Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық кесімдер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының төмендегі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Шортанды аудандық мәслихаттың «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-18-155 болып тіркелген, 2012 жылдың 5 мамырында аудандық «Вести» газетінде және 2012 жылдың 5 мамырында аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешімі;
Шортанды аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № С-13/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3657 болып тіркелген, 2013 жылдың 2 наурызында аудандық «Вести» газетінде және 2013 жылдың 2 наурызында аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы В.Волокитин
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Г.Скирда