Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабына және Ақтау қаласының прокуратурасының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 2-110107-16-01619 ұсынысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтау қаласы 14 шағын ауданындағы облыстық әкімдік ғимаратынан бастап "Ақтау-Бейнеу" тас жолына дейінгі аралықтағы жолды "Тәуелсіздік даңғылы" деп атау туралы" 2010 жылғы 30 қарашадағы қала әкімдігінің № 1147 және қалалық мәслихаттың № 37/334 бірлескен қаулысы мен шешімінің (нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-142 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 желтоқсанда № 215-216 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Ақтау қаласы 14 шағын ауданындағы облыстық әкімдік ғимаратынан бастап "Ақтау-Бейнеу" тас жолына дейінгі аралықтағы жолды "Тәуелсіздік даңғылы" деп атау туралы" 2010 жылғы 30 қарашадағы қала әкімдігінің № 1147 және қалалық мәслихаттың № 37/334 бірлескен қаулысы мен шешімін жою туралы" 2014 жылғы 11 қыркүйектегі қалалық әкімдіктің № 1292 және қалалық мәслихаттың № 24/222 бірлескен қаулысы мен шешімі жойылсын.
3.Осы қаулы мен шешімнің көшірмелері Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдарына жолдансын.
4. Осы қаулы мен шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Зәкенов |
Қала әкімі | С.Трұмов |
Қалалық мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |