2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы))

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналардың:
       398 399 400 401 402-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызметтік қолдану үшін   

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2007 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1224 қаулысына        
398-ҚОСЫМША          

       РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.  

Қызметтік қолдану үшін   

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2007 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1224 қаулысына        
399-ҚОСЫМША          

       РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.  

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2007 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1224 қаулысына        
400-ҚОСЫМША          

618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)             Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Бірыңғай автоматтандырылған
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені құру"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 198568 мың теңге (бір жүз тоқсан сегіз миллион бес жүз алпыс сегіз мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік  кодексі ; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  Жарлығы ; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1686  Жарлығы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, оның жолын кесу және тергеу бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызметтік іс-әрекеттерінің процестерін автоматтандыру; автоматтандырылған тәртіпте қаржы полициясы органдарының Қазақстан Республикасының басқа органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру; қаржы полициясы органдарының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі бар бірыңғай ақпараттық мәліметтер банкін құру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кiші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны
iске асыру
жөнiндегi
iс-шаралар

Iске
асыру
мерзiмi

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

  003

  

Бірыңғай
автомат-
тандырыл-
ған
ақпараттық
-телеком-
муникация-
лық жүйені
құру

Қолданбалы бағ-
дарламалық қамта-
масыз етуді әзір-
леу және басып
шығару, ҚР ЭСЖҚА
БААТЖ оқыту
бойынша қызмет
көрсетуді сатып
алу.
Сатып алу - жиын-
тықталған жұмыс
станциялары,
Notebоок, жүйелік
принтерлер.
Материалдық емес
активтерді сатып
алу, оның ішінде:
- мәліметтер
базасын басқару
жүйесі Оrасlе
Dаtаbаsе Enterp-
rice Edition 10;
- Lotus Notes
7.х тұтынушы
қосымшасы;
- Lotus Domino
R7.х серверлік
қосымша;
- "АФП-ИДЕНТИФИ-
КАЦИЯ" бағдарла-
малық қамтамасыз
ету;
- "АФП-ОБРАЗ++"
бағдарламалық
қамтамасыз ету.

2008
жылғы
қаңтар-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Республи-
касы Эко-
номикалық
қылмысқа
және
сыбайлас
жемқорлық-
қа қарсы
күрес
агенттігі
(қаржы
полициясы)

        7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : экономикалық және қаржылық қылмыстардың ашылуын арттыру; криминалды экономиканың деңгейін төмендету; салық төлеуден жасырынған немесе криминалды айналымға тартылған қаражатты мемлекеттің бюджетіне қайтаруды арттыру; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылық деңгейін төмендету.
      Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі міндеттеген мақсаттарды орындау кезінде қаржы полициясы органдары жұмысы тиімділігінің елеулі өсуі күтіледі, ол өз кезегінде мемлекеттік экономикалық тұрақтылығына және елдің жалпы әл-ауқатының өсуіне оң ықпал етеді.
      Соңғы нәтиже: қаржы полициясы органдарын автоматтандыруды біріктіру және аумақтық орталықтандыру қаржы полициясы органдарының қызметтік іс-әрекетінің ең жоғары тиімділігіне жету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Қызметтік қолдану үшін       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2007 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1224 қаулысына        
401-ҚОСЫМША          

       РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.  

Қызметтік қолдану үшін      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2007 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1224 қаулысына         
402-ҚОСЫМША          

       РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады