарын, сондай-ақ мектептердi, кітапханаларды, ойын-сауық орталықтарын, Интернет-кафе желiсiн қамтиды.
Компьютерлiк техника өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайтуды және компьютерлiк техника мен лизинг, Интернетке қолжетiмдiлiк және провайдерлердiң қызмет көрсету тарифтерi құнын төмендетудi қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығымен құрылған "Ақпараттық технологиялар паркi" еркiн экономикалық аймағының базасында арзан компьютерлiк техникалар шығаруды ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Интернетке қолжетімдiлiктi қамтамасыз етудiң тағы бiр бағыты аудан орталығы деңгейiне дейiн цифрлық көлiктiк орта құру, сондай-ақ ауылдық байланысты қаржыландыру тетiгiн iске асыру болып табылады. Ауыл халқы үшiн телекоммуникациялардың сапалы қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiкке кепiлдiк беретiн мемлекеттiк реттеу жүйесi iске асырылып, Үкiметтiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде телекоммуникациялар саласын тұрақты дамыту үшiн негiз қаланатын болады.
Ақпараттық теңсiздiктi еңсеру де мектептердi компьютерлiк жарақтандыруды арттыру үшiн жағдайлар жасау, Интернетке қосылған мектептер санын ұлғайту, электрондық оқу құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептердi қашықтықтан оқытудың спутниктiк арнасына қосу жолымен бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiру есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл ретте мемлекеттiк органдардың компьютерлiк техникасын оларды ауыстырған кезде мектептерге беру тәжiрибесiн енгізу көзделедi.
Аталған iс-шаралар Үкiметтiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде бiрлесiп жүзеге асырылатын болады.
Ақпараттық теңсiздiкті жою жөнiндегi орындалған iс-шаралар мониторингiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды дамыту индикаторларының әзiрленген жүйесi негiзiнде iрiктелiп алынған әлеуметтiк сауал салу тұрақты ұйымдастырылатын болады.
Халықаралық бағдарламалар шеңберiнде ақпараттық технологияларды пайдалану саласында тәжiрибе тарату жөнiнде ынтымақтастық жандандырылатын болады.
5.3. Мемлекеттiк органдардың е-қызмет көрсетулерiн
қалыптастыру және дамыту
Е-үкiметтің талаптары ескеріле отырып, мемлекеттiк органдардың қызметiн ақпараттандыру ведомствоiшiлiк мұқтаждарға бағдарланудан азаматтардың және ұйымдардың мұқтаждары мен мiндеттерiне бағдарлануға көшудi жоспарлайды. Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру және сату ведомстволық ақпараттық жүйелердi құру мен дамыту шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулер жүйесiн қалыптастыру мемлекеттік қызмет көрсетулер мен әкiмшiлiк процестердi жүзеге асыру регламенттерiне функционалдық талдау жүргізу негiзiнде жүзеге асырылады. Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттік басқару жүйесi мен әкiмшiлiк рәсiмдерiн iске асыруды жаңғырту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жоспарлануда.
Осы бағыттағы iс-шараларды жүзеге асыру шеңберiнде e-қызмет көрсетулердi сату және e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiмен өзара iс-қимыл бөлiгiнде мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiне қойылатын талаптар айқындалатын болады.
Бағдарламаны iске асырудың бастапқы кезеңiнде мемлекеттiк e-қызмет көрсетулерді әзiрлеу, қабылдап алу, сүйемелдеу және дамыту регламентi, сондай-ақ оларды құжаттандырудың стандартты нысаны анықталатын болады.
Мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулердi ұсынуы қолда бар ведомстволық ақпараттық жүйелерге өзгерiстер енгізудi не ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылының стандарттарын ескере отырып, е-үкiметті порталмен бiрiктiру үшiн жаңа ақпараттық жүйелер әзiрлеудi қарастырады.
Бағдарлама шеңберiнде ведомстволық ақпараттық жүйелер базасында қызмет көрсетулердің 85 түрiн (70 ақпараттық және 15 интерактивтiк) қамтитын е-қызмет көрсетулер жүзеге асырылатын болады. Транзакциялық қызмет көрсетулердi iске асыру банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзiн" құрудан кейiн жүзеге асырылады.
Азаматтар тыныс-тiршілiгінiң және ұйымдар жұмысының негiзгi салаларына сәйкес осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес e-қызмет көрсетулердiң базалық тiзбесi қалыптастырылды.
5.4. Е-үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру
E-үкiмет инфрақұрылымының жұмыс iстеуi оның базалық құрамдас бөлiктерiн құруға негiзделетін болады, оларға e-үкiметтiң порталы мен шлюзi, "төлемдік шлюз", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктік ортасы жатады.
Е-үкiметтiң бiрыңғай сәулетiн құру мақсатында e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiгін қалыптастыру бойынша техникалық тапсырма әзiрленетiн болады.
Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң техникалық құралдары мен ведомстволық ақпараттық жүйелердiң резервтiк орталықтарын орналастыру үшін серверлiк орталық ғимаратын салу аяқталады және оны технологиялық жарақтандыру жүзеге асырылатын болады.
5.4.1. Е-үкiметтiң порталы мен шлюзiн қалыптастыру
E-үкiметтiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мемлекеттiк органдар ақпараттық жүйелерiнiң e-үкiмет порталы және шлюзiмен өзара iс-қимыл ықпалдасуын талап етедi. Бұл ретте, ықпалдастырудың негiзгi байланыстырушы элементi деректер алмасу кезiнде хабарламалардың әмбебап коммуникативтiк форматы болып табылады.
Аталған өзара iс-қимыл шеңберiндегi портал e-қызмет көрсетулерiнiң жеткiзушілерi мен тұтынушылары арасында ақпарат алмасудың зияткерлiк байланыстырушы бөлiгi болып табылады.
Порталдың интерфейстiк бөлiгiн құру "бiр терезе" принципiне негiзделетiн болады, ол e-қызмет көрсетулердi ұсынатын бiрыңғай интерфейстi, ыңғайлы навигацияны және барлық қолжетiмдi ақпараттық pecуpcтap бойынша iздеу тетiктерiн қамтамасыз етедi.
Электрондық құжаттар түрiнде e-үкiмет жүйелерiнде айналымда болатын хабарламаларды бiрегейлендiрудi қамтамасыз ету мақсатында хабарламаларды ресiмдеу мен өңдеудiң бiрыңғай ережелерi әзiрленетiн болады.
Осы хабарламалардың тұтастығы мен сақталуы оларды орталықтандырылған мұрағаттандыру, сондай-ақ резервтiк жабдықтарды пайдалану есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
Мемлекеттiк органдардың жаңа әзiрленiп жатқан және қолданыстағы интеграцияланатын ақпараттық жүйелерiнiң коммуникативтiк форматтағы хабарламалармен алмасудың стандартты тетiктерi пайдаланылып құрылған ықпалдардың интерфейстерi болуы керек немесе солармен толықтырылуға тиiс.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерiнiң ықпалдасуы мен өзара iс-қимыл қамтамасыз ететін "үкiметтік шлюз" ақпараттық-технологиялық жүйесiн iске асыру жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн дамыту шеңберiнде Қазақстан Республикасындағы e-қызмет көрсетулердiң бiрыңғай тiзілiмi жасалады, сондай-ақ тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етудiң қажетті пысықтамалары жүргізiлетiн болады. Жалпымемлекеттiк жiктеуiштер мен анықтамалықтарды жүргiзу жүйесi құрылып, одан әрi дамытылатын болады.
Мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерiнiң дайын болуына қарай оларды e-үкiметтiң порталы арқылы жүйелi түрде iске қосу жүзеге асырылады.
5.4.2. Банк жүйесiмен өзара іс-қимыл үшiн
"төлем шлюзiн" қалыптастыру
E-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың түрлi банктiк төлем жүйелерiне бiрегейлендiрiлген қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында төлеушiге банктi таңдау және деректер берудiң ашық желiсi арқылы қорғанған электрондық төлемдердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн беретiн "төлем шлюзi" iске асырылатын болады. Өзара iс-қимылдың мұндай тете заңды тұлғалар үшiн де, жеке тұлғалар үшiн де банк жүйесiнде e-банкингтi жеделдетiп дамытуды талап етедi.
E-банкинг тетiгі арқылы электрондық төлемдердi жүзеге асыру үшiн e-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын, неғұрлым тиiмдi төлем аспабы микропроцессорлық технология негiзiндегi төлем карточкасы болып табылады. Микропроцессорлық карточкалар технологиясы екiншi деңгейдегi банктерде карт-шоттарға салынған сомалар шегiнде төлем транзакцияларын ашық желiлер арқылы жүргiзудiң жеткiлiктi деңгейде сенiмдi әрi қауiпсiз болуын қамтамасыз етедi.
Деректердi берудiң ашық желiлерiнен қорғалған банктiк желiлерге түсетiн төлемдердi авторландыруға сұраныстар берудi жүзеге асыратын "төлем шлюзi" (маршрутизатор) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң "Ұлттық процессингілiк орталығы" АҚ техникалық базасында iске асырылып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс iстейтiн болады. Екiншi деңгейдегi банктердегi өзара iс-қимыл ерiктi негiзде жүзеге асырылатын болады.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып Интернет арқылы мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерi бойынша электрондық төлемдердi жүзеге асыру мiндетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi N 713 қаулысымен бекiтiлген Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы шеңберiнде iске асыру орынды.
5.4.3. Ұлттық сәйкестендiру жүйесiн қалыптастыру
E-қызмет көрсетулердi тұтынушыларды сәйкестендiру мен дәлме-дәлдiкке келтiру мiндеттерiн iске асыру е-үкiметтің инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі бағыттарының бiрi болып табылады.
Мемлекеттік органдармен құқықтық қатынастарда азаматтар мен ұйымдарды сәйкестендiрудiң бiрыңғай ережелерiнiң болмауы заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке код және тағы басқалары сияқты сәйкестендiрудiң өзiндiк тетiктерi бар ведомстволық ақпараттық жүйелер құруға әкеп соқты.
Осындай қадамдардың салдарынан заңды тұлғалардың әдiлет, статистика, салық органдарында бiрнеше рет тiркелу фактiлерi және бiрнеше тiркеу құжаттарының болу қажеттiгi орын алды. Субъекттердiң тiркеу мәлiметтерiнiң өзгеруiн қадағалап отыру уақытша фактордың әсерiнен, сондай-ақ әртүрлi тiркеу органдарының арасында тиiмдi ақпараттық өзара iс-қимылдың болмауынан күрделене түседi.
Аталған проблемаларды шешу үшiн жеке тұлғаларға сәйкестендiру нөмiрiн, заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерге бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн жинақтау және беру негiзгі функциялары болып табылатын "Жеке тұлғалар" және "Заңды тұлғалар" деген мемлекеттiк дерекқор құру жөніндегі бұған дейiн басталған iс-шаралар аяқталатын болады.
Қазақстан Республикасының мекен-жай кеңiстiгiн бiрегейлендiру және мекен-жайларды машиналық өңдеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында әрбiр мекен-жайға сәйкестендiру нөмiрi берiле отырып, бiрыңғай "Мекен-жай тiркелiмi" құрылатын болады.
Аталған жүйелердi iске асыру субъектiлердi тiркеу рәсiмдерiн, көрсетiлетiн e-қызмет көрсетулердiң атаулылығын, ақпараттық жүйелердi құру мен дамыту, бiрыңғай сәйкестендiру нөмiрлерiн қолдану негiзiнде ведомстволық ақпараттық жүйелер арасындағы өзара iс-қимылды жетiлдіру жөнiнде iс-шаралар үйлестірудi жеңiлдету мақсатында жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалардың сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрлерi мен атаулы ақпаратты қолдану саласында нормативтiк құқықтық базаға тиiсті өзгерiстер енгiзiлетiн болады.
E-қызмет көрсетулердi тұтынушыларды дәлме-дәлдiкке келтiру тетiгiн құру ақпарат алмасу кезiнде сенiмдi қарым-қатынастар тiзбегiнiң көмегiмен электрондық цифрлық қол қою тетігiн пайдалануға мүмкiндiк беретiн ашық кілттер инфрақұрылымын енгiзу есебiнен қамтамасыз етілетiн болады.
Ашық кiлттер инфрақұрылымы пайдаланушылардың жеке жабық кілттерiн олардың ашық кiлттерiмен байланыстыратын тiркеу куәлiктерiн қолдануға негiзделедi. Ашық кiлттер инфрақұрылымын енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының электрондық цифрлық қолдарын арнаулы куәландыратын орталық құру жоспарланып отыр. Сәйкестендiру деректерiн және электрондық цифрлық қол қоюдың кiлттерiн жинақтау, сақтау және қолдану үшiн сенiмдi құрал ретiнде смарт-технологияларды пайдалану жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының электрондық цифрлық қолдарын куәландыратын орталық сертификаттау орталығының функцияларын жүзеге асыратын болады. Кiлттердi тiркеу және беру үшiн тiркеу орталықтары да құрылады.
Ұлттық сәйкестендiру жүйесiн құру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерi мен ресурстарына рұқсат бойынша енудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
5.4.4. Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай
көлiктiк ортасын қалыптастыру
Қазiргі уақытта мемлекеттiк органдар тек қана өз мұқтаждарын бағдарға ала отырып, бiр-бiрiне тәуелсiз және оқшауланған ақпараттық-коммуникациялық жүйелерiн құруда. Бұл ретте, едәуiр қаржылық және материалдық қаражат шығындалады, бiрыңғай қауiпсiздiк саясаты жоқ, ведомствоаралық, деңгейаралық және аймақаралық өзара iс-қимыл ұйымдастыру проблемалары туындайды. Ведомстволық ақпараттық-коммуникациялық жүйелер бұқаралық байланыс желiлерiнен оқшауланып, жекеше сектор кәсiпорындарымен, қоғамдық ұйымдармен және халықпен тiкелей қорғалған ақпараттық өзара iс-қимылды көздемейдi.
Қазiргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жоғарыда аталған проблеманы шешу үшiн e-үкiмет инфрақұрылымының рұқсат етiлмеген енуден жоғары дәрежеде қорғауды, трафиктің барлық түрлерiн берудi және телекоммуникациялық қызмет көрсетулердiң ауқымды спектрiн бөлiп берудi қамтамасыз ететiн қажеттi құрамдас бөлiгi ретiнде мемлекеттiк органдардың бiрыңғай мультисервистiк көлiктiк ортасы құрылатын болады.
Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасының құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң регламентiн айқындау тиiстi нормативтiк құқықтық базаның әзiрленуiн талап етедi.
Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын құру тиiмдi әрi жоғары рентабельдi инфрақұрылым ретiнде:
ақпаратты қорғаудың бiрыңғай саясатын жүргізудi;
мемлекеттік органдардың қолда бар ведомстволық ақпараттық жүйелерiн бiрiктiрудi;
мемлекеттiк органдардың қолда бар ведомстволық телекоммуникациялық жүйелерiнiң ықпалдасуын;
ақпарат бeру жөнiндегi сервистің кепiлдi сапасын ұсына отырып, мемлекеттiк органдардың қорғалған мүмкiндiктi желiлерiн құруды;
бiрыңғай қоршалған шлюздi пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың Интернет ресурстарына қолжетiмдiлігін қамтамасыз етедi.
5.5. Ведомствоаралық және үлгiлiк ведомстволық
ақпарат жүйелерiн құру және дамыту
Мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн бiрегейлендiру және ықпалдастыру мақсатында ведомствоаралық және үлгiлiк ведомстволық ақпарат жүйелерiнiң жобалары iске асырылатын болады. Мұндай жүйелерге: ведомстволық және ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, құжаттарды мұрағаттық сақтау, әкiмшiлiк-басқару қызметiнiң ақпараттық жүйелерi, салық төлеушiлер мен салық салынатын объектілер тiзiлiмi, үкiметтік Интранет-портал жатады.
Құжаттарды дайындау және оларды жүйеге енгiзу, тiркеу, бөлу мен тарату, редакциялау және түрлендiру, жедел сақтау және мұрағатқа жiберу, iздеу мен қарау, құжаттарды алу және жаңғырту, олардың орындалуын бақылау, қолжетiмдiлiктi шектеу, құжаттардан ақпарат алу және оған талдау жасауды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардағы құжат айналымының технологиялық процестерiн автоматтандыру жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттiк органдар үшiн электрондық цифрлық қол қоятын арнаулы куәландыратын орталықты дамыту жөнiнде, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, Мемлекеттiк органдар арасындағы ведомствоаралық құжат айналымы жүйесiн құру және құжаттарды мұрағатта сақтауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Бағдарлама шеңберiнде мемлекеттiк органдардың әкiмшілiк-басқару қызметiн автоматтандырудың үлгiлiк ауқымды ақпараттық жүйесi әзiрленетiн болады, ол өзiне персоналды басқару, еңбекақы есептеу, қаржылық жоспарлау мен бухгалтерлiк есеп жүргiзу мiндеттерiн ықпалдастырады. Мұндай жүйенi қазiргi заманғы жобалық шешiмдердi қолдана отырып әзiрлеу құбылмалы жағдайларға жедел бейiмделудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi және экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай болады.
Ведомствоаралық және ведомстволық ақпараттық ресурстарда жинақталған ақпаратты тиiмдi басқаруды, шұғыл ден қоюды, әртүрлi ведомстволардағы мемлекеттiк қызметшiлердiң топтасып жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк органдардың регламенттелген қолжетiмділігiн ұйымдастыра отырып, Интернет-технологиялардың негiзiнде құрылған Интранет-порталы iске асырылатын болады.
Ведомстволық ақпараттық жүйелердi дамыту шеңберiнде "Мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған жүйесi" мен "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" жүйелерiн құру және дамыту жөнiндегi iс-шаралар жалғастырылатын болады.
5.6. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық
ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту
Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы да жергілiктi атқарушы органдар деңгейiнде жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерi өңiрдiң тыныс-тiршiлiк мәселелерi, мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша жедел ақпарат беруге, азаматтардың өтiнiштерiн қарау және қадағалау үшiн "мүмкiн қабылдау" функцияларын iске асыруға, электрондық нысандағы құжаттарға қолжетiмділiктi қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолаушы тасымалдау қызметiн лицензиялау, қаланы абаттандыру және тағы басқалары сияқты e-қызметтер көрсетуге тиiс.
Өңiрлерде e-үкiметтiң бiрыңғай сәулетiнiң талаптарына сәйкес келетiн әрi ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген ақпараттандыру жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу қажет.
E-үкiметтiң бiрыңғай аймақтық саясатын жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдардың қаржылық ресурстарын бiрiктiру жолымен бiрқатар үлгiлiк жобалық шешiмдер әзiрлеу орынды.
Бiрыңғай көлiктiк ортаны iске асыру жағдайында азаматтар мен ұйымдардың жергiлiктi атқарушы органдармен өзара электрондық iс-қимылдары e-үкiметтiң бiрыңғай порталы мен шлюзi арқылы жүзеге асырылады. Жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттерi өздерiнiң ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн қалыптастыру және дамыту базасында e-қызмет көрсетулер ұсыну болып табылады.
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн e-қызмет көрсетулер ведомстволық ақпараттық жүйелердiң даму деңгейiне байланысты. Осыған орай, жергілiктi атқарушы органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелермен өзара iс-қимыл жасасу регламентiн әзiрлеу орынды.
Ақпараттандыру және АКТ-ны кеңiнен қолдануға жергiлiктi атқару органдарын ынталандыру жөнiндегі аймақтық бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында e-үкiмет iс-шараларын iске асыру, аймақ тұрғындарының компьютерлiк сауаттылығын арттыру жөнiндегi ең үздiк аймақты анықтауға конкурстар өткiзiлетiн болады.
5.7. Е-үкiметтің ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды қамтамасыз ету
Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулер ұсынуы ақпаратты қорғау үшiн белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол ақпараттың жоғары деңгейде қорғалуын және e-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың сенiмiн қамтамасыз етедi.
Осы мақсатта базалық құрамдас бөлiктерге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiне қойылатын техникалық талаптар ескерiлетiн e-үкiмет инфрақұрылымының ақпараттық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы әзiрленетiн болады. Тұжырымдамада құрылымды жетiлдiру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелер қауiпсiздiгін материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерi көрiнiс табатын болады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпаратты қорғау саласындағы ұлттық стандарттар әзiрленедi және/немесе халықаралық стандарттар қабылданатын болады, оларға сәйкес e-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар айқындалатын болады. E-үкiмет инфрақұрылымының құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру аяқталуына қарай олардың әрқайсысы үшiн қауiпсiздiк саясатын айқындайтын нормативтiк құжат әзiрленедi.
Ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қорғау жөнiндегi үлгiлiк жобалық шешiмдер әзiрленетiн болады, олар e-қызмет көрсетулердi жобалау сатысында ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
"Open source" (бағдарламалық қамтамасыз етудi түрлендiруге және еркiн пайдалануға құқық берушi, компьютерлiк бағдарламаларды лицензиялауды әзiрлеу әдiстемесi) технологиясы базасында қорғалған ұлттық операциялық жүйенi құру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жоспарланып отыр.
E-үкiмет инфрақұрылымының сапалы әрi сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында нормативтiк актiлерге, тұжырымдама талаптарына және ақпараттық қауiпсiздiк саясатына сәйкестiгiн сертификаттау жүйесi құрылатын болады. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған техникалық тапсырмаларды келiсудiң бiрыңғай тәртiбi айқындалатын болады.
Интернеттiң қазақстандық сегментiнiң домен кеңiстiк мемлекеттiк реттеу домендердi бөлудiң бiрыңғай тәртiбiн белгілеу және kz доменiн басқару орталығын құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.
5.8. Бағдарламаны орындауда қоғамдық
қолдауды қамтамасыз ету
E-үкiметтiң бастамаларын iске асыруға қоғамдық мүдденi қалыптастыру мақсатында Бағдарлама бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте кең жарнамалық-насихаттық қолдауға ие болуға тиiс.
Осы бағыт шеңберiнде iске асырылатын негiзгi мiндеттерге мыналар жатады:
мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн дамыту мен қолдау үшiн ынталандыруға жағдай жасау;
e-қызмет көрсетулердi пайдалануға азаматтар мен ұйымдардың тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
Бағдарламаға қоғамның назарын аудару, оны iске асыруда мемлекеттiк органдар тарапынан қолдау көрсетiлуiн жүзеге асыру АКТ бойынша көрмелер өткiзу мен оларға қатысуды қоса, мемлекеттiк органдар, бизнес және ғылым өкiлдерiнiң көпшiлiк алдында сөз сөйлеуiн ұйымдастыруды, талдама шолуларды жариялауды, сондай-ақ жарнама материалдарын таратуды қоса алғанда, кеңiнен ақпараттық сүйемелдеу есебiнен қамтамасыз етілетiн болады.
Бағдарламаны iске асыру мәселелерi бойынша жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциялар, iске асырылатын iс-шаралардың алға қойылған мiндеттерге сәйкестігіне салалар бойынша түрлi конкурстар өткiзу жоспарланып отыр.
Бағдарламаны iске асыру барысын жариялап отыратын сайт құрылады және оған тұрақты қолдау көрсетiледi.
Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiн, сондай-ақ жаңа е-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың бейiмделу дәрежесiн талдау Бағдарлама шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шаралар мониторингi арқылы жүзеге асырылатын болады.
5.9. Бағдарламаны iске асыру тетiгі
Бағдарламаны орындау iс-шаралар жоспарын және салалық, өңiрлiк ақпараттандыру бағдарламаларын iске асыру жолымен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Yкiметінiң тиiстi қаулысымен құрылған ведомствоаралық комиссия жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаны бақылау мен iске асыруды ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілеттi орган, ал салалық және өңiрлiк ақпараттандыру бағдарламаларын бақылау мен iске асыруды тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаның iс-шараларын орындау кезiнде бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға e-үкiмет инфрақұрылымының жүйелiк ықпалдастырушысының функциялары, сондай-ақ ведомствоаралық ақпараттық жүйелер, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы жобаларын басқару және техникалық сүйемелдеу функциялары жүктелетiн болады.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлетті органның жанында ұйымдастыру мен әдiстемелiк мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық қызметтерi басшыларының кеңесi ұйымдастырылатын болады.
Жеке ақпараттандыру қызметтерi жоқ мемлекеттiк органдарда АКТ-ны енгізу процестерiнiң сапалы түрде жоспарлануын қамтамасыз ету үшiн ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператордың өкiлдерiнен тұратын тиiсті бөлiмшелер құрылатын болады. Бұл бөлiмшелердiң негiзгi мiндетi мемлекеттік органды ақпараттандыру кезiнде бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзу, ал қажет болған жағдайда қолданыстағы жүйелердi әкiмшілендiру және жүйелiк-техникалық қызмет көрсету болып табылады.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты, сондай-ақ бюджеттен тыс көздер есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Жоспарланып отырған iс-шаралар бойынша сараптамалық бағалардың және мемлекеттiк секторда iске асырылатын ақпараттық жүйелер бойынша есептердiң негiзiнде қаржы ресурстарының жалпы көлемi:
республикалық бюджет қаражатынан - 51,9 млрд. теңгенi құрайды (31,9 млрд. теңге сомасындағы мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын құруға арналған шығындарды қоса алғанда), оның iшiнде 2005 жылға - 4,5 млрд. теңге, 2006 жылға - 25,3 млрд. теңге, 2007 жылға - 22,1 млрд. теңге;
жергiлiктi бюджет қаражатынан - жылына 150 млн. теңге;
сондай-ақ жекеше инвестициялар, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының гранттары.
Бұдан басқа, 2005 жылы Астана қаласының аймағында бiрыңғай көлiктiк ортаны құру бойынша пилоттық жобаны iске асыруға 1,060 млрд. теңге соммасында қосымша қаржыландыру көзделедi.
Iс-шаралар бойынша бөлігінде қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген осы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында көрсетiлетiн болады.
Тиiстi бюджеттен қаржыландыру көлемiн өзгерту бөлiгiнде Бағдарламаға түзетулер енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
және оның индикаторлары
Бағдарлама іс-шараларын орындау шеңберiнде азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжеткiзiлiмiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру көзделіп отыр.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк рәсiмдерiн оңтайландыру үшiн жағдайлар жасалатын болады және мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерi мен мемлекеттiк ресурстарын ықпалдастыру жүзеге асырылады;
мемлекеттiк органдардың бiрыңғай қорғалған мультисервистiк көлiктiк ортасы ұйымдастырылатын болады. Жоба iске асырылғаннан кейiнгі 8 жылдың iшiнде бюджеттiк қаражатты үнемдеу есебiнен инвестицияларды қайтару болжанады;
мемлекеттiк органдарды ақпараттандыруға арналған шығыстар оңтайландырылатын болады;
2005 жыл iшiнде мемлекеттік органдар ұсынатын қызмет көрсетулердің 15 %-ы электрондық нысанда iске асырылатын болады;
мемлекеттiк қызмет көрсетулер уақыты қысқартылады;
2006 жылы мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн енгізу аяқталады;
2007 жылдың соңына қарай:
"электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас бөлiктерi құрылатын болады, оларға е-үкiметтiң порталы мен шлюзі, "төлем шлюзi", ұлттық сәйкестендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көліктік ортасы, жүйеқұраушы деректер базасы жатады;
ұлттық сәйкестендiру жүйесiнiң шеңберiнде азаматтың жекебас куәлiгiнiң нөмiрiн, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн, азаматтың әлеуметтiк жеке кодын және басқаларын бiрiктiретiн сәйкестендiру нөмiрлерi жүйесін жүргiзуге көшу жүзеге асырылатын болады;
мемлекеттiк органдардың электрондық қызмет көрсетулерiне неғұрлым кең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында кемiнде 50 қоғамдық қолжетiмдi пункт құрылатын болады;
кемiнде 25 интерактивтi қызмет көрсетулер ұсынылып, сондай-ақ транзакциялық қызмет көрсетулердi iске асыру үшін жағдайлар жасалатын болады, мемлекеттiк органдардың электрондық қызмет көрсетулерiн пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың үлесi 2-3 eceгe ұлғайтылады;
ұлттық сәйкестендiру жүйесi құрылатын болады, Қазақстан Республикасының экономикалық белсендi халқының 15-18%-ы смарт-технологиялар негiзiнде жаңа үлгiдегі жеке куәлiктер алады;
мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерi мен ресурстарын тиiмдi қорғау қамтамасыз етiлетiн болады;
салық төлеушiлер мен фискалды органдардың өзара iс-қимылы рәсімдерін жеңiлдету есебiнен салықтар мен бюджетке төленетін өзге де мiндеттi төлемдер жинауды ұлғайту жоспарланып отыр;
пайдаланушылардың компьютерлiк білімдiлiк деңгейiн 2004 жылмен салыстырғанда Қазақстанның кәмелетке толған жұртшылығы санының 26,5 %-ына көтеру жоспарланып отыр;
iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасымен бiрге қоғамдық қолжетiмдi пункттер үшiн арнайы тарифтер белгiленiп, оны одан әрi 2 есеге төмендету үшiн жағдайлар жасау жоспарлануда;
тұрғыны 50 адамнан асатын 7523 ауылдық елдi мекеннiң барлығына телефон орнатып, телефонның жиiлігін 100 тұрғынға шаққанда 9 телефонға дейiн жеткiзу жоспарлануда;
2007 жылдың аяғына қарай Интернетке қосылған мектептер санын 100 %-ға жеткiзу жоспарланып отыр;
АКТ саласындағы бiлiм деңгейiн көтеру шеңберiнде мектептердегi 1 компьютерге шаққанда оқушылар санын 54-тен 36-ға дейiн төмендету, қашықтан оқыту спутниктiк арнасына қосылған мектептер санын 8,7%-дан 20,8%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471
Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
"электрондық үкімет"
қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына
ҚОСЫМША
Азаматтардың тыныс-тiршiлiгi мен ұйымдардың жұмыс
iстеуiнiң негiзгi салаларына сәйкес е-үкiметтiң
базалық қызмет көрсетулерiнің
ТIЗБЕСI
1. Салықтық және кедендiк мiндеттемелер
1. Уәкілеттi органдардың деректерi негiзiнде салық салу объектiлерi және салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпарат ұсыну (Салық төлеушiлер мен салық салу объектiлерiнiң тiзiлiмi).
2. Салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлер, қосылған құн салығын төлеушiлер туралы ақпарат ұсыну.
3. Қосылған құн салығын төлеушiлердi тiркеу, салық төлеушiнiң дербес тiркеу деректерiн өзгерту.
4. Электрондық салық есептерiн қабылдау мен өңдеу, электрондық салық есептерiн салық төлеушiнiң терминалы арқылы салық органдарының офистерiнен жөнелту жөнiнде қызмет көрсетулер ұсыну.
5. Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы ақпарат ұсыну.
6. Қазақстан Республикасының салық заңнамаларын түсiндiру, электрондық "қызу желілердi" өткiзу.
7. Қазақстан Республикасының Салық кодексiне өзгерiстер енгiзудi жұртшылықтың қашықтықтан талқылауы.
8. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң және салық төлеушiлердiң кемалымдарының жай-күйi туралы ақпарат ұсыну.
9. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес құжаттардың және есеп берудiң электрондық нысандарын қабылдау.
10. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес беру мен ақпараттық қолдау көрсетудi қамтамасыз ету.
11. Азаматтар мен ұйымдар кедендiк операциялар жасаған кезде мәлiметтер ұсыну көзделедi.
2. Кәсiпкерлiк және бизнес
12. Заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу, тарату) жөнiнде ақпараттар ұcыну.
13. Электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру.
14. Жылжымалы және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу және ресiмдеу туралы ақпарат.
15. Мүлiктi бағалауға лицензиаттардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен мәліметтер ұсыну.
16. Тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығындағы баға туралы ақпараттар ұсыну.
17. Инвестициялық (инновациялық) жобалар ("мүмкiндiктi технопарк") туралы ақпараттар ұсыну.
18. Кәсiпкерлiк және бизнес мәселелерi бойынша азаматтар мен ұйымдардың арыздарын қабылдау.
3. Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту
19. Жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жұмыс берушiлердiң тапсырысы бойынша мамандар iздестiру.
20. Жинақтаушы зейнетақы қорларымен байланысты өтiнiштер мен құжаттарды, шарттарды ресiмдеу.
21. Салымшылар қаражатының түсуi мен қозғалысы туралы ақпарат беру, зейнетақы жинақтарын беру жөніндегі өтiнiштердi ресiмдеу.
22. Зейнетақымен қамсыздандыру және жұмыспен қамту мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.
23. Шетелдiк жұмыс күшiн тартудың ережелерi туралы ақпарат бepу, шетелдiк жұмыс күшiн тартумен және Қазақстан Республикасынан жұмыс күшiн әкетумен байланысты лицензиялар ұсыну.
4. Бiлiм, ғылым және денсаулық сақтау
24. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы мен медициналық ұйымдар қызметiнiң негiзгі көрсеткiштерi бойынша ақпарат ұсыну.
25. Тiркелген дәрiлiк заттар, дезинфекция және дератизация құралдары бойынша, Қазақстан Республикасына әкелуге және қолдануға тыйым салынатын заттар мен өнiмдер бойынша ақпарат ұсыну.
26. Бiлiм, ғылым және денсаулық сақтау салаларында қызмет көрсетулерге лицензиясы бар ұйымдар бойынша ақпарат ұсыну.
27. Медициналық көмек көрсетудiң барлық деңгейiнде ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну.
28. Жоғарғы оқу орындарының, ғылыми және медициналық ұйымдардың сапалық және сандық құрамы бойынша ақпарат ұсыну.
29. Бiлiм және ғылым ұйымдары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi бойынша ақпарат ұсыну.
30. Бiлiм беру және медициналық қызмет көрсетулер мәселелерi бойынша азаматтардың өтінiштерiн қабылдау көзделедi.
5. Заңдылық және құқық тәртiбi
31. Мемлекеттiк тiзiлiмге және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң үлгілi бақылау банкiсiне қолжетiмдiлiктi ұсыну.
32. Қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну.
33. Құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi бойынша азаматтардың арыздарын қабылдау.
34. Құқық тәртiбiн қамтамасыз ету органдарына қызметке кiру туралы ақпарат ұсыну.
35. Құқық тәртiбi органдарының оқу орындарына түсу үшiн өтінiмдер қабылдау мен тiркеу және қажеттi мәлiметтер жинау.
6. Экономика және сауда
36. Мемлекеттiк бюджеттi қалыптастырудың мәселесi бойынша, әлеуметтік-экономикалық және фискалды саясатты iске асыру, Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен болжамдары туралы ақпарат ұсыну.
37. Елдiң көлiк-коммуникация кешенi: автомобиль жолдары, азаматтық авиация, аэроғарыш кешендерi туралы ақпарат ұсыну.
38. Ауыл шаруашылығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай жөнінде, сондай-ақ өсiмдiктердi қорғау және карантин саласы бойынша ақпарат ұсыну.
39. Өнертабыстарды және инновациялық жобаларды енгiзудi қаржыландыру жөнiндегi құжаттар қабылдау.
40. Жер қойнауын пайдалануға лицензия алу үшiн құжаттар қабылдау.
41. Жер қойнауын пайдаланудың барлық объектілерi, оның iшiнде жер қойнауын пайдалану құқықтарын алу үшiн конкурсқа шығарылатындары туралы ақпарат ұсыну.
42. Жер қойнауын пайдалану құқықтарын алу үшiн конкурстар мен келiсiм-шарттар туралы ақпарат ұсыну.
43. Коммуналдық қызмет көрсетулер тарифтерiн қалыптастыру мен бекiтудiң тәртiбi туралы ақпарат ұсыну.
44. Қазақстан Республикасының әртүрлi өңiрлерiнде қолданылып отырған коммуналдық тарифтер туралы мәлiметтер ұсыну.
45. Коммуналдық қызмет көрсететiн жеткiзушi мекемелердiң осындай қызмет көрсету үшiн көпшiлiк шарттарын жасасуы жөнiнде заң кеңестерiн ұсыну.
46. Электр және жылу энергиясын өндiруге, беруге және сатуға, сумен жабдықтаумен, кәрiзбен, телефон байланысы қызметiн көрсетумен қамтамасыз етуге мемлекеттiк лицензиялары бар ұйымдар бойынша ақпарат ұсыну.
47. Экономика, сауда және коммуналдық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.
48. Жердi санаты мен алқаптары, сандық, сапалық ерекшелiктерi бойынша бөлу туралы ақпарат ұсыну.
49. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасы бойынша ақпарат ұсыну.
50. Кедендiк құжаттарды қалыптастыру және қабылдау.
7. Қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және
төтенше жағдайлардағы басқару
51. Елдi мекендердiң және меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық объектiлерiнiң өрттен қорғалуын күшейту жөнiнде ұсынымдар ұсыну.
52. Мемлекеттiк өрт қадағалау ұйғарымдары туралы ақпарат ұсыну.
53. Объектiлерде өртке қарсы қызметтi ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгiзу және осы мәселелердi шешуге қатысу.
54. Өртке қарсы жабдықтарды монтаждаумен, баптаумен және техникалық қызмет көрсетулермен байланысты қызметтi лицензиялау жөнiнде ақпарат ұсыну.
55. Қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.
56. Мерзiмдi әскери қызметке, келiсiм-шарт бойынша қызметке шақырудың тәртiбi жөнiнде, сондай-ақ жергiлiктi әскери басқару органдары бойынша ақпарат ұсыну.
57. Қазақстан Республикасының әскери-оқу орындары, оқыту ережелерi, оқуға түсудiң тәртiбi мен шарттары бойынша ақпарат ұсыну.
8. Қоршаған ортаны қорғау
58. Қоршаған ортаның жай-күйi мен ластануы, жекелеген объектiлердегi экологиялық жағдай, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерi туралы ақпарат ұсыну.
59. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық құжаттарды iске асырудың барысы туралы ақпарат ұсыну.
60. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылар және оларға қатысты қолданылған шаралар туралы ақпарат ұсыну.
61. Табиғат қорғау iс-шараларына инвестициялар салу және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер жасау туралы ақпарат ұсыну.
62. Табиғи ресурстардың кадастрлары деректерiне қолжетімділiктi ұсыну.
63. Ауа райы болжамы туралы ақпарат ұсыну.
64. Табиғат қорғау iс-шараларына инвестициялар салу, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер жасау және Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу туралы ақпарат ұсыну.
65. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.
9. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстік
66. Спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалар тізiмiне және республикалық спорттық iс-шаралар күнтiзбесiне қолжетiмдiлiктi ұсыну.
67. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызмет көрсетулер жөнiндегi қызметті лицензиялау туралы ақпаратты, сондай-ақ қызмет көрсетулерге арналған лицензиясы бар ұйымдар туралы мәлiметтер ұсыну.
68. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы ақпарат ұсыну.
69. Қазақстан Республикасы спортшыларының халықаралық және республикалық жарыстарға қатысуы туралы ақпарат ұсыну.
70. Қазақстан Республикасының халықаралық туристiк көрмелерге қатысуы және туристік iс-шаралар өткiзу туралы ақпарат ұсыну.
71. Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер ұйымдары туралы ақпарат ұсыну.
72. "Қазақстанның кино анықтамалығы" каталогының деректерiне қолжетімділікті ұсыну.
73. Тарих және мәдениет ескерткiштерi тiзiмдерiне қолжетiмділікті ұсыну.
74. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң археологиялық және қайта қалпына келтiру жұмыстарына байланысты қызметтi лицензиялау туралы ақпарат ұсыну.
75. Жастар саясаты мәселелерi бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қабылдау және қарау.
76. Мемлекеттiк ақпараттық саясат, теледидар және/немесе радиохабарлар таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметті лицензиялау, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну.
77. Саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну.
78. Кiтап маркетингi және баспа-полиграфиялық сала мәселелері бойынша ақпарат ұсыну.
79. Мәдениет, спорт және туризм, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа-полиграфиялық сала және iшкi саяси тұрақтылық мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.
80. Әлеуметтану, саясаттану және өңіртану мәселелерi бойынша мақалалар жариялау.
81. Баспаханалар, көбейту учаскелерiн ашуға, түрлi-түстi көбейту техникасын әкелуге және пайдалануға рұқсаттар беру.
82. Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн эфирге шығару құқығын беру үшiн құжаттар ресiмдеу жөнiндегi консультациялық қызмет көрсету.
10. Дипломатия және халықаралық байланыстар
83. Консулдық заңдастыру мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну.
84. Қазақстан Республикасының визаларын берудiң тәртiбi, дипломатиялық және қызметтiк төлқұжаттарды ресiмдеудiң тәртiбi туралы ақпарат ұсыну.
85. Қазақстан Республикасына (Республикасынан) кiру (шығу) мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау.