Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № С-22/4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық кесімдер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды аудандық мәслихатының төмендегі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      Шортанды аудандық мәслихаттың «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-18-155 болып тіркелген, 2012 жылдың 5 мамырында аудандық «Вести» газетінде және 2012 жылдың 5 мамырында аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешімі;
      Шортанды аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № С-13/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3657 болып тіркелген, 2013 жылдың 2 наурызында аудандық «Вести» газетінде және 2013 жылдың 2 наурызында аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                            В.Волокитин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Скирда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады