РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 4-1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармағына, Ақтау қаласы прокуратурасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 2-110107-14-03921 наразылығына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 02-17-1446 ұсынысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтау қаласы 14 шағынауданындағы облыстық әкімдік ғимаратынан бастап "Ақтау-Бейнеу" тас жолына дейінгі аралықтағы жолды "Тәуелсіздік даңғылы" деп атау туралы" 2010 жылғы 30 қарашадағы қала әкімдігінің № 1147 және қалалық мәслихаттың № 37/334 бірлескен қаулысы мен шешімі жойылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М.Сауғабаев |
Қала әкімі | Е.Жаңбыршин |
Мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |